Қаракерей Мұрын Ақшайықтың өлең-шежіресі
Жырда басқа шежірелер сияқты, Адам атадан бастап адамзат тарихын тізбектей келіп, орта жүз, оның ішінде Найман руы туралы кеңінен айтылады. Мұнда Қазақтан озған, одан ұзақ, ұзақтан Алаш өрбіген деген тұжырым жасалады. Алаштан үш жүздің аталары тарайды. Жыршы осылай қазақтың түп атасын санамалай келіп Найман руының шығу тарихына айырықша мән береді. Жырда Найман руының өсіп-өнуіне үлес қосқан данышпан ана, Найман шалдың келінінің есімі—Әлпіш (өзге шежірелерде Ақсұлу деп аталған). Және де Төлегетайдың төрт ұлының (Садыр, Матай, Төртуыл, Қаракерей) көрген түстерін жоруы аталған рулардың кейінгі тұрмыс-тіршілігін бейне лейді. Жырдың соңғы бөлігі сақталмаған.
Мәтін 1998 жылы жарық көрген, З.Қожанов құрастырған «Найман шежіресі» атты кітаптан дайындалды.