Қабыл Қамзаның өлең шежіресі

Қабыл Қамзаның өлең шежіресі

Бұл туынды—ұранхай бойын жайлаған Сарыжомарт руының Қабыл атасынан тараған Берғалиев Қамза деген азаматтың  жырлаған шежіресі. Қ.Берғалиев екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан. Аталған мәтінді 1941—42 жылдары майданнан хат түрінде жазған.

Жыршы басқа жыр-шежірелердегідей Адам атадан бастамай, туындыға тек өз руын ғана арқау етеді. оның себебін былайша түсіндіреді:

Қысқаша өз атама тура тартам,

Тым толық болмаса да шетін шалып.

Шығарманың кейінгі дәуірде жазылғаны байқалып тұр. Мәтін 1998 жылы жарық көрген, З.Қожанов құрастырған «Найман шежіресі» атты кітап бойынша дайындалды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *