ӘЛЖАНОВ ШӘРАПИ (1901 —1938) – педагогикалық психология ғылымына қатысты көптеген еңбек- тер профессор Шәрапи Әлжановтың қаламынан туындады. Отызыншы жылдары оның мұғалімдерге арнап
«Ес және есте қалдыру мәселелері, ой мәселелері, дағдылану мәселелері» атты көлемді еңбегінде («Халық ағарту қызметкерлерінің білімін көтеру жа- йындағы басты материалдардың жи- нағы», Қызылорда, 1936) шәкірт психологиясының жас және дара ерек- шеліктері жайлы сөз қозғалады, осы салада жүргізген эксперименттік зерт- теулердің нәтижесін оқырман наза- рына ұсынады. Мәселен, мектеп оқу- шыларының ойлау саласында жеке- дара ерекшеліктері жайлы былай дейді: «…бір оқушы өте шапшаң ой- ланып, сұраққа тез жауап береді, тез- деп жауап бермесе де, жайлап барып айтса да түбінде жауапты терең жә- не дұрыс беруінде сөз жоқ».
Ш.Әлжанов бұл жерде түрлі тем- пераментке жататын шәкірттердің өзіндік, жеке-дара психологиясы жай- лы сөз қозғап отыр. Әрине, оның психологиялық көзқарастарында, сол кездегі ғылым деңгейінің жағдайы- нан да болар, кейбір жаңсақ пікірлер де кездеседі. Мәселен, ол 11-12 жас- тағы шәкірттердің есі жаттанды (ме- ханикалық) түрде көрінеді дейді, олар түрлі өмір құбылыстарын, көрген- білгендерін, естігендерін сырттай жа- лаң еске тұтады, мағынасына мән беріп жатпайды.
Осыған орай дерексіз, абстрактілі ұғымдарды түсінуге олардың шама- сы жете бермейді, құбылыстың мән- мағынасына түсіну, терең ойлану, логикалық есте сақтау кейінірек қа- лыптасады дейді. Әрине, мұндай тұ- жырымдар ол кездері жалғыз Ш.Әл- жановтың басында ғана болған жоқ. Тіпті белгілі психологтар П.П.Блон- ский мен Л.С.Выготскийлер де сон- дай жаңсақ пікірлердің шырмауын- да болғаны белгілі.
Мәселен, П.П.Блонский оқушылар- дың сабақ үлгермеуі тұқым қуалау- шылыққа байланысты, мұнда оқу- шылардың ата-анасының дене бітімі, ақыл-ойы кеміс, яғни кемақыл, тіпті оның денесінің салмағы да жеңіл, бойы аласа, кеудесі қушық болып ке- леді деп қате тұжырымдаған еді. Ал бастауыш класс оқушыларында абстрактылы ойлау, мағыналы ес- те сақтау процестерінің орын алаты- нын 70-жылдардың басында Кеңес психологтары профессор Д.Б.Элько- нин, В.В.Давыдовтар эксперимент жүзінде дәлелдеген болатын.
Ғалым психологиялық мәселелерді өз еңбектерінің қай қайсысында бол- масын кең пайдаланып отырған. Мә- селен, оның «Оқу кітабы – комму- нистік тәрбие беру жөніндегі» (По- литехникалық мектеп, 1933, N4), «Эс- тетикалық тәрбие негіздері» («Ауыл мұғалімі», 1933, N4), т.б. мақалала- рында жалпы психологияның көп- теген теориялық қисындары жеке- леген терминдік сөздер біршама сөз болады. Ш.Әлжановтың психология- ға байланысты көзқарастары кезінде психолог С.Балаубаевпен бірлесіп профессор А.Б.Залкиндтің «Психо- логия» атты оқулығын аударған ке- зінде психологиялық терминдердің мазмұнынан жақсы байқалады. Күні бүгінге дейін өз құнын жоймаған осы қолжазба Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің қо- рында сақтаулы тұр.
Педагог-ғалым тәлім-тәрбие тарихы- нан да бірнеше еңбектер жазды. Бұ- лардың қатарына әлемдік педагогика ғылымының классигі Я.А.Коменский, сондай-ақ қазақтың ұлы ойшыл- ақыны Абай Құнанбаев туралы жаз- ған мақалаларын жатқызуға болады. Оның «Абайдың педагогика туралы көзқарасы» («Әдебиет майданы», 1934, N4) атты мақаласы кезінде жұрт шылық назарына түскен еді. Өнер мен білім, ғылым мен мәдениет са- ласында тамаша талантымен таныл- ған Ш.Әлжанов жеке басқа табы- нудың құрбаны болды.