Өлең-шежіре», «Адай шежіресі»

«Өлең-шежіре», «Адай шежіресі»

«өлең-шежіре» атты жырда Әнес сахабадан бастап, қазақтың шығу тегін айта келіп, Кіші жүз руларына кеңінен тоқталады.

 Аталған шежіренің бірнеше нұсқасы М.о.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтау лы:

Шежіре-өлең. Әөи.Қ:1089. 4-дәп. өлең-шежіре. Әөи. Қ:1063. 4-дәп.

Шежіре. Әөи.Қ:920/62. Қорға 1992 жылы түскен. Жинаушы—Зухра Ахтаева. Көшіріп жазған—Бибігүл исанова.

өлең-шежіре. Әөи. Қ:920/32. Жинағандар: Қ.Саттаров, Қ.Құлпыбаева.

Ал «Адай шежіресінде» Адай руының қонақжайлылығы, кеңпейілділігі айтылады. Жыршы Адай руынан шыққан беделді адамдарды айта келіп, Бекет атаның қасиеттеріне арнайы тоқталады. Шежірелерді жырлаған атақты Жақсылық жыраудың шәкірті—Қылышев Қартбай. ол 1930 жылы Қарақалпақ АССр-і, Қоңырат ауданы, Тасбөгет аулында дүниеге келген. Ал мәтіндерді Құлпыбаев Ерғожаның орындауынан 1978 жылғы Әмудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілері мен этнографиялық материалдарын жинау экспедициясы кезінде жазып алған—Қ.Саттаров пен Қ.Құлпыбаева.

Мәтіндер қолжазбадан [Әөи.Қ:920/32] еш түзетусіз дайындалды. Алғаш рет жарияланып отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *