ӘУЕЗОВ МҰХТАР

ӘУЕЗОВ МҰХТАР (1897-1961) –кемеңгер М.Әуезов өзінің 20-жылда- ры жекелеген еңбектерінде («Ғылым тілі», «Философия жайынан», «Оқу ісі» т.б.) философия мен психология- ға байланысты өз ойларын ортаға салды.

М.Әуезовтің психология мәселесіне қатысты айтқандары, сондай-ақ оның әр жылдары әдебиет, өнер, білім, ағар- ту, мектеп мәселелері туралы жазған шығармаларында да жиі ұшырасады.Бұларда адамның әр алуан көңіл күй- лері, эмоция, сезім, ерік-жігер ерек- шеліктері шығармашылық әрекет үс- тіндегі қаламгер шабыты, тәлімгерлік қасиет, қазақтың ұлттық психология- сы әр қырынан сөз болады. Төменде ғалымның шығармашылық, психо- логиясы мен этнопсихология мәсе- лелері жайында айтқандарына тоқ- талайық. Оның пікірінше шабыт тек өнер өкілдеріне ғана тән қасиет емес, ол кез келген мамандық иесін- де кездесетін ерекше психологиялық күй. Бірақ мұның өзі жазушы мен ақын үшін өте-мөте қажетті сипат. Мұндай жағдай шығармашылық адамында, біріншіден, бойдағы күш-қуаттың зор өрлеуімен, екіншіден шығармашылық соны туындыға құлшыныстың күрт артуынан, үшіншіден, көңіл күйдің шарықтап тасуымен сипатталады. «Жа- зушы қаламынан туатын асыл бұ- йым, дейді М.О. Әуезов, суреткер- дің өзінің жанынан терең алған күй- лерден туады». Мұндайда автор айт- қандай, «алаңсыз көңіл», «ақындық сезім», «ұзақ пісу», «бір жазғанын қай- та-қайта жаза беру», «өзін-өзі сынап қарай беру», т.б. көңіл күйлері шебер жазушы мен майталман ақынға ауа- дай қажет.

Жазушы қаламынан туған әрбір туын- ды, зергердің қолынан шыққан асыл бұйымдай шығармашылық шабыт күйінің нәтижесі. Шабыт, салтанат құрған шығарма ғана жұртты өзіне баурап алады. Шабыт жоқ жерде әл- сіз, сүреңсіз жасық шығарма туаты- ны хақ. Мұндай да кісі сан алуан се- зім күйлерін, небір жан тебіреністе- рін басынан кешіреді, суреттеліп отыр- ған оқиғаға немесе диалогтарға байланысты көңіл күйі мың сан құбыла- ды. Бірде достасып, бірде алысқан, кейде қуанып, керіліп, мәз-мейрам болып немесе ашулы күйік, ыстық жас төгіп, жеңілу мен ұтылу жазасын шеккен, болмаса жеңіс, табыс пен қуаныш, шаттық тапқан, қысқасы ты- нысы былқыған жазушының жүрегі- нен ғана шын шығарма туады.

М.Әуезов жазушы шығармашылы- ғын бірнеше сатыларға бөліп ажы- ратады. Мәселен, қаламгер ең алды- мен өмірмен мидай араласып, оны терең білуі тиіс, мұнысын ол логика- лық пайымдау және қиял арқылы түсіндіре алады. Өмірді дұрыс та- нымай, оны бар болмысымен іштей меңгермей, ақын, жазушыда шабыт тумайды. Екіншіден, шығармашылық өмірді терең білуден, оны үнемі зерт- теуден, үздіксіз жойқын еңбек етуден туындайды. Шығармашылық еңбек

«жүрек қанымен» жазылатын, бейне- ті көл-көсір, рахатынан азабы басым болып келетін ауыр еңбек.

Жазу барысында тек шабыт күйін иемдену жеткіліксіз, мұнымен қатар шығармашылық өкілінде асқан та- бандылық пен шыдамдылық, ғажап бай қиял, қажыр-қайрат, әсерленуші- лік секілді қасиеттер болуы шарт. Көркем дүниенің өмірге келуі де әр- түрлі. Мәселен, кейбір туынды бас- аяғы екі-үш күн ішінде жазылса, ен- ді бірі жылдар бойы жазылады. Әуе- зовтің өзі «Абай жолы» эпопеясын жазуға ұзын ырғасы 20 жылын сарып еткені мәлім. Осы жылдары ғұлама ғалым өзінің бүкіл мінез-құлқын, се- зім-талғамын, қажыр-қайратын ең басты мақсатына бағыттап, рухы мен жігерін күндіз-түні ширатып, асқан табандылық пен шыдамдылықты көрсеткен еді. Ол «талапты, табанды жеңеді» деп жиі айтатын.

Қаламгер өмірден алған түрлі әсе- рін, айталық табиғат сұлулығын, ән мен күйдің жүрек қылын тербете- тін әсемдігін қуанышты не қайғылы жағдайдан туған әсерін аса көркем- дікпен бере алса, шығарманың өз оқырманын тез баурап алатынды- ғында сөз жоқ. Әрине, ақын, жазушы айналасындағының бәрін бірдей қа- былдай бермейді, оларды ми мен жүрек елегінен қайта-қайта өткізіп, өзінше қорытып, өзіндік дүние етіп алады. «Тегінде – деп жазды ол, зор дарынды, ойшыл, білімді, алғыр адамдардың ой-сезімі, санасы, барлық интеллект сипаттары бір-ақ қана ір- геден туады, бір ғана арнадан тарай- ды деп түсінбеймін, өзімізге мәлім сүйікті ұлы жандардың қай-қайсы- сын алсақ та сезім саласын, ой-дү- ниесін қалыптаған негіздер бір жақ- ты болмайды». Шығармашылық әле- мінде ойды жинақтай, синтездей алу әрекеті де күшті дамыған болуы ке- рек. Ол өзінің сезім мүшелеріне әсер еткен түрлі құбылыстарды, не бір- біріне қарама-қарсы тұрған объек- тілерді тәптіштеп сұрыптайды да, жекелеген бейнелердің (образдар- дың) штрих, детальдарын бөлшек- теп, ажыратып, бұдан тұтас, жаңадан бір образ құрастырады. Осындай жол- мен жасалған көркем шығарма ғана адамның жан-дүниесіне енеді де, оның ақыл-ойы мен сезім дүниесін билей- тін болады. Мәселен, өзі сомдаған ұлы Абай бейнесі жұрт армандаған, бар жақсыдан қорытылған асылдың асылы, оның бетіне шыққан нәрі, типтік бейненің сом алтындай сығындысы.Ғұлама жазушының этнопсихология, ұлттық мінез туралы айтқан түйін-тұ- жырымдары да сапалығымен көзге түседі. Ғалым әр халықтың, не ұлт- тың өзіне тән мінез-құлқы, темпера- менті, талғам түсінігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы болатындығын әркез ес- керіп отырған. Ол сондай-ақ, бұл ай- тылғандардың біршама тұрақты да тұрлаулы болатындығын, қоғамдық сананың ұлттық бояуларға қануы қажеттігін айтқан. Автор халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ортақ рухани тіршіліктері (фольклор, тіл, дін, өнер, дәстүр, салт, әдет-ғұ- рып, т.б.) ұлт психологиясының ерекшеліктерін танып-білдіретін бас- ты өлшемдер дейді.

«Қазақ халқының – деп жазды М.О. Әуезов, ақындық қабілет дарыны өмірде ақынның ерекше типін ту- ғызды». Оның «ақынның ерекше типі» деп отырғаны – қазақ өнерінің тарландары айтыс ақындары. Өлең-жырды бірден табан астында жанынан шығарып айту, суырып-сал- ма қабілеттілік, қиыннан қиыстыру- лар, хас шеберлік, тіл байлығы, өз қабілетіне табыну, халқымыздың ұлт- тық психологиясының басты ерек- шеліктерінің  бірі.  Ол халқымыздың

«естірту», «жоқтау», «көңіл айту», «бет ашар», т.б. тұрмыс-салтқа байланыс- ты туындаған өлең-жырларынан да қазақ халқының психологиялық кейпін жақсы көретіндігін, қоғамдық прогресс барысында ұлттық психо- логия өзгеріске түсіп, жаңа мазмұн- ға көшіп отыратындығын да еске салады, …заттық тәрбиелік халықтық жағдайлар, орталар өзгерумен қатар- ласа, ілесе адамның өз психикасы… мүмкіндігінше басқа сапаға  ауысып,өзгере береді, ұлттық ерекшелікті ұдайы қозғалыс, өзгерісте болатын диалектикалық прогресс деп тануы- мыз керек».

Ұлы жазушының мол мұрасында осы айтылғандармен қатар, адам жаны- ның асыл қасиеттерін талдап көрсет- кен салиқалы ғылыми пікірлері аз емес. Психология ғылымы саласында арнаулы еңбек жазбаса да, оны қазақ- тан шыққан жаңа типтегі психо- логтардың бірегейі деп айтуға толық хұқымыз бар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *