Нұржанның шежіресі
«Нұржанның шежіресі»—қазақ шежірелерінің ішінде алғаш баспа бетін көрген жыр-шежіре. Мәтін 1903 жылы Қазанда Кәрімовтер баспасында жарық көрген Hұржан Наушабайұлы ның «Манзұмат қазақия» атты кітабында жарияланған. С.Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» атты еңбегінде Н.Наушабай ұлы ның қазақ шежіресін өлеңмен жазғанын, оны сол үшін ыбырай Алтынсарин жақсы көріп, ілестіріп жүргенін айтады.
Жырда әдеттегідей Адам атадан бастап тізбектеп келіп, орта жүз руларына ауысады.
Айрылды ұлы жүз бен Кіші жүз боп, осылай шежіреден қалды сөз боп.
Арғын, Қыпшақ, Керей, уақ, Найман, Қоңырат Бөлініп кеттік енді орта жүз боп.
Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан [Әөи.Қ.403.] өзгертусіз дайындалды.