ӘЗІЛ-ОСПАҚ

ӘЗІЛ-ОСПАҚ – бір адамның екінші бір адамды ұялту, сөзге аралас- тыру не тоқтату үшін айтылатын ұрымтал да астарлы, көңілді де күлкі- лі, логикасы мықты сөз тіркесі. Бұл болмысқа, әр түрлі құбылыстарға, нақ- ты оқиғаға қатысты өзіндік көзқа- расты білдірудің, оған баға берудің бір түрі. Бұл жәйт адам психологиясын, оның тапқырлығы мен шешендігіне, кез келгеннің назарына түсе бермейтін, жәй жағдайда елене бермейтін, түймедейден түйедейді көре  алатын,

«сөз тапқанға қолқа жоқты» өзіне ұстаным еткен, біреуді сынап-мінеу- ге құмар (бірақ тәлкек етпейтін) адам- дарға жарасып тұрады. Өмірдегі әр нәрсені іліп-шалып, шын ниетпен, көңілге ауыр тимейтін әдемі «әзіл- оспақ» ретінде жүзеге асып отыра- ды. Дегенмен әзіл-қалжыңның уыт- ты, кісіні шымшитын, Ахмет Байтұр- сынов айтқандай аямай шағып ала- тын түрлері де болады, бірақ бұлар- дың қайсысы болмасын көңілге қаяу түсірмейтіндей болғаны абзал. Қал- жыңның мұндай түрлері юмор деп аталады. Соңғысы, сезім-эмоцияның молдығын, тапқырлықты қажет етеді, ақыл-ойдың, білгірліктің жемісі әзіл- оспақтың қарапайым түрлер құрбы- құрдас, жезде мен балдыз, жеңге мен қайын, құда мен құдаша арасында айтыла береді. Сондай-ақ ол отбасы, ошақ қасы, той-томалақ секілді түрлі отырыстарда да орын алып жатады. Сайып келгенде әзіл-оспақ негізінен сөз қағыстыруды әдетке айналдырған адамдар арасында өріс алып отырады. Бірақ  дана  халқымыз  жас ұрпаққа

«Әзілің жарасса атаңмен ойна» деп әзіл-оспақты кек тұтпай, әркез қолдап отырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *