ӘЗІЛ-ӘЖУА

ӘЗІЛ-ӘЖУА – психологиялық мән- мазмұны бар ұғым. Ә-ә. адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қал- жың, күлкі, мысқыл түрінде жиі қолданылады. Олар сықақ, мысқыл, келеке, күлкі түрінде кездеседі. Адам- ның сезімі мен осал тұстары ныса- наға алынады. Кейде бұларды күлкі- ге айналдырып, әзіл-оспақ форма- сында айтатын кездері болады. Ә-ә- да адам біріне-бірі көңіл күйлерін, ой-пікірлерін зілсіз сөздер, қалжың- әзіл арқылы жеткізіп отырады. Тіпті олар бір-бірін қоштай, қошеметтей отыра мінездегі міндерді, ұнамсыз сипаттарды әжуалайды, адам міне- зіндегі ағаттықтарды сықақ, мысқыл сөздермен түйреп отырады, осы ар- қылы кісінің іс-әрекетін, сөйлеген сө- зін, жүріс-тұрысын бақылап отырады. Ә-ә. етудің өзіндік әдептілік шегі мен нормалары бар. Орынсыз айтылған әзіл-оспақ, мысқыл сөз адамның ашу- ызасын тудырып, мінезіне теріс ық- пал етуі де мүмкін. «Әзіл – әзіл түбі зіл» дейтін мәтелді үнемі есте тұт- қан жөн.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *