ӘҢГІМЕЛЕСУ

ӘҢГІМЕЛЕСУ – 1) сөздің комму- никациялы үрдіске негізделе мағлұ- мат алатын психологиялық, педагоги- калық зерттеу әдісі; 2) оқытудың сұрақ-жауап әдісі, жаңа білімдерді алу үрдісінде немесе бұрын алынған білімдерді қайталау мен бекітуде мұ- ғалім оқушының ақыл-ой іс-әрекетін белсендендіру мақсатымен қолдана- ды. Психологияда Ә. адам психика- сының сырын зерттеудегі әдістің бір түрі. Зерттеуші әңгіменің алдына қоятын мақсатқа қарай даярланып, сөйлесетін кісіден жауап алуы үшін сұрақтарды алдын ала ойлануы қа- жет. Ә. барысында сұрақтардың түрі мен мазмұны әңгімелесіп отырған сыналушының өзіндік ерекшелікте- ріне қарай түрленіп отырады. Сұ- рақтар әңгіме етілетін тақырыпты толық қамтып, қойылған сұрақтар сыналушыға түсінікті болуы тиіс. Әң- гімелесіп отырғанда зерттеуші сына- лушының сырт көрінісін бақылап қа- на қоймай, оның сөйлеу ерекшелік- терін, мимикасын, қимылдарын, эмоциялық сезімдерін де байқап отыра- ды. Қойылған мақсаттың мазмұнына қарай, әңгімені бір адаммен ғана емес, бірнешеуімен, тіпті тұтастай топпен өткізуге де болады. Ә.-дің мұндай тү- рі сыналушылардың жауабын бір- бірімен салыстырып отыруға мүмкін- дік туғызады. Әңгімені стенограмма- лап отырса орынды болады. Негізі- нен психологияда Ә. қосымша әдіс- тердің бірі болып есептеледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *