ӘСЕРШІЛДІК – көңіл күйге үйле- сімді болып келетін және тартымды- лықпен ықпал ету. Адамның көңіл күйінің тез толқып, сезімге әсер еткен нәрселерге тез реакция жасаушылы- ғы. Адам сезімталдығына байланыс- ты өзіне әсер еткен нәрселердің бә- рін де қабылдап, оларды үнемі есін- де сақтайды. Олардың мән-жайын пайымдап отырады. Ә. адамның кө- ңіл күйінің шабыты, әсерлі, күшті ықпал етуіне байланысты туындай- ды. Дүниенің әсемдігі мен жарасым- дылығына әсерлену адамның көңілін толқытып, түрлі күйге түсіреді, әсем, сұлу сезімдерге алып келеді. Жан дү- ниесіне ұнамды әсер еткен заттар адамды шабыттандырып, ісінің өнім- ді және нәтижелі болуына оң ықпал жасайды. Ә. адамның тек сезімдік танымы ғана емес, оның ақыл-ой ар- қылы танып-білуіне, дүниетанымы- ның өрістеп отыруына әсер етеді.