Көкжарлы мен Бура
Жырда Найман руынан тарайтын Көкжарлы және Бура руларының аталу тарихы сөз болады. Бақана мен Бақанастың күндестіктің салдарынан өзбектерге сатылып, ағайыны Саржомарттың көмегімен еліне оралып, ұрпақтары өсіп-өнеді. Бұқар қаласының хәкіміне көкжал ат пен қара бураны тарту етіп, екі баланы азат еткені үшін азан шақырып қойған есімде рі Көкжарлы мен Бура деп атанып кеткен.
Жыр 1991 жылы «Дидар» газетінде жарияланған. Мәтін қолжазба қорында сақтаулы қолжазбадан [Әөи:Қ.1126.149дәп.] өзгертусіз дайындалды.