ӘЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКҰЛЫ

 

ӘЙТЕКЕ БИ БАЙБЕКҰЛЫ  (1644-1700). Кіші жүздің ұлы биі. Оның психологиялық түйіндерінде адам- ның ақыл-ой ерекшеліктері, тұлға- лық қасиеттері, мінез ерекшеліктері әр қырынан сөз болады. Мәселен, ол «Ақыл деген – дария», «Ашу бар жерде ақыл тұрмайды», «Ашу де- ген – ағын су» т.б. сондай-ақ, адам- ның  жеке  қасиеттері,  туыстық қарым-қатынас қасиеттері, («Кісі бірге туыспау керек, туысқан соң сөз қуыс- пау керек», «Сөз қуған пәлеге жолы- ғады» т.б.) имандылық, адамгерші- лік, қайырымдылық мәселелерін қоз- ғайды («Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін, бай болып елге пайдаң тимесе, батыр болып найзаң дұшпанға тимесе, жұрттан ала бөтен үйің күйсін» т.б.). Әйтеке би жігіттердің жақсы жаман қасиеттері туралы да сындарлы пікір айтқан. «Жігіттің жақсысы дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *