Кіші жүз шежіресі
ойланып, cөз жазайын біразырақ, Ау, халқым, көңіл қойып, салсаң құлақ. Келтірсе, қиял—сөздің ой, жобасын, Міндетті әр лебізге тіл менен жақ. Пенде жоқ басын кемге қойып жүрген, Әркімнің бар көңілі өзіне шақ.
Жақпаса, күліп сырттан ат қояды, Пұт сөзден табылса мін, жалғыз қадақ.
Сондықтан мазмұнына түгел қара, 10 Күмістей тартылады сынға келсе бірақ. Нұртуған Жақайым да өтті шайыр, Секілді аққан дария, түпсіз бұлақ. ондаймен озат, жүйрік болмағанмен, Сөзімді салып тұрмын, көпке сынақ. Заманның бұлбұлы бар тұрған сайрап, Миуадан пісіп тұрған, алған жарнақ.
Жыршы, ақын халық ішінде көбейген соң, Сондықтан жүріп едім, салқын тартып бірақ.
Келгенсін жас жер ортаға шамаласып, 20 үлгілі кейінгіге сөз қалдырмақ.
Айтайын өткендердің әңгімесін,
Тыңдаушы, құмарсынған, таныс құлақ.
Мен бастап, Кіші жүзден жырлайын жыр,
15-83
Бұл сөзді қайдан таптың, деме бірақ. Әйтеке, Сарынта, Жылқайдарды жыр етейін, рухы риза болсын, өткен әруақ.
Айтайын Кіші жүздің батырларын, өзімше білгенімді қалдырмай-ақ.
Адам көп өздерінше батырсынған, 30 Қолына «шоқпарым» деп алған таяқ.
Адамның ішінде бар—бәрі батыр, Болмай ма, ер жігітке жау да сынақ. Және де шежіреде айтылады, Жүремін ата жөнін кімнен сұрап.
Білгендер сұрай қойсаң, етеді мазақ, Даңдайсып, бірдеңені білгендей-ақ, Білетін өзінен басқа жан жоқтай-ақ.
Бұл сөзім болсын нұсқа кейінгіге, Жинадым сөз желісін жасымнан нақ, 40 Жүрмей-ақ құрға босқа салдыр-салақ.
Шайыр көп ел ішінде жүрген босқа, Сөздері жарияға жайылмай-ақ.
Бұл сөзді, оқығандар, жадыңа ал, Түйсіксіз болма, жастар, ақпа құлақ.
Жазушы атым—Қарман Сұлтанұлы,
Бұл сөзді жазған кім деп болса, сұрақ.
Сөзімнің енді мынау—бастамасы, Шайырдан кейінге қалар сөз нұсқасы.
Айтылар айтушының сонда кеулі,
50 Тыңдаушы халықтың болса ықыласы.
өткенді еске салып, тауып айтса,
Шайырдың халқына тиер көп пайдасы.
Қияннан қисындырсаң сөз саласын, Кеміс емес айтушының сөз бағасы.
Көнеден сөз білетін болса қартың, Тұрғандай төр алдында шарайнасы.
Жазайын өлең мен жыр, етіп ермек, Қолыма қалам алып, жазып хатқа, Не керек қарап жату, бекер босқа.
60 Айтайын Кіші жүздің әңгімесін, Кейінгі жастарыма болсын нұсқа.
Мен бастап, Кіші жүзден айтайын сөз, Тарқатып көңілден шер, айтылсын жыр. Жазыңдар күміс жырды толқындатып, Бар шығар, ел ішінде білетіндер.
Бас бағып, жарда жатқан жарғанатша, Біреулер білсе дағы үндемей жүр.
Білмейтін арты күлген бөктергіге, Табынып, тау екен деп тақымдап жүр.
70 Бәзбірі түсінбей-ақ босқа күлер, Жақсыдан шықпас лебіз, іші білді. осындай мағынасын айтып сөздің, Халыққа ашып көңіл, айтсын сырды.
Шығармай ішкі сырын сақтағанмен, Бір күні ажал келсе, алады жер. Жолдастар, не дегенмен тыңда сөзді, үйреніп арғы, негіз атаңды біл.
Білгендер ішке түйін сақтамайды,
Адамдар бар жарқын жүзді, ашық көңіл.
80 өлмесе, ата-бабаң қайда кетті, Басыңнан өтед дәуір, оны да біл.
Арғы атаң Жанарыстан—туған Алау
Білгенімді Кіші жүзден, айтайын бұл. Ал, көңілім, сөйле тілім, қиялға кел, Талпынып, талаптанды біздің кеуіл.
Батыр Алау
Халайық, енді айтатын, сөзім мынау:
Кей адам ата-тегін білмей жүріп.
Мысалы жерден жарып шыққандай-ақ, Туыпты Алау батыр әл-Алшын, Арғымақ.
90 Мінеки, сол Алаудан шыққан тарап.
Айтайын сонан бергі ел арасын, Білмейтін халық ішінде болмай қимақ.
Баласы Кіші жүздің—батыр Алау, Ту ұстап, тау түбінде мұқатқан жау. Қатарлас ел ішінде болса шатақ, Алдынан жібермеген өткеріп дау.
ол күнде өзбек, тәжік, моңғол, қалмақ— Бәрі де бізге дұшпан, шықса қаяу.
Сескеніп, қорыққанынан дұшпандары, 100 үстінен баса-көктеп өтпесін жау. олжалап, қалмақ елін шауып жалғыз, Айдапты адамдарын топтап жаяу.
Баласы Жанарыстың—Алау батыр,
Кенжесі үш арыстың болғаннан соң,
Атанып «Кіші жүз» деп келе жатыр, Шығыпты Кіші жүзден Алау батыр.
Халық болып сонан тарап келе жатыр,
Туыпты Алау батыр—Алшын, Арғымақ, Ақ орда, жүрген жерге құрған шатыр.
110 Жетіру Арғымақтан Жағалбайлы Сарыарқа—кең даланы жайлап жатыр.
Туыпты Арғымақтан Төлеу мырза, Сабырлы, салтанатты, халық риза. Құралып жеті ру ел болыпты, Нанбасаң, қариялардан сұрап қара.
Айтайын Жетірудан талдап тағы, Халайық, құлақ салып естісең сол. Туса да Арғымақтан жалғыз Төлеу, Жетіру—жеті сала ел болды бұл.
120 Кемеңгер—тәуір адам екен, ақылы мол,
Естіп Жетірудан білгенім осы, Көп әңгіме естімедім, жазуға мол.
ұмтылып көңіл, шіркін, талпынғанмен, Жетпейді алыс жерге, ұсынса қол.
Жетіру мыналар: 1. Төлеу. 2. Жағалбайлы. 3. рамадан. 4.Табын. 5. Тама. 6. Кердері. 7. Керейт.
Табыннан Сәрке батыр батыр шыққан. Сәркеден Бекайдар, Бекайдардан Байқадам, Байқадамнан Сейіл, Сейілден Бек құлы, Бекқұлыдан Жанұлы туады. Тамадан Есет батыр шыққан.
Айтайын, енді әңгіме Алшыннан деп, ол кісі әрі батыр, әрі ақылды, Кісі екен кеңпейілді, Құдай берген. Тасқындай даладағы құралысып, Бәрі де Алшын ерге деп келіскен, 130 Паналап қарауында жүре берген.
Жайлауы—Ботақараның сары даласы, Келмеген қарсысына жан баласы. Қорғаған қарауындағы елді аман, Адамның солар екен—ер данасы.
Туыпты сол Алшыннан Қыдуар тентек, Ағайын-туысының тынышын алып.
Қолына шоқпар ұстап, алған келтек,
Қарадай қарауындағы айырылды деп, Сол күнде халық шулап, қылған өсек.
140 Құдабайдан Байұлы мен Табын, Кесек Айырып шекарасын айту керек.
Байұлының шын аты—Қыдырқожа,
Байұлы он екі ата өніп-өсіп,
Киев пен Астраханды жайлап жатыр. Батылдық, ақылымен халық қорғап, Шығыпты Байбақтыдан Сырым батыр.
үлгілі халқына нақыл айтқан сөзі, Белгілі халық аузында келе жатыр.
Тарайды Байұлынан Адай, Баршық, 150 Жүреді өзі тентек, қыңыр жүріс. Және де іске кетуі Текебай тентек, Қосылса адамменен басы келіс. «Танысаң—Адайыңмын, танымасаң— Құдайыңмын» дейді екен, сөзі шалыс.
Туыпты Байұлынан жеті бала, Аттарын мен айтайын, оқып қара: Шын аты Байұлының—Қыдырқожа, Туыпты бәйбішеден—бұл үш бала.
1. Қыдырcиық. 2. Бақтыcиық. 3. Сұлтанcиық. Екінші әйелінен Жаппас туады. үшінші әйелінен Алшын туады. Баршабике деген қызынан Адай туады. Жетішынтақ деген жаудан әкелген әйелден Беріш туады. Қыдырсиықтан Айcиық туады. Бақтыcиықтан Серкеш туады. Сұлтансиықтан Байбақты, Тана, Қызылқұрт, Масқар, Алаша—бес бала туады. осылармен он екі ата Бай баласы болып атанып жүр.
осымен Бай баласын баяндадым, 160 Айтуға білгенімше аянбадым. Енді мен Қаракесекті баяндаймын,
Туыпты Қаракесектен Әлім, Шөмен Мінеки, тыңдасаңдар соған келдім.
Қаракесектің шын аты—Қадырқожа,
Енді мен Қаракесекті баяндайын, Білгенше қолдан келсе аянбайын. өлең-жыр—ата кәсіп—еткен ермек, Суырылған жүйрік емеспін сөзге дайын.
Туыпты Қаракесектен Әлім, Шөмен, 170 Байсары бір баласын айырмайын.
Тыңдасаң құлақ салып, жамағаттар, үйінен жүкті келіп туған екен, Атамыз осы араға еткен күмән. Болса да өз қалыңдығы, сенгіштік аз Деген бар білмегеннің іші тынар.
Болмаған екеуінде сүйіспендік, өзінің әні сондай қылығынан.
Әйелі ауру болып, қаза тапты, Байсары баласы екен сонан қалған.
180 Жоқ жұртқа өзі жарлы адам екен, Бұрынғы қайынатасына тағы барған.
үйінде екінші қызы тағы бар-ды,
Қызының қылығынан ұялғаннан Атамыз жақсы адам екен көңілі пейіл,
Сондықтан бермеймін деп айта алмаған.
Қаракесектің екінші алған әйелінен Әлім мен Шөмен туған. Қағазсұлудан Кете туады.
Не дегенмен Байсары Қаракесектің баласы. Әне, сондай өсек бар,
Халықтың айтқан жаласы.
190 Бір жолменен қарасаң, Әлмен Шұғаның ағасы. Бозаншар мен Майлыбай— Байсарының баласы.
Бозаншадан Адамқожа,
Адамқожадан тарады сары екі бала Халықтың жоқ таласы. ұжымды әрекетте екен сол Екі елдің саласы.
Майлыбайдан бала жоқ,
200 Жойылмасын деп атағы ұранға қалған шамасы. «Майлыбай» деп ұран айт, үш Кетенің баласы.
Дем бітсе деген бар ғой ажал алмас, Байсары содан кейін өлді дейді.
Жаратқан бұйрығынан адам қалмас. Әйелін Әлім алып некелетті, Деген бар «аға өлсе, жеңге мирас».
Әлімнен туған екен Тегінболат,
210 Айтып жүр «Ақкете» деп халық арасы:
Әлімбет, Айдар деген екі баласы.
Әлім өлген соң, Кетебикені Шөмен алған. Шөменнан Түменқожа туған. Тайқожа жас болып, шешесінің соңынан еріп, Шөменнің соңынан кетеді. Сондықтан Шөмекейге қосылып, саналып жүр. Байсарының тұқымы ұжымды әрекетте дейді. Әлімнің баласы Тайқожаны «Ақкете» дейді. Шөменның баласы Түменқожаны «Қаракете» дейді. Барлығы «үш таңбалы Кете» болып саналады. Майлыбай—батыр адам. Жауға шапқанда «Майлыбай» деп шабады екен. Бозанша Майлыбай баласыз кет ті деп, атағы жойылмасын деп Кете халқына ұран етіп қалдыр ған. Майлыбайдың жаудан алып келген екі баласы болған, Сәмен, Сәтбай деген. одан Асан, Жанбақты деген екі бала туған. одан Қарабазар, Киікші деген екі бала туған. Құлыс Асанға енші лес болған бала екен. осылардың бәрі кете халқына қосылады. Кете деген атақтың қалмай жүрген себебі—анамыздың аты Кете бике екен. үш таңбалы Кете содан туған екен.
Құлы екен Майлыбайдың Сәмен, Сәтбай, Күнгіге жейтін тары—ауыр батпан. Күнгіге отын, түйе, томар үйіп— Сол екен Майлыбайдың отын жаққан.
Жейді екен бір өзі қойдың етін, Ат алып жүре алмайтын ауырлықтан. Кісі екен жібермейтін жауға малын, өлгенше Майлыбайдың малын баққан.
220 Сәтбайдан туған Жанбақты өзі ауыр салмақты. Жаныңа қатты батады деп, Сала қойса қармақты.
Мойнын жұлып алад деп, Кездесе қойса, қалмақты. Заманында бұлар да,
Кете халқын қорғапты.
үш таңбалы Кетенің Халқы болып орнапты.
230 Асанына еншілес бала—Кете Құлыс, Бірыңғайлы жүреді екен, өзі бұрыс.
өзі тентек кісі екен, іздегені—кіл керіс.
Атады екен насыбай,
Шақшасы—нақыштаған алтын, күміс. отырмайды дейді-ау болмаса, үйде тыныш, Алыпты Кете халқынан бұ да қоныс.
Шөмен туралы
Кетені осы арадан доғарайын, Ал енді Шөменнен шығарайын.
Білгенше айтар сөзге жалықпайын, 240 Бергендей әдейі айтар елдің жайын.
Туыпты Шөменнен екі бала—
Шөмекей, өтей-ді,
Білмесем айтып оны не қылайын, Қатарлас, қоныстас ел—бұл ағайын. Бір баласы ойыт екен, онан тұқым жоқ екен. Қалдырып оны ұранға, Атағы оның өшпесе екен, өшпейтін жағын ескерген.
Шөмекейдің Аспан, Бозғыл, Тоқа, Көнек—төрт баласы болған. Тоқадан Бескем, Қармыс, Есқара үш бала туады. Аспаннан Боқай, Төбет, Нияз—үш бала туған. Бозғылдан Сары, Торыбай,
Келдібай, Қайқы, Қаратамыр—бес бала туады. Торы атамыз дан Сарықасқа, Сарықасқадан Жәрменбет, Жәрменбеттен Қуан, Қуаннан Жүрген, Жүргеннен Дәгдір, Дәгдірден Торы, Торыдан Тамырбек, өтебай, өтебайдан Жарымбет.
250 Айтып болдым Шөменді,
Айтайын енді Әлімді, Алты Әлім халыққа мәлім-ді. Баяндайын елімді, Білдірейін жөнімді.
Бір хикаят жазып шығуға, Байлап тұрмын белімді. Алты Әлімді анықтап, Шығарайын шерімді.
Кім білсін менің жайымды,
260 Арқам қозып, желіксем, Жел сөзім екен дайын-ды.
Халықтан асқан ақылды, Әрі артық батырды, Айтайын енді елімді.
Әйтелі, Сартай, Жылқыайдар, үш жүзге де мәлім-ді. Арқасында солардың,
Баспаған дұшпан жерімді, Жау алмаған елімді.
270 Сол ерлердің атынан Тыңдасын халық сөзімді. Ауызба-ауыз сөйлесіп, Көргендей болып көзімді.
Арқасы қозып, шыдамас, Жігіт болса, сөзімді. ұранына қызбас Адай жоқ, Болса да қанша төзімді.
Қалам алып көсіліп,
280 Айтайын ерлер—соныңды.
Естігенім халықтан,
Көрмесем де көзіңді.
Әлімнен Балтық туады. одан Жаманақ, Тар, Амансақ, ұланақ, Айнық, Темірболат, Құлтелі, Сасық. Жаманақтан Шыңғыс, өріс, Баубек—үш бала туады. Шыңғыстан Жақайым туады. Шыңғыс жастайын өліп, одан Жақайым жас қалады. өріс пен Баубек Жақайымды ағасының орнына аға тұтады. Соның бәрі—аға баласы болып аталып кетеді. Жақайымнан Ағыс, Көгіс, Ақбура, Шалбура—төрт бала туады. Назарша Жақайымнан елшілес болған бала дейді. Біреулер Жақайымның екінші әйелінен болған бала деп таласып жүр. Жақайымның Көгісіне келіп, елшілес болған бала, бұл да Жақайымның баласы болып саналып жүр. Ағыстан Құлмамбет туады. Құлмамбеттен Жарық, Көгеніш, Қарабас—үш бала туады. Көгістен Бәйімбет, Келімбет, Тұрмағамбет—үш бала туады. Бәйімбеттен Анда құл, Бадық, Ақтеке, Жәдік—төрт бала туады. Андақұлдан Сары, Бұқынға, Боқан, Надыр—төрт бала туады. Бадықтан Құрмансейіт, Сәйгіге, Дүйсебике—үш бала туады. Ақтекеден Құлмамбет, Құлмамбеттен Ақайдар, Андар, Паслок, Постар— төрт бала туады. Айдынбеттен Тентек, Бори, Тәңірберді—үш бала туады. Тәңірбердіден Елісбек, өтеп, Күңке—үш бала туады. Андайдан Меркелді, Елдай, Ақынтай, Қызтуған—төрт бала туады. Паслок, Постайдан тұқым жоқ. Түсімбайдан Мәлін, Қарттан, Күшімбет—үш бала туады. Мәліннен Бодақ туады. Қартайдан Быламық туады. Күшімбеттен Қарабатыр, Наурыз, ораз, Шыбынтай—төрт бала туады. Қарабатырдан Байшаған, Байшағаннан Нұралы, Нұралыдан өтініш, өтініштен Жылқа ман батыр туады. Ақбурадан туады. Асанның бәйбішесінен иттай, Шағыр, Есет, Шаруз, Басы бес бала туады. Бартағрам, Сағым, қазақ бәйбішесі Асанға еншілес болған бала, екінші әйелінен Шатырқұл, Қосқұлақ—екі бала туады. Шатырқұлдан Ағыс, Құсқұлақтан Алтынбай, Мергей, Байжан—үш бала туады. Байжаннан Балтабай, Малтабар, Малтабардан Бесен, Бесеннен Сабатыр, Мысадан, Майтөкеш, Тоқырадан Берешқұл, Берешқұлдан Қиық, игілік, Балталы, Жаманша, Келіс—бес бала туады. Қиықтан Мыртта туады. Мырттадан Ақбай, Тоқпай, Мәден—үш бала туады. игіліктен Құтпай, Татпай, Қойлыбай, Бөлек—төрт бала туады. Құтпайдан Мыңбай, Мыңбайдан Толыбай, Толыбайдан Көтбай, Көтбайдан Жарбол ақын туады. Балталыдан Майлыбай, өтеп, Мырзәлі—үш бала туады. Жаманшадан итемен, Бадам—екі бала туады. Келсітен Қожас, Шаңырақ, Март—үш бала туады. Қожастан Бапы, Сырлыбай, Байнар, Текке, Жамансары—бес бала туады. Шаңырақ аз өспей қалады. Марттан Сүгір, Хәмет—екі бала туады. Сүгірден Маңысбай, Тарыдан Байғұл, Төңіш туады. Байдан Ақша, Шалман, Жалаңаш, Бәйбек, Жолды, Маймақ—алты бала туады. Сырлыбайдан Жылқайдар, Жылқайдардан Бәйіш, Бәйіштен Байсалбай, Байсалбайдан Әрмеңкеғұл, Әрмеңкеғұлдан Сейіт, орыстан Есенәлі, Айдар—екі бала туады. Есенәліден Кішкене мен Палуан туады. Кішкененің бірінші әйелі Қоңырдан Желне, Жолшора, Асан, үсен—төрт бала туады. Екінші әйелі Құлбикеден Құрманай, Құттық—екі бала туады. Женнейден Алдабарлы, Әлмембет, Қожагелді—үш бала туады. Жолшорадан Құдияр, Сары—екі бала туады.
Асаннан Сырлыбай, Құдайберді, өтеп, Молдасан туады. Сырлыбайдан Матынғұл, Қожаберді, Дәулетбай, Мәметек, Қожаберген, Баймырза—бес бала туады. Мәттіғұлдан Нұрғай, Тоғыс, Қалыбай, Баққай, Құрымбай, Көбек—алты бала туады. Дәулетбайдан Қарамырза, Баспек, Есімбек, Абыз, Қожағұл— бес бала туады. Құдайбергеннен Сүйірқас туады. өтептен Болдасан, Қожамбай туады. Құрманайдан Түлкешек, Бабақ, Қожет, Жоламан, Сәрік—бес бала туады. Құттықтан Майдан, Қайдауыл, өмақ, Кенжеғұл, Алдияр—бес бала туады. Майданнан Құлжақан, Құлжақаннан Киікбай, Киікбайдан өтеген, Нұрымбет, Нұрымбеттен Жаңақожа, Жаңақожадан итжемес, итжеместен Айтуған, Айтуғаннан Айдай, Бектен, Алтынбай, Күлік, Ардана, Тасырар—төрт бала туады. Алтынбайдан Түйтте, Түйттеден Андағұл, Сары—екі бала туады. Андағұлдан Көнсадақ, Көнсадақтың шын аты Ершотай екен. Көннен садақ істеп Көнсадақ атанып кеткен екен. «Көнсадақты тартысқанда, Көкшолақты шапқанда көр» деген мақал содан қалыптасқан екен. Сарыдан Андабай, Жаманша—екі бала туады. Андабайдан Балтікен, Байбек, Қара, Жәнібек—төрт бала туады. Жаманшадан Батый, Байымбет, Сасық, Сырымбет—төрт бала туады. Күліктен Жамангөз, Берше екі бала туады. Жамангөзден Жанкесай, Жанкесайдан Танба, Қатпа, Қатпадан Бектай, Бекетай, Сыдық, Бершеден. Татыранның бірінші әйелінен Ақтатыр, екінші әйелінен Есен, Анатыр туады. Ақтатырдан Жақсылық, Шоң—екі бала туады. Таятырдан оразбай, Түмен—екі бала туа ды. Екінші әйелінен өтебай, Сатай—екі бала туады. үшінші әйелінен Құдабай, Тұңаша—екі бала туады. Барлығы алты бала болады. өтебайдан Тәпек би туады. Арданадан Ішей, Балтық—екі бала туады. Ішейден Есенқұл, Манды, Әлімбет, Балтықтан Беркіт, Дәулет. Мәңку—Жақайымның тауып алып асыраған баласы. Мәңкуге әйел алып береді Зеріп деген. одан Бөлек туады. Бөлектен Айт, Бұжыр—екі бала туады. Айттан Тілеу, Қабақ—екі бала туады. Бұжырдан Назар, Шөре—екі бала туады. Тілеуқабақтан Көтбай, Арыстан—екі бала туады. Мәңку өлген соң, Зеріпті ұрыс сұрап алады. ұрыс алған Зеріптен Есенәлі туады. Баубектен Көкбөр, Темір, Бапты, Жаңғылшы—үш бала туады. Көкбөрден ештеме жоқ, Жаңғылшыдан ештеме жоқ. Темірбақтыдан Алагөз, Меңсейіт, Балапан, Сейіт—төрт бала туады. Сейіт қыздан туған бала дейді және Балапаннан Бестайлақ, Қанай, Аралбай, Таңбай— төрт бала туады. Бестайлақтан Шарабас, Батыр, ал Аралбайдан Көтенбай, Қостай, Батыршына, Арбашақтан оразгелді, оразжан, Шүкір, Қарашы—төрт бала туады. оразгелдіден Добал, Добалдан Қараған, Қарағаннан Талшеккен туады. ораздан Бақшақ, Кенжеш—екі бала туады. Кенжештің бірінші әйелінен ұлықбай, Айдарәлі, Құлбатыр—үш бала туады. Екінші әйелінен Қашан, Тұғыр туады. Кенжесінің бесінші баласы Сексен деп атап жүр. Жаншүкірден Сабатай, Сабатайдан Милық, Милықтан Қасым, Тұрым, Қойлыбай—үш бала туады. Қасымнан Қаракісі, Мәзи, Баспай, ұлжай, Байұзақ—бес бала туады. Тұрымнан ырыскелді, Айт, Қожас—үш бала туады. Қойлыбайдан Шаудыр туады. Тараштан Апақ, Тоқсан—екі бала туады. Апақтан Күзкен, Құлшас, Құлағай, Шынтас—төрт бала туады. Шынтас «Ақкиіз» атанып жүр. Тоқпаннан Тоғас, Шобан, Жоламан, Сейітқұл—төрт бала туады. Сейітқұлдан Байбек, Қанысбек, Шал, Бекпенбет, Жалаңқара, Бүкеніш, Дүйсен, Дүйсеннен Мантай балалары туады. олансақтан тұқым жоқ. Қайыншықтан Сарбас туады. Сарбастан Бақтыберлі, Текеболаттан Түсірған, Шігір—екі бала туады. Бақтыбердіден Абыл батыр, Шығай, Күлтелі, Сасықтан Есіл, Тобыл—екі бала туады. Есілден үңғұт, Жолай—екі бала туады. үңғұттан Естек, Таяныш, Жанақ—үш бала туады. Жолайдан Есенгелді туады. Тобылдан Тепей туады. олар бұл жақта жоқ. Алтыншы Әлім нің кей атасы «Қаракесек» аталыпты.
Сейітқұл өз еліне хан болыпты, ықпалы жүріп, басына бақ қоныпты. Кәріп пен жетімдерге қарасатын, Хан болған заманында әділетті. Аздырып-тоздырмастан халқын бақты, Әділет, саясатпен халыққа жақты.
Баласы Сейітқұлдың Сегіз дейді, Сегіз бай, сырбаз, семіз дейді.
290 Байбекті ақылы бай адам дейді, ол дағы елдің азбас қамын жейді, Арамза ел болды, малын жейді.
Бір баласы Сейітқұлдың Байбек деген. Дұшпанға адам дейді әрекетпен, Халқы «хан баласы» деп құрметтеген. Халқына қайыр болып мейірмандай, Әрдайым халқының қамын жеген.
өтіпті халқы тыныш, елі бейбіт,
Басынып сырттан келіп, жау тимеген.
300 Туыпты сол Байбектен Әйтеке би, Шығады артық адам, асыл тектен. Бақ-дәулет, мал, перзенттің бәріне сай, Әйтеке бәрінен басып өткен.
Сымбатты, келісімі келген адам екен, Атадан артық туған, ақылға кең. Тайынбай сөйлейтұғын топты жарып, Кісі екен өзі айтқыш, тілге шешен.
үшқайнар—ағып тұрған бұлағы анау, Жайлайтын Әйтекенің мекені екен.
310 Жағалай саясына бие байлап, Халық жиып, сары қымыз ішеді екен. Халықтың ел қорыған жақсылары үйіне Әйтекенің түседі екен.
Жаз жайлап, қыс Қызылға көшеді екен, Астына мінген жорға Ақтанкері. лайық ат би мінуге жүрісі жайлы, Шайқалып су төгілмейд ары-бері.
Алдынан ұшқан құсты кесе басады, Тарқайды үстіне мінген адам шері.
320 Тебінгі былғарыдан көксауырлап, Күмістен ұста соққан алтын ері.
Барады дейд айшылық жерге бір аптада, Жұламлап сауырынан аққан тері.
Көрмеге қойған нақыштап, Белінде алтын кемері, ұстаның соққан өнері. Ат-сайман түзеп алып Әйтекенің үш жүздің жиылысына жүрген жері.
Күлтөбеге жиылу
үш жүздің Күлтөбеге жиылды елі,
330 Халықтың жиылды өңшең би мен бегі. үш жүз келіседі хан сайлауға, Халықтың жиылғандағы бұл тілегі.
Бір жеті сол араға жиылды халық, Жерлерін тозаңдатып ат тұяғы, Белгілі болатын жер—ердің бағы. үш жүзге би сайлауға құрды кеңес,
«Жақсы адам болғай-ды» деп халық тілектес. үш жүзден үш адамды ұсыныпты, Халқы бір ауыздан, болмай егес.
340 Қойыпты ұлы жүзге Төле биді, о дағы адам екен халыққа сыйлы. Бақ-дәулет, сый-дәреже бәріне сай,
Би екен ықпалы артық, өте күйлі,
Би болған жарқын жүзбен халқына жайлы.
Сайлапты орта жүзге Қазыбекті, о дағы адам екен асыл текті. Кемеңгер адам екен, өзі сөзгер,
Сөйлесе, ерітетін жиылған көпті, Алдынан тарқататын даулаған топты.
350 Би қойды Кіші жүзге Әйтекені, Адамның нағыз жүйрік ақбөкені. Кіші жүз қуанысып дуылдасты, Сыртынан осы екен деп халық тілегі.
Аға боп Кіші жүзден алды билік, Қатарынан адам екен көп білігі.
16-83
өзінше Кіші жүз болып, ортаға алып, Сап түзеп, салтанатпен гүлдендірді. Бақыт қонып, басына шам-шырағы, Жанып тұрды, қабыл боп, ел тілегі.
360 Бақ қонып бастарына үшеуінің, үшеуі үш алаштан билік алып. Тояттап аң алатын қыран құстай, отырды Күлтөбеге шығып барып.
ойласып, кетуге еліне мынаны алып, «Белгілеп хан сайласақ, қайтеді» деп.
отырды бір-біріне ақыл салып,
Сөйледі Әйтеке би ақыл айтып.
—Ертерек тарайық,—деп,—елге қайтып.
Халықтың тынышы кетті, жарты ай жатып, 370 Сіздерге кеңес салам, қамыңды айтып.
Би қойған ел еңбегін ақтаймыз қайтып, Төре жүр хан болам деп мұртын шауып.
өзінің қара басының қамын ойлап, Төрені хан қойғанмен оңдырмайды. Кетеді ел бұзылып, халық тарап, «Ақсүйек, таза тұқымбыз» деп.
Төре жүр көтеріліп кеуіл, халық айдап, «Жиында жол біздікі» деп, халықты алдап. Ел болып қатар қонған жер, үйі де жоқ, 380 Хан қойып отырамыз ба, соған қарап?
өз халқым біршілікте тұрса түгел, Төресіз де ел боламыз, халық қорғап. Айбатты ерлері бар бұл қазақтың, Дұшпанға оғын атқан, туын ұстап.
Халық қорғайды адуынды, артық ұландар, өзінше халық бола алмайды, басын құрап. Төреге күніміз түспейді, жәрдем сұрап, Әр елде соныменен жүр ғой тарап.
Маңдайын терлетпейді еңбек етіп талап, 390 Қожа жүр пір болам деп «а, Құдайлап». Қожадан пір қояйық Ақ сүйіп, Белгілеп берейікші ақ ту байлап.
Қожалар пір болам деп жүр таласып, үшеуі бейіс болып тұр ақылы асып. Сопы аз кереметін көрсететін,
Аузынан оты шығып, жалын шашып. Сапырлап аққу болып көкке ұшты, Жер бетін буалдыр ғып тұмандатып.
Сонан соң сопы Әзіні бір қояды,
400 Халқы «а, Құдайлап» қойын сояды. Жиналған адамдар етке тойды, Таласып «мен болам» деген көп еді қожа, Бұл жолы сопы Әзі алды абыройды.
Кеңесіп, ақылдасып үш би барып:
—Қай жүзге орнайсың,—деп талап қойды.
Сопы Әзі
—рақым ет, бізге салсаң, балам, деді, Болмаңдар, жоқтан сөзге алаң, деді. Әділдік қожекеңнің айтқан сөзі Қайсысыңа барам, Алла білер, деді.
410 Торы атты алдыға айдап жібер, деді, Атым еріп кеткеніңе барам,—деді.
Айтқандай торы атты айдап жібереді, «Қайсымыздың атымызға еріп келед» деп,
үш бидің өздері де алаңдады, Атына Әйтекенің еріп келді, Апыр-ай, Кіші жүзге Құдай берді.
—Атағым Кіші жүзде болғанменен, Айына бір айналып келем,—деді.
Деді де уағдалы күнін айтып,
420 үш жүз де қолын жайып, дұға берді.
үш би отыр еді басын құрап, Бір жігіт жетіп келді, ақыл сұрап.
Төле би тоқтамастан берді жауап:
—Малдың жақсы болмағы—бағуынан, оттың жақсы жанбағы—жағуынан.
Қазыбек:
—Жігіт жақсы болмағы—малды тапса, Әйелдің жақсы болмағы—ерге жақса. Жұмаққа тоқтаусыз барады әйел—
Кідірмей жалғасынан алты ұл тапса.
Әйтеке:
430 —Биікке шықсаң, көзіңді ашады, Нәпсіңді тыйсаң, иманың тасады. Көп ұйықтасаң, қара басады, Кәсіпсіз болсаң, қарның ашады.
Атың жаман болса, көп ішінде, Басыңа ақырет жетеді.
Балаң жаман болса, қасиетің кетеді,
Әйелің жаман болса, иманың кетеді,—
Деп тоғыз ауыз үгіт айтқан екен. Сонда үш жүз «айыр тілді Әйтеке» деп атақ берген екен.
үшеуі осыны айтып мінді атына, өсиет айтқан сөзі халқына нұсқа.
440 Қара деп ұлықсат жамиғатқа:
—Тыныштық Алла берсе абыройлы,
Түспеңдер,—дейді,—жаман әдет, бөтен салтқа.
Қызметке бөліну осы біткеннен соң, Сонан соң билер қайтты елге тарап. Шаттанып, келе жатыр елге қарап, ойға алған орындалып, таудай талап. Әйтеке елге келіп, жатпайды қарап, Тіккізді он екі отау қонақжайға, Пейіл болып отырғансын халық сұрап.
450 Тігілген отаулары жұмыртқадай ақ, Іші күміс, күлдіреуіші алтын шаңырақ. Жайылған төр алдында палас, кілем, Төселген төрге жайып, киіз аппақ.
уық бау шын жібектен тізген маржан, Қуырдаққа неше-түрлі нақыш табақ.
Бәрі сай үй-ішінің құралдары:
Тәрелке, шыны күміс, алтын табақ.
Қызметкерлер үй-ішінде жүгіріп жүр,
Көтеріп бірі—құман, бірі—табақ, 460 Келсе де қанша қонақ шытпай қабақ.
Сабада сапырулы сары қымыз, Әр үйге қойған екен бие байлап.
Мырзалық мұнан адам өте ме екен,
Қонаққа сояды екен тай мен тайлақ.
лайықты ерге лайық осындай іс-ақ, Халық билеп, ықпал жүріп қонған соң бақ. Баласы Кіші жүздің Алшын, Арғымақ, Жылына кетеді екен болып қонақ.
Бұ жағын осыменен қоя тұрып,
470 Айтайын бір әңгіме орта жүзден.
отырған шекаралас қалмақпенен, Қашаннан өшіккен жау о да бізбен. ұстасып келе жатқан ел ежелгі ізбен, Жылына малын қуып барымталап, орта жүздің тынышын алып, ел бүлдірген. олармен қарсыласып, үндемеген, «Еліміз аман болсын» деген ойменен.
Қазыбек елін жиып, салды кеңес, олармен табан тіреп, етпеді егес:
480 —Қалмақ көп ұрысқанмен, шама келмес. Жерден ауып ағайын деп барғанменен, ұлы жүз Кіші жүзге қоныс бермес, олармен ренжісіп жөні келмес.
Бас бағып, жерден ауып көшейік,—дейді,— Біз барып Бұқар қаласын паналайық.
Мұсылман, бізбен бірге діні діндес,
Шамалап арыз айтып, шағынайық,
Күрессін мұнда талай көп халайық.
Тұр еді жиылған көп, сасып халық,
490 Біле алмай не айтарын бұған тауып, Бір адам жетіп келді топты жарып.
Сондағы ол адамның айтқан сөзі, Қасына Қазыбектің жетіп барып. Сөйледі қарт оймауыт:
—Біздер жүрген уақытта
Асынып қылыш, ақ балдақ,
Киіп едік көк сауыт, Бүлінген жоқ ед ел набыт.
Жасымыз асып, қартайып, 500 Тайыпты бастан бақ ауып.
Кешегі өткен Қараман мен Қобыланды,
Қалмақтың шауып елдерін, Таңдап алып сұлуын, Келетін еді олжалап.
Сырттан дұшпан келмейтін, орта жүзге бет алып. Бұрын-соңды көрген жоқ, Бұл арадан ел ауып.
Сол ерлер ойға түскенде, 510 Кетеді кеуіл толғанып. Қалмақтан қорқып елінен, Етіп тұрсың сен қауіп.
Жасым асып, жамбастап Жатыр едім жантайып.
Ел көшеді дегенге, Келіп тұрмын қалқайып.
Айтайын ақыл мен саған, Келіп тұрмын ой тауып.
Қандай пайда табасың, 520 Көшемін деп жер ауып.
Не абырой аласың сартқа барып, Алады малдан зекет, бастан өсім Және тынышыңды алады салық салып. үйретіп қырық парыз, тіліңді бұзады, Білмесең, қырық шыбық дүре салып. Қаздырып арық, канал жерлеріңнен, Салады қыз, жігітті парлап алып.
Кең өріс мал жаятын жері де жоқ,
Болады малың менен елің арық, 530 Көресің сол өзбектен неден жарық. Хабар бер ұлы жүз бен Кіші жүзге Бәріміз бір атадан тудық анық,— Тыңдап тұр мұның сөзін жиылған халық.
Қарасаң келбетті келген бір қарт адам, Бір жүз жиырмадай жас жасаған. Қабаттап ақ орамалмен жағын таңған, Сөйлеп тұр жаңағы қарт ел қамынан.
—Хабар бер ұлы жүз бен Кіші жүзге, Батыр көп Кіші жүзде арға шапқан.
540 Тайсалып қозғалмаңдар бұл орыннан,
Жиналып екі арыс ел келе қойса, Қалмақты қуып шығар шекарадан.
Мұны айтып сөз доғарды осы арадан, Халық жоқ қарт сөзіне босамаған, Жиналған көп қарттың сөзін мақұлдаған. Сонан соң ұлы жүзге берді хабар, Шығарды елден таңдап екі адам. Тұрарлық ел ішіне елші болар,
Біреуі Мәмбет сыншы жібергені,
550 Қасында Қырғауылдай шайыры бар.
«Жетіде елге айналып келіңдер» деп, Мінгізді елден таңдап екі тұлпар. «Жер қашық, енді қалай жетеміз» деп, Екпіндеп келе жатыр қос нар сұңқар.
Кідірмей жол үстінде көп күн жүрді, үш күнде ұлы жүзге жетті бұлар. Ас болып жатыр екен ұлы жиын, Хатпенен Төле биге берді хабар.
Барды да екеуі де атын қосты, 560 Бұлар да адам екен бір атқұмар. Ат озып, алды бәйге екеуі де, Жігіттің сондай болар, жолы болар.
Таңырқап жұрттың бәрі қарап тұрды, Қай уақытта бәйге атына әркім құмар. Парымен озып келді екі тұлпар, Айтайын Төле биден енді хабар.
—Жиналған көпшілікке білдірейін, Ағайын жәбір көрсе, нағып шыдар.
Тарқамай айтайын деп бұл халыққа,
570 Ас тарқап кеткеннен соң халық тарар, Қайтадан басын қосу қиын болар.
«орта жүзге қалмақ шауыпты» деп, Халыққа түсіндіріп айтты тегіс: —Жәрдем сұрап жіберіпті бізге елші,— Жиналған көпшілікке салды кеңес.
Халықпыз көптен бері жатқан тыныш, Соған біз аттанайық қалмай тегіс.
Батырдың бәрі жүрсін бірі қалмай, Қалмақтың елін шауып, алсын үлес.
580 Дұшпанға жібереміз бе ар мен намыс, Ел еді қалмақпенен олар шектес, Ағайын халықпыз ғой бір тілектес.
Және де Кіші жүзге хабар берем, Қасына екеуінің адам қосып.
Келгенше Кіші жүзден бізге хабар, Тұрамыз уәдеде күнін тосып.
Халқы бұл кеңесті мақұл деді, Айтқан соң Төле бидің өзі біліп.
Қосады жегір менен шайырларын, 590 Астына елден таңдап ат мінгізіп. Келеді үш күн жүріп Кіші жүзге,
Түн қатып, күндіз-түні тынбай жүріп.
Қызға кездесу
Аулына Әйтекенің жетті келіп, Астында тұлпар атпен екпіндетіп, өлеңмен Әйтекенің үйін сұрады, өнермен өрге жүзген өршеленіп. Екеуі де адам екен тілге жетік, үйіне Әйтекенің тұрған келіп.
Қасына тиіп тұр еді сабылып, 600 Алыстан ат терлетіп іздеп келіп.
—Келе жатқан екі жүзден жолаушымыз,
Ауылы Әйтекенің осы болса, Түсетін біздің барып қайсы үйіміз, Асығыс ат үстінде сұрап тұрмыз.
Қыздан жауап
Шықты да үйден бір қыз берді жауап, Тұр еді есік алдында шашын тарап.
Келе жатқан жолаушыға сырттан қарап, Ат үстінен өлең айтқанына тұр таңырқап, Қызғындап қыздан болды енді жауап.
610 оларға былай болды айтылған сөз:
—Жолаушы екі жүзден келген болсаң,
Қонақжай он екі отау тігулі тұр, Алдыңда қатар-қатар көргендей көз.
Жел сөзге желіккендей шамаңыз бар, Қолайсыз есерлерден айтылған сөз, Сыпайы болмай ма екен сынық мінез. Келдің де ат үстінен салдың айғай, Адамдай дым көрмеген, сіз, келеңсіз.
Алыстан ат терлетіп іздеп келсең,
620 Шақырып төрешіні қайымдаймыз, Сізбенен айтысуға тайынбаймыз. Әшейін екі жүзден іздеп келсең, Берілер сұлу сөзбен сыбағаңыз. Жолаушы, атыңнан түс, тынығып ал, Шамалы осы арадан доғарамыз.
Шын жүйрік айдағанға желікпейді,
Қалғанын ертеңгісін қолға аламыз, Дұшпанға ар жібермеген ауылымыз.
Сонан кейін Мәмбет сыншы жолдастарына кейіп: «Сендер осы елге айтысқа келіп пе едіңдер? Бір жұмысты жөндей алмай жүріп, өлең айтып не керек еді?»—деді. Бұлар да айтысайын деп тұрған жоқ еді. Шама көргісі келіп еді. Қыздың жүйрік екенін білді де қойды. Сонан кейін қызға өлең айтқан жауабы:
—Жел сөзге ашуланба, қарындасым, 630 Қатарынан артық туған, асыл затым. Келеміз елден шығып елшілікке, Қырғауыл шайыр, сұрасаң, менің атым.
Жақсыдан жарқын жүзді бала екенсің,
Шеге шайыр—ұлы жүзден, бір жолдасым.
Баласың көңіл алаңға аңғарымды, Және бар Мәмбет сыншы—кемеңгерім. Екі жүздің елшілікке арналған, Әйтекеде бар жұмысым.
Қыздың жауабы:
—Кідіріп бұл арада, тұрма қарап, 640 үйі осы—Әйтекенің тұрсаң сұрап. Қонақжай он екі отау тігулі тұр,
Сыртында ат байлауға тартылған желі, Түсесің соған барып, атың байлап.
Жайлайды жайыңды істеп шайыменен, Тың тұрған қызметкерлер қонақ жайлап. Сыпайыға сыйымыз жұмыс істеп, Тұрмаңыз бұл арада көп айғайлап.
Кетіп ед ас берудің кеңесіне,
Келеді ертең түсте сонан тарап,
650 Жайланып жатасыздар, соған қарап.
Қыздың сымбаты
үйінде Әйтекенің бір қыз бар еді, Сол кезде жас шамасы он бес жаста. Бұралған жаңа өспірім талшыбықтай, Бар сөзі ағып жатқан дария Нілдей.
Білмеймін қайдан келер сағасынан, Сәулесі Стамбұлдың панарындай, Самсаның жарық қылар даласындай. Сынапты Мәмбет сыншы соны пайымдап, Байқаған қыздың артық шамасында-ай.
Аршын төс, алма мойын, қоян жондай,
660
Қиғаш қас, қызыл ерін, жазық маңдай.
Қарасаң сырты сұлу, келіс келген, Жарқырайды екі көзі жанған шамдай. ләйлідей лебіз ашса, сүйсінерлік, Тілінің шырын, тәтті балы бардай.
Зейінді, ақылды, зерек бала екен,
Қомданып ұшатұғын қаршығадай.
Сәтімен туа бермес адам мұндай, Кездескен екі шайыр тап сол қызға-ай.
Қырғауылдың Әйтекеге кездесуі
Айтқандай ертең түсте биің келді,
670
Жайланған қонақжайлы үйін көрді. Көргенсін Әйтекені бұл үшеуі, Түрегеп, қол қусырып сәлем берді. —Біз келген екі жүзден елші едік, Айтайын енді жайды сізге,—деді.
Қырғауылдың толғауы
—Құлағың сал, би аға, біздің кепке,
Елшіміз—орта жүзден шықтық шетке.
Әуелі келіп едік ұлы жүзге, Төле би адам қосып жіберді сізге.
680 Жұмысым елден шыққан мынау еді, Елімнің тапсырмасы бар елден елге.
Жақсылар тілектес қой біршілікке, Тыным бермед қалмақ шауып елімізге.
отырмыз жәрдем сұрап келіп сізге, Бәріміз бір атадан тудық бірге. Жылма-жыл қалмақ шапты елімізге, Емес пе, қазақ деген арың бірге.
Шапты деп қазақты қалмақ,
Сырт дұшпан күлмей ме екен бәрімізге.
690 Кеңесіп көшпек болдық өзбек елге, Дағдарып, қалып сасып тұрғанында, Кез болдық бір үлкен қарт кемеңгерге.
Сөйледі жақын келіп Қазыбекке:
—Жер ауып өзбек халқына көшеміз,—деп,—
Қыласың кімге назды, кімге өкпе, Айтқанмен сөзің өтпейді қалмақ итке.
Аталас екі жүзге хабар берсең, Қалмақты қуып шығар, айдап шетке.
Туысқан ағайынға шыдамайды,
700 Шабады намысты ер ар мен кекке.
осылай ақыл берді айтып көпке, отырған халық ықылас билерімен Шыдасын нағып енді айтқан кепке.
Жолдасым қасымдағы Мәмбет сыншы,
Қосылған ұлы жүзден ақын Шеге, Сөйлеуге келді кезек енді сізге.
Және айтамын, биеке, Тыңда менің сөзімді.
Бүлдірді қалмақ елімді,
710 Талқандады тауымды,
Небір асқар белімді, лайлады көлімді.
Желкеден қиды желімді,
Сындырды сөйтіп елімді.
Халық егесі, би аға,
Айтып тұрмын шынымды.
Бұл азарға шыда, аға,
Қазыбек сізге жіберді,
Арнап сізге хат берді,
720 Тапсырайын хатымды.
Халық егесі билерге Айтқан сөзім батымды.
Қырғауыл шайыр мен болам—
Білдірейін атымды, Бүлдірді қалмақ халқымды.
Құлақ салсаң, би аға, Және айтатын сөзім бар: ол қалмақтың елінде Қоңтайшы деген ханы бар.
730 Адамның әлі келмейтін,
Қорен деген зоры бар, Саранақ деген қала бар. Қыш пенен шойын, қорғасын, Айнала құйған қорған бар.
Жылма-жыл шауып елімді, олжалауға болды құмар. Тынышын алды халқымның, Барымталап, мал қуар.
Жүрегі шайылып, қорқып, 740 Әйел, бала жылайды зар. Діні сасық ит қалмақ, Қылмайды мейірім, қанқұмар, үш алаш болып бас қосып, Күн болар ма аттанар.
Қалмақтан барып кек алсақ, Тарқар еді бір құмар.
Бұрын хабар бере алмай, өзімізде кінә бар.
Қария қарт болмағанда 750 Бұл ақылды кім табар.
Кіші жүзде ер болса, өзіне қойса жауға шабар. Қайратты туған ер жігіт Қалмақтан барып кек алар.
Аузыңнан лайық шыққанша, Болып тұрмыз ынтық-зар. Көмек сұрап келіп тұрмыз, Бізге қандай жәрдем бар?
Қазыбек жұмсап жіберді, 760 Деген сөзі «айтып бар».
Шегеден
Азырақ сөз сөйледі ақын Шеге, Теңіздей толқын сөзді төге-төге.
—Екі елші келіп еді біздің елге,
Мәнісін Қырғауыл айтып түсіндірген, Төле би қосып жіберді мені сізге.
«Қамданып аттанатын бола қойса, уәделі күнін айтсын» деді бізге.
Асылы, білімдіге түсінікті, Көп айтып неге керек, сөзді көпке.
«ұлы жүз баратын болса, дайындала берсін» деп Шегені бұрын қайтарайын деп, Әйтекенің берген жауабы:
770 —Шеге шайыр, құлақ сал, Біздің айтқан жауапқа.
Аттанбасақ бола ма, Ағайын шапқан қалмаққа.
Шыдаймыз неғып, қарағым, «Қазақ» деген ұранға. Қалмақ қазақты шапты деп, Қалмаймыз ба атаққа?
Қашаннан қалмақ бізбен жау,
Алмай ата кектерін,
780 Кім шыдайды намысқа. орта жүз жатса, шабылып, Созбаймын сөзді алысқа.
Төле биге сәлем айт, Аттанамыз ағұста.
Дайындалсын ұлы жүз,
Баратын болса, соғысқа, Жата берсін қорықса.
Кіші жүз түгел аттанып, Кете берем қарамай.
790 Ел шабылып бөлінсе, Ерлер де болмас шыдаған.
Жақайымда Жылқайдар— «Менмен» деген ер, сұлтан, Ерлердің нағыз қыраны. Қысылған жерде қай ағам, Болатын ерің қорғаны.
он екі ата Бай ұлы, Хат жазамын Сырымға-ай.
Сырым айтса ол елге,
800 Кетпейді жұмыс қырынға-ай,
17-83
ол елдерде ерлер көп, Жүрмейтін қарап, ұрынбай.
Және хабар беремін,
Жағалбайда Жетіру— Тама менен Табынға. ол елде де батыр көп, Қарсы келген дұшпанға, Шарпу тиген жалындай.
Сәрке екен батыры,
810 үш алашқа мәлім еді, Қазыбек сасып жүргенде, отырамын мен қалай?!
Ел билеген ер жігіт,
Болмай ма елдің қорғаны-ай!
осыны айтып болып Әйтекенің Қырғауылға берген жауабы:
—отырмын деме түсініп, Айтқан сөздің ырқынан.
Шабылып жатса, ағайын, Болмай ма ұят тартынған.
Қатты қауіп болыпты, 820 Қорқып қалмақ халқынан.
Арға шаппай бола ма,
Қалмақтың қорқып даңқынан.
Кіші жүз деген байтақ ел, өніп-өсіп шалқыған. Кеткен малды қайтарып, Кек алатын батыр көп,
Қалмақтың қуып артынан.
Шабылған елді қорғауға,
Біз барамыз артынан, 830 Қалмай адам халқымнан.
Біздің елде батыр көп,
Көз салатын Қырымнан.
Қарымы қайтпай ерлердің, Сұңқардай кеулі талпынған. Көшемін деп, жер ауып, Не жақсылық күткен сартынан.
Ертемен естігенде хабарды, Күйзеліп халқың шарқ ұрған.
Жаңа келіп тұрсыңдар, 840 Қарттың айтқан ақылынан.
Көп жасаған адам екен, өткерген жұмыс басынан. Арғы атамыз белгілі— Құдуар тентек бұрыннан.
Жау көрмесе, жабылып,
Қараға шауып, ұрынған, Дұшпанын жеңіп қашырған. Қалмақтың талай ерлерін, Қуып жерден асырған.
850 Біздің елде батыр көп, Біртіндеп жауды қашырған.
Хабар берем алдымен, Тама менен Табынға. ол елде де батыр көп, ойлаған елдің қамын да.
Жау дегенде желігіп,
Шабатұғын артынан,
Табында Сәрке батыр бар Дабылы шыққан халыққа, 860 үш алашқа мәлім-ді.
Айбаты бар дұшпанға,
Тамада Есет батыр бар, Жасөспірім жас бала, Ақсұңқар құстай түлеп тұр.
Салады көз қияғын,
Егерде жау кездессе,
Тұрады қарсы жауына, Жанына хабар береді.
он екі ата Бай ұлы,
870 Байбақтыда Сырым да—
Бақ орнаған ер еді.
Бақыт қонған басына,
Әрі батыр, әрі би, Айбаты бар ұстанған, Қайтпайтын жаудан ер еді.
Қалмақтың шауып ерлерін,
Шығарад шаңын аспанға,
Бұрынғы өткен батырмен Айтайын саған осындай.
880 Кетеде өткен Майлыбай— Жалғыз шауып қалмаққа,
Сәбен, Сәтбай деген, Әкелген екі баланы-ай!
Ешкімнен жәрдем сұрамай, Сол ерлерден тұқым жоқ, Атағы қалған ұранға-ай.
Батыр бар Әлте солардан, Жауға шапса кәрленіп, Тарқататын құмарын. 890 Сәбен, Сәтбайдың баласы— Асан менен Жанбақты, өзі ауыр салмақты.
Жалғыз барып тайынбай, Қалмаққа салған бармақты.
Қалмақты топтап айдаған, Шақырмай-ақ жан-жақты. Қорықтыңдар ма білмеймін, Күреңдер күшті қалмақты.
Арғы атамыз—Кіші жүз, 900 Ерлерім өткен қайратты.
Бір батыр өткен Қарасақал Шіңгір деген, «Кәнеки, жау қайда?» деп міңгірлеген. Астына мінген аты құлагерден, Қуалап Алтай соққан таулы желден.
Іркіліп, жаудан қорқып, кідірмеген, Сақтаған, өзінің елін жаудан аман,
Сырт дұшпан келіп, елін бүлдірмеген.
Бұл өткендегі ерлер еді, енді қазіргі жауға аттанған ерлерді айтайын.
Әлім менен Шөмендегі, Аттанып ерлер қайратты.
910 Аттарын атап айтайын, Тыңдаңдар салып құлақты. Аттанып барса ерлерім, Айдап шығар қалмақты.
Бозғұлдан батыр туған Жарымбет-ті, Келе жатқан шежіреде асыл тегі. Дұшпаннан алатын ер кетсе кегі, Белгілі батыр еді еліндегі.
Кісі екен айбаты бар өркөкірек Жарасқан қару-жарақ беліндегі, 920 Жауға аттансын ер бір белгілі.
Тоқайдан шыққан Арғынбай, Батыр екен Тарғындай. Жалғыз жауға шабатын, Жан-жағына қарамай!
о да батыр кісі екен, Шыдамайтын арынға-ай! Жау хабарын естісе, отырады ол қалай? Көнектен шыққан ұраннан,
930 Қайтпайтұғын ер еді, Майыспайтын болаттай! Жауды көрсе желігіп, Қиратқан қамыс, құрақтай!
Бар еді Қара Есен, батыр Ақбай, Тайынбай жалғыз өзі жауға шапқан. Сескеніп, қорқып жаудан бұлтармаған, Ер еді ықпалы артық бұлт орнаған.
Батыр ед жау дегенде тартынбаған, Белінде алмас қылыш жарқылдаған.
940 Батыр бар Қарасақал Дабыл деген, Батыр ед дұшпанға ар жібермеген.
Естісе, жау хабарын жата алмайтын, о да ер жау дегенде қарсы жүрген. ойлайтын халық қамын адам еді, Ер еді Қарасақал елі сенген.
Баубекте батыр Шарабалық,
Жау хабарын естісе,
Қатардан қалып тұра алмас.
Қолында атар мылтығы,
950 Кездескен жау шыдамас, Қайтпайтын жаудан ер еді.
Белінде бар ақ алмас,
Сілтегенде жан қалмас,
Алдында дұшпан тұра алмас, Астында бар бедеу ат— Қашқан жауды құтқармас. Жау дегенде желігіп, Ауылда қалып, жүре алмас.
Батыр бар Айдарбектің Көнсадағы, 960 Қаруы—көннен садақ қолындағы.
Тартқанда көн садақты ат үстінен, Жаулары қарсы тұрмайды алдындағы.
Кетеді атқан оғы тастан өтіп,
Қашады дұшпандары алдындағы. Далаға кетпейді екен атқан оғы, үйренген өнер екен жасындағы. Ер екен қайтпайтұғын жаудан беті, Ар-намыс, ойлағаны—елдің қамы.
Батыры Айдарбектің Жәніке Сары, 970 Кетпеген дұшпанына кеткен ары. Сескеніп қорғалаған дұшпандары,
Асынған қару-жарақ, алмас қылыш, Алдына жан шыдамайды келсе кәрі, Тыңдайды айтқан сөзін халықтың бәрі.
Бір батыры Айдарбектің деген Тайлақ, «Жау» десе, қарсы шығады, салып ойнақ. үстіне киген көк сауыт,
Асынған алмас қылыш, ақ балдақ.
Қолында найза, көк сүңгі,
980 Атына асығыстан мінген жайдақ.
Тағы бар Есенәлі, Ақсары Абылай, Шауыпты түрікпенге ол екеуі, Көк мойын, алып келіп наз бедеуді. Халқына жайылып тұр кеп Абылай, Естісе, жау хабарын жатады қалай?
Балуанда Шүкіман, Көзін ойып дұшпанның, Қаршығадай шоқыған.
Астында жүйрік аты бар,
990 Қуалап киік ұстаған, Ақиректің шыңынан.
Құттықта бар Киікбай, Батыр еді киелі-ай! Жалғыз жауға шабатын, Жан-жағына қарамай.
Елмен желігеді екен, Егескен жерден, Қайтпайтұғын қадалмай.
Шыдамайтын арынына, 1000 ойлайтын халық қамын-ай! Бұл хабарды білген соң,
Шығады жауға тайынбай, Батыр еді Тарғындай.
Жанына барып қайтты Тілеуқабақ, Ерлері айтып болмайтын адам санап. Біреуге—жүрген өзін мыңға балап,
Жауына қарсы жүрген, соған қарап.
Ішінде ерлері бар түйген қабақ, оларда басқаратын Арыстан, Көтібар.
1010 Жауына ту көтеріп, атқан садақ, Астына мінген жүйрік жыланкөз ат.
Ат екен қалың жалды, қабан құлақ,
Кең танау, кебеже құрсақ, жалпақ тұяқ. Жыраның өңіріндей біткен саңлақ.
Ат екен жайдай атқан, нағыз тұлпар, Қашқан жау құтыла алмайды, кетіп жырақ.
Атақты Жақайымда Сартай бар еді, Мінгені Сартай ердің Шалқасқа ат.
Мысалдай Шораның Шұбарындай, 1020 Белгілі тап өзіне кездескен ат.
Бойында қару-жарақ ерге лайық, үстінде сауыты бар жеті қабат, Асынған алмас қылыш, өңшең болат. Тағы бар Жақайымның Жылқайдары, Көк сауыт үстіне киген жеті қабат.
Асынған қару-жарақ өңшең болат, Атқанда іркілмейді, қолда садақ, өтеді тастан жарып қабат-қабат.
Және бар Жақайымда батыр Мыңбай, 1030 Түнеріп жауатұғын қара бұлттай. Дұшпанға жалғыз жүріп салған айғай, өштескен жауларынан кек алады-ай, Естісе жау хабарын жатады қалай?
Бір батыр Жақайымда Сүгір деген, Қорғалап, жау дегенде кідірмеген.
Ер еді дұшпанынан мүдірмеген,
Батыр ед жау кездессе, көрем деген, ойы жоқ жаудан қорқып өлем деген.
Бар еді Жақайымның Қойқожасы, 1040 Кем емес қатарынан қара басы. Дұшпанға кегі кетсе келеді ар-намысы, Астына мінген жүйрік Салторысы.
Естісе жау хабарын жата алмайды, Қолында басты кесер ақ алмасы, Тайынбай шығады о да жауға қарсы. Айтып болдым елдегі, Атағы шыққан ерлерден.
Жақайым Қорымға ас беруге Жиналады соған елімен.
1050 Халқыменен кеңесіп, Айтамын сонда мен саған, Баратұғын уәделі күнімді.
осындай қиын жерлерде, Ер Тайыр атын шығарды, Би намыстан ұялады. Қазыбек сасып жүргенде, Қалай қарап жатады?
Халық қорғаған заман еді, Дұшпанына қылмаспын құрмет.
1060 Қазақты қалмақ шапты деп, Күлмей ме сырттан бөтен, жат— өзбек, ноғай, қара сарт. Кіші жүз боп қалмаққа, Аттанамыз мініп ат.
Әйтеке осыны айтып мінді атқа,
Кім таласады Алла берген ықпал баққа?
Астына мінген жорға Ақтанкері, лайық, міне, осындай асыл затқа.
ырғалып ат үстінде келе жатыр,
1070 отырған патшалардай алтын таққа. Күтіп отырған жетіп келді көп халыққа, Әр елден адам бар еді аталықта.
Керім би кешігіп, келмеген соң, Бәйге атты жатыр еді шығармаққа.
Әйтеке көпке келіп мынаны айтты, Дегендей: «Бәйге аттарды жібер айдап, Көріп келдім,—деді,—қонақжайлап».
Екі елші екі жүзден келген екен, Себеппен біздің елдер жүзден айдап.
1080 орта жүзді қалмақ шауып жатыр екен, Келіпті Кіші жүзден көмек сұрап.
Ағайынға қалмақ шапқан болса,
Біз қалай отырамыз тыныш қарап, Бұл сөзге не дейсіңдер, жиылған көп? Бәрің де қосылыпсың басты құрап, отырған ерлер де бар халық қорғап.
Аттанып қалмақ қазаққа,
Жау болатын себебі—
Тамадан шығып еді Шора
1090 Теңізден шығып тап болған, Атына мінген Шұбар ат.
Атадан батыр ұл туса, Тап болады тұлпар жаланған. Жалғыз шауып қалмаққа, Тарқаған еді құмардан.
Еділ, Жайық жайлаған, Тама екен ел одан. Көп емес онша шамалы, Жетіру екен бір одан.
1100 Ел болған соң ішінде
Бір ақсақал бар еді, Халила деген қарт екен.
Ел билеген адаммен,
Қыпшақтан шығып Қобыланды,
Қияттан шығып Қараман,
Қалмақтың шауып елдерін, Жылқысын қуып айдаған.
өлтіріп талай ерлерін, Әйел-баласы жылаған.
1110 Таңдап алып сұлуын, Халқын топтап айдаған.
Солардың салған ылаңы, Жау тастап кетті артына. олар орта жүзде ер еді, Зәбірі тиіп халқына
Атадан артық ұл туса, Атаның кегін іздейтін, Бұрыннан қалған салт одан.
Қашаннан бізбен жау болған, 1120 Қалмақ деген халық одан. орта жүзді қорғауға, Аттанайық соған да.
Барамыз деді Кіші жүз, Бидің сөзін тастамай.
—Жүре берейік өзіміз,
Ешкімге де қарамай,—деп, Біреулер көп ішінен салды айғай.
—өзіміз сол қалмаққа барамыз, деп, олжалап халқын шауып аламыз, деп, 1130 Не керек ұлы жүзді көмекке алып, Кіші жүз сол қалыптық боламыз, деп,
Қорықпай өзіміз-ақ барамыз,—деп,
Жылқайдар батырларға айтты ақыл, Әйтеке бұл айтқанын көрді мақұл.
—Батырлар, айғайламай ақылға кел, орта жүз о да өзіңдей бізбен тең ел. Ер шығар ел ішінен болған соң ел, Құр кеуіл неге керек көтеріп жел, Жел сөз үшін ендігісін Сартайға бер.
1140 Сөйлейді сонан кейін батыр Сартай, Көпшілікке халық жайын айтып жағдай.
—орта жүзге қалмақ шауып жатқан болса, үш жүз боп аттанайық соған қарай. Шабынған ағайынға тез барайық, Сүрікті қысқа айтамын көпке созбай. Сүмбіле, салқын түсе аттанайық, Батырлар, бәрің жүресің бірің қалмай.
Жүрсеңдер, қалмақ елі жолы қашық, Бір-бір ат запас болсын, қосарыңа ал.
1150 Алайық ерте барып жаудан кекті, Қалмақтың азарына кім шыдайды.
Бәйгеге бөліп қойған мың жылқы бар, Бір жолға халық тарасын бәйге алмай. Шабылған ағайынға берілсін жылқы, Бөлінбей осы арадан қалсын құрдай.
Бұрынғы Әйтекенің айтуындай,
Келіп тұр сөз бір реті орайын-ай. Бұл сөзді би ағасы мақұл деді отыр ед көп ішінде Нұрбай, Мыңбай.
1160 Қатыран, Тәбеке би қапталындай, осылай ел жақсысы отырғанда, «Бәйге ат келді» деген шықты айғай.
Және айтты батыр Сартай:
—Елшілер елге барып жатсын, деді-ай, Тынығып аттарын да бақсын, деді-ай.
Жылуға берілген мың жылқыны, Ат келіп, халық жөніне тарағансын, Еліне соны айдап қайтсын,—деді-ай.
Табады мұнан артық қандай пайда, 1170 Ат озып ұлы жүзден алды бәйге. Бұл сөзге Мәмбет сыншы болды риза, Бұл сапар екеуінің жолы болған, осыны айтып жұрттың бәрі үйден шыққан.
Топ болып жұрттың бәрі үйден шықса, озған ат келіп жатыр дізбек-дізбек. Қосылған Қаракесектен өңшең жүйрік, Қалған ат көрінбейді түйдек-түйдек.
Әкелген ат жоқ екен сырттан бөлек, Ат санап, неғылайын етіп ермек.
1180 Аты озған адамдарды көтермелеп, Мақтаныш құр осындай неге керек?
Аты озған Аңаз аға мәз болып жүр, Бәзбіреу бәйге ала алмай оқшайып жүр. Бәзбіреу қалмақтан олжа аламыз [деп]
мақтанып жүр,
Алдында ненің барын Алла білер.
Әйтеке сонан кейін халықты таратты, Елшілер мың жылқы айдап елге қайтты. Еліне естігеннің бәрі де айтты, орта жүз болды үлкен қуанышта.
1190 Есітіп екі жүздің келе жатқанын, Білді да, дайындалып күтіп жатты. Қалмақтан көрген зорлық қатты батты, Бөлініп оншама көп шарпылмапты.
Кіші жүз аттанбаққа етті талап,
Халық жатыр дайындалып, атын жинап. Ерлер жүр ел ішінен қару сайлап, Ат мініп ел ішінен, елден таңдап.
Аттанды Қаракесек батыр Ақбай, Тайынбай жалғыз өзі жауға шапқан.
1200 Батыр екен жау дегенде тартынбаған, Мінгені ақ танау ат—өзі жүйрік,
Алдынан қашқан жауды құтқармаған, Қуалап киік пенен құлан соққан.
Ізінен Ақбай ердің қалмаймыз деп, Еріпті Есіл, Тобыл бәрі қалмастан, Келе жатыр жәрдем сұрап Жаббар Хақтан. Аттанды Қарасақал Абыл батыр, Адамы үш Қарасақалдың еріп түгел.
Жауына қарсы жүріп келе жатыр,
1210 Ерлері ел ішінде екпіндеп жүр, Асынып қару-жарақ келе жатыр.
Баубектен аттанды Шарабас, Жау дегенде жалтақтап, Жан-жағына қарамас. Баубектің үш баласы, Ізіне ерді аралас.
Жамандар жауға жарамас,
Ер болса, елден қала алмас.
Аттанды қырда жатқан Тілеуқабақ, 1220 Ішінде ерлері бар түйген қабақ. Туыстан Назар, Шүрен бірге жүрді, Бұлар да қатарынан қалыспай-ақ.
Батыр бар қайтпайтұғын қасқыр жүрек, Жау десе, қарсы жүрген соған қарап. оларды басқаратын Арыстан, Көтібар, Жауына ту көтеріп атқан садақ.
Айдарбектен аттанды Көнсадақ, Қаруы қолындағы көн садақ.
Атқанда көн садақты іркілмейді, 1230 Жауына тигізеді түсіріп дақ.
өтеді атқан оғы қара тастан, Белінде алмас қылыш, алтын балдақ.
үстінде сауыты бар жеті қабат, Ақ иық секілденіп бір мұзбалақ.
Ішінде жасы жеткен—қарты сол-ақ, Мінген аты—Көкшолақ. Қаз мойынды, кең құрсақ, от орындай жалпақ тұяқ.
Жабыдан шыққан жүйрік дейд, 1240 Тең келмейтін арғымақ.
Аттанды Айдарбектен Жәңгісары, Ер екен кетпеген дұшпанына кек пен ары.
Еріпті төрт айда бес түгел бәрі, Қатыран, Тәбеке би қасындағы,
Басқарып ел билеген жолдастары.
Аттанды Айдарбектен батыр Тайлақ, үстіне киіп көк сауыт,
Асынған алмас қылыш, қару-жарақ, Мінген аты—ақауыз ат.
1250 Құлан шеке, қиық құлақ, Қаз мойынды, жалпақ тұяқ, Жетсін жауға құтқармай-ақ.
Аттанды Есенәліден Ақсары Абылай, Батыр еді елден шыққан Абылай.
Алатын жаудан арынды-ай,
Еріпті Төртқараның батырлары,
Қасында талай талант, балуандары, Басқарып келе жатыр би Нұрбай.
Балуаннан аттанды Мыңбай 1260 Астында жүйрік аты бар. Қару найза, қылыштан, одан да алып қасына, Есеналыға барып қосылған.
Құттықтан аттанды Киікбай, Батыр екен киелі.
Таудан тауып әкеліп Астына мінген құланды-ай.
от орындай тұяғы, Шекеге біткен құлағы-ай.
1270 Қуалап, қамап ұстаған Далада жүрген құланды-ай. Теңізден шығып тап болған
Ер Шораның Шұбары-ай.
Әне сондай қарасаң,
Ерлердің ісін сұрасаң,
Бес қаруы бойында
18-83
үстінде сауыт құралған. Қасында жүр екі ер екінген,
Жалғыз жауға шабатын, 1280 Жан-жағына қараман. Құрманнан Құттық еріпті, Батырмын деген адамдар, олжа алуға қалып па!
Аттанды Жақайымнан батыр Сартай, Мінгені астындағы Шалқасқа ат, Тап болған ер Шораның Шұбарындай.
Бойында сауыт-сайман, қару-жарақ, Кіретін жауға қарсы Тарғындай, Бойында бұлтарыс жоқ онда былай.
1290 Аттанды Жақайымның Жылқайдары,
Белгілі батыр еді еліндегі.
Ақ сауыт жеті қабат үстіндегі, Жарқылдап қару-жарақ беліндегі.
Астына мінген аты Ақайдар ат, Ат екен құлан шеке, қиық құлақ.
Қаз табан от орнындай жалпақ тұяқ,
Мылтықтың сүмбесіндей жұмыр белі, Астына кісі өткендей біткен саңлақ.
1300 ұстайды киік, құлан қуаласа, Құтылып кеткені жоқ, қашып жырақ.
Адам түгіл, аң да қашып құтыла алмайды, Қолына алғанды атып садақ, Жауына тигізеді түсіріп дақ.
Аттанды Жақайымнан батыр Мыңбай, Күркіреп келе жатыр жауған бұлттай. Ер екен түсі суық, қалың қабақ,
Алдынан тұра алмайтын жауы шыдап.
Және бар бір батыры Сүгір деген, 1310 Жау десе, көптен қалып кідірмеген. Аты жүйрік, астында бар Қызылжирен ұстаған құлан қуып құрықпенен.
Аттанды Жақайымның Торықожасы, Ер екен егескенде ел арасы. Тайсалмай жүретұғын жауға қарсы, Батырдың бір белгілі жолбарысы.
Астына мінген жүйрік Салторысы, Жылқының нағыз құмай жүйрігі осы.
Алады Жақайымнан адам таңдап, 1320 ойына деген болар осыны қалап. Адамнан көп жиылған не бітеді, Бір таспен мың кесекті уатады, Ер болса жауға қарсы оқ атады.
Аттанды Шүмекейден ер Арғынбай, Тоқпанның іздерінен қалмай бәрі.
Қосылды Шүмекейдің рулары Көнектің қалмай ерді адамы сайлы.
Келіпті мұнан бұрын Бай баласы, Халықтың жоқ қой оған еш таласы.
1330 Қашық еді, жері алыс шекарасы, Бұ дағы Кіші жүздің бір баласы.
Басқарып келген екен батыр Сырым, Хатынан Әйтекенің хабар алып. Келіпті батыр Сырым жұрттан бұрын ойлайтын адам екен елдің арын, Байұлының ертіпті батырларын.
Бай менен Қаракесек қосып басын, ойлайсып Әйтекеге болайық деп қонақ. «Қашаннан қара орын—орнаған бақ»,— 1340 Деді де Әйтекеге болды қонақ.
Аттанды Шүмекейдің Жармамбеті, Белгілі батыр еді еліндегі.
Жауынан тайынбайтын ер белгілі, Бес жүз қол бірі қалмай түгел ертіп.
Шүмекейден аттанды Мәлім менен Елемес.
Жау дегенде желігіп, Қатардан қалар ер емес.
Төселген төр алдында аппақ киіз, 1350 Түйелеп келіп жатыр өрік-мейіз. Әр үйде саба толы сары қымыз, Мың қойды және сойды етті семіз, Аппақ май ағып жатыр, болып теңіз.
Шат болып ерлер жатыр, палау шайнап, Биің жүр судай тасып, гүл-гүл жайнап.
Қонағы бұл порымнен болды жайлап, Бір ойдан биің отыр жанын ойлап, «Тілекті қабыл ет» деп Хаққа жылап.
Би ағаң қарсы алып құрметпенен, 1360 оларды мың үй тігіп етті қонақ.
Тұр екен алды-алдына дайындалып, Жиналған болды әу демде халық қонақ.
Тік тұрып төрт қара қыз қызмет етті, Көтеріп бірі құман, бірі табақ, Жүгіріп күндіз-түні шытпай қабақ. Мырзалық мұнан адам өте ме екен,
Қонаққа сояды екен тай мен тайлақ.
Аспазшы аралап жүгіріп жүр, Сең салып, балалардай салып ойнақ.
1370 Шақырып сусын, азық алдырады, Қол жайып Кіші жүзге бер деп бата. Баратқан талаптарын оң болсын деп, Қол жайып Кіші жүзге етті дұға.
«Сыйынып бәрің Қожа Жаратқанға, Жар бол,—деп,—Жаппар Алла баратқанға. Тимейді өзі барып жатқан жанға, Баратыр көрген зәбір арқасында. Діні сасық қалмақтың табасына қалдырма, отырмын сыйынып, қолда» деп,— 1380 Көкте періште бір Хаққа.
Сопы Әзі айтты сыйынып:
«Бол,—деді,—бұл үш жүздің шылауында. Кетпе,—деп,—әр уақытта жолдан тайып, Барам,—деп,—екі жүзге етіп талап».
лезде кетті қожа көзден тайып, Сопы Әзі осыны айтып болды ғайып.
Арттырып азық-түлік бір мың нарға,
Байлардан көмек сұрап алған екен, Сүрленген өңшең ылғи жал мен жая, 1390 Ішінде тағы да бар қазы-қарта.
Мың нарды жүз адамға жетелетті, Іс қылды, осылайша таңырқатты.
Ісіне мына еткен болып риза, Кіші жүз Әйтекеге берді баға, осы ағай сақи екен деп Атымтайға.
Жиналған Байұлы мен Қаракесек Тарады Әйтекенің отбасынан.
Келе жатқан бұл қашаннан қара орын,
Тараған талай халық ордасынан, 1400 Кетпеген бақ-дәулеті отбасынан.
Ауылынан Әйтекенің шықты тарап, Қалмаққа барамыз деп етіп талап. Келеді өңшең ерлер екпіндетіп, оларға біткен жедел таудай талап.
Астында Сартай ердің Шалқасқа ат, Келатыр қол шетінде ол да айғайлап. Баратын Төртқараның адамдары, Бұлар жүр Әйтекені жанамалап.
Келе жатыр қол шетінде өзі бөлек, 1410 отырған патшалардай халық сұрап.
Әр елдің билері бар қапталында, Айтылған тапсырмасын жүр орындап.
Келеді бір қапталда Байдың ұлы, Басқарып келе жатыр батырсынып.
Сескеніп, жаудан қорқып, тайынбайды, Ішінде ерлері бар не бір күжім,
Асығып келе жатыр жолмен тұжым.
—Асықпа,—деп айтады,—батырларым, «Сабырлық—сары алтын» нақыл барын.
1420 Жол жүріп бірқаншама жақындады,
Көп ішінде Сартай атам асқар таудай, Қасында Жылқайдар мен батыр Мыңбай. Сүгір батыр келе жатыр бұлардан қалмай, Торықожа қол шетінде салып айғай.
осылай жол үстінде келатқанда, Кездесті Кіші жүздің Арғымағы. Хатынан Әйтекенің хабарланып, Сүрікті күннен қалмай жеткен шағы.
Жетіру, Жағалбайлы, Тама, Табын, 1430 Бәрі бір Кіші жүздің ынтымағы.
Басқарып келген екен батыр Сәрке, Ер екен қайтпайтұғын жем мен желге. Жүре беріп Жетіруға айтқан сөзі, Атақты батыр екен белгілі елге.
—Байлағын алмас қылыш, буып белге, Таласады кім осындай туымды ерге.
Бастырмай дұшпандарын өз жеріне, Асырып қуған ер еді шығып белге Атағы шыққан ер ед Кіші жүзге.
1440 Және бар бір батыры намі—Есет, Жау десе соған қарай жел де еседі.
Жауымен таймай тұрып кескілеседі, Ер екен айбаты бар әруақты, о дағы қатарынан кем емес еді.
Кездесті жол үстінде басын қосып, Қалмаққа жетіп барды желдей есіп. Кеңесіп Қаңтартауға салды қосын, ұлы жүз орта жүзбен келген екен, Күніне уағдалы нағып қалсын.
1450 үш алаш үш жағынан қосын алып, Қалмақтың талқандардай тау мен тасын. Аң аулап тау арасында жүргендерін Жібермей елдеріне кесті басын.
үш жүзден үш жүз адам қарауыл қойды, «өткізбе, бағып тұр» деп шекарасын. Бас қосып бұл үш жүздің келген жері, Көтеріп бұл қазақтың аңазасын.
Тынығып осы арада үш күн жатты, он күндей құлан менен киік атты.
1460 Қалмақтың шетке шыққан малын қуып, Әкеліп барымталап, сойып жатты.
Келгенін қазақтардың хабарланып, Қалмақ та елін жиып дайындалды.
«Барлық қазақ бірі қалмай келіпті» деп, Бір жағын қашыруға дайындайды, Қазақпен ұрысуға тайынбайды.
Майданға табылғанын алып барды, Сап тартып қарама-қарсы тұрып қалды.
үш алаш үш жағынан туын тігіп,
1470 Бұлар да дайындалып жетіп барды.
Соғысып қалмақтан кек алуға бәрі Сап түзеп қарама-қарсы тұрып алды. «Ал, қазақ, батыр болсаң, жеке шық» деп, Бір қалмақ шыға салып, айғай салды.
Мінеки, болды енді ердің сыны,
Іркіліп тұрып қалды ердің көбі. Кідіріп жан-жағына қарамады,
Кідірмеңдер, жүр деп Сартай батыр, Барам деп қайымдалған батыр Сырым.
1480 Кетіпті Сартай бірақ мұнан бұрын,
Айғайлап көп ішінен кеселепті, Естіп тұра алмайтын қалмақ сөзін. Тасқындап, кеуілі өсіп жүрген қалмақ Балаған асқар тауға ол да өзін.
Батыры ол қалмақтың Ерен деген, ойы жоқ бір адамнан өлем деген. о да ер өз қайратын көрем деген, Ер екен сол қалмақтың елі сенген, Дұшпанына ар-намыс жібермеген.
1490 Екеуі келе найза салысады, үстінде жеті қабат сауыты бар.
Найзасы ұңғысынан майысады, Және де ат үстінен қылыштасты.
Қылыш тасқа тигендей қайырылады, Тағы да ат үстінен алысады.
үш алаш үш жағынан тілеу тілеп,
«иә, Алла, жіберме,—деп,—дұшпанға арды».
Ер екен әруақты батыр Сартай, Күш жиып қаһарланып ақырады.
1500 Жақындап белбеуінен ұстап алып, Көтеріп жас баладай алдына алды.
Салмағы Сартай ердің үш жүз келі, Майысып жүре алмайды аттың белі. Мысалы ер Шораның Шұбарындай, Тап болған Шалқасқа ат—бұл тұлпары.
өңгеріп қалмақты ерден әкететін, Сүйретіп тойға берген көкпардай.
Ер еді ол қалмақтың бір белгілі,
Алып келіп батырды, 1510 Батыр Сартай сөйледі-ай:
—Шығып едім майданға, Әкелген олжам мынау-ай!
Тілектес сырттан қазағым, Қолдай көр деп әруағың. Абырой беріп Құдайым, Ісімізді оңдадың.
Әкелген мына қалмақты, Тастаңдар,—деді,—байлап-ай, Ас бер,—деді,—жайлап-ай.
1520 осыны айтып ер Сартай, Жүре берді ұрысқа-ай.
риза болып ер Көкше, Жұртыңа барады-ай.
Батырды атқа өңгеріп,
Алып кеткенсін,
Шошынып қалмақтың
Танып есінен қалғандай,
Шақырып әскер бастығына тапсырды-ай.
Қақтырып қайта-қайта барабанын:
1530 —Жабыл,—деп ұран салды—бірің қалмай. үш алаш үш жағынан ат қояды, Көп қазақ аз қалмаққа жабылардай.
Әне кетті қазақ-қалмақ араласып, Түнімен болды соғыс енді тыныш алмай, Аспанға шығып жатыр жердің шаңы-ай.
Қалмаққа түсіп бұлан-талан жатыр бұлар талай. Сарғайып бір уақытта таң атады-ай, Жарқырап таң атқан соң күн шығады-ай.
Сәскеде шықты дауыс «Алаштаған», 1540 Жылқайдар Сартайменен құлаштаған.
Қасқырдай қойға тиген топ-топ қылып, Қалмақты қуып, шаншып шабақтаған.
Не керек, ақыр бір қапталда батыр Мыңбай Бұ да жүр жауған бұлттай күрілдеген. Қалмақтар қорқып-сасып дірілдеген,
Сай-сала, жыра-шатқал жерге кірген, Қалмақты өлтіріп жүр қолға түскен.
Артында және келеді Сүгір деген, Қалмақты шауып-шаншып жүр не деген.
1550 Аты жүйрік қашқандарды жібермеген, ұрысып жүр Жақайымның Торықожасы, Астында мінген жүйрік Салторысы.
Қалмаққа жалғыз барам деген осы— Алдынан сау кеткен жоқ келген кісі, Көрінді халқына анық бұның күші.
Кіші жүзде батыр Ақбай ту ұстаған,
Қорқып, жаудан сасып ығыспаған,
Қасына келсе қалмақ қылыштаған, Сонда да ұстаған ту жығылмаған.
1560 Қозғалмай бір орында ұстап туды, о да ер өз міндетін орындаған.
ұрысып жүр Қарасақал Әбіл батыр, Қалмаққа салып жүрген заманақыр. Қолында қырлы найза—үш қырлы, Шабақтап қалмақтарды қуалап жүр.
Батырдың тепкісіне шыдай алмай, Домалап талайлары құлап жатыр.
Жығылған белдерінен басып жатыр, Қалмақтар топ-топ болып қашып жатыр, 1570 Шұбырып таудан ары асып жатыр.
Қалмаққа тиді Шарабас, Қойға тиген бөрідей.
Қуып барад аралас, Астында бар жүйрік ат— Қашқандарды құтқармас.
Қолында бар ақ алмас,
Сілтегенде жан қалмас,
Домалап жатыр кескен бас.
ұрысып жүр Көнсадақ, 1580 Көн садақты тартқанда, Қашып жүр қалмақ қорғалап.
Жібермей қуып, қамап жүр, Қашқандарды қуалап. өлгені жатыр домалап, Астында бар көкшолақ Шауып жүр оны сабалап.
ұрысып келе жатыр Жәңкесары, Қалмақты топтап айдап жатыр ары.
Келе алмай қарсысына дұшпандары, 1590 Қалмақтың жығылып жатыр талайлары.
Көрінеді өлмесе де көбі жаралы, Жаяулап қашып баратыр адамдары.
ұрысқа кірген екен батыр Тайлақ, Қалмақты қуалап жүр салып ойнақ.
Асынған қылышы, ақ балдақ,
Қалмақтар қашып бара жатыр тырақайлап. Кейбіреу жүгіріп жүр жер бауырлап, Басының аман қалар қамын ойлап.
Жүр екен бір жағында Ақсары Абылай 1600 Қалмақтар қашып баратыр бірі қалмай. Қуалап асырып жүр таудан ары-ай, «Қатын ер қашқан жауға» деген осы-ай.
ұрысып жүр Шықбай ,
Ат жүйрік қашқандарын құтқармаған. Қолында қылыш, найза жалтылдаған, Қалмақтар қорқып-сасып қалтылдаған, Кейбіреу өтіп найза жараланған.
Қалыпты дәл орнында, ол—Киікбай,
Қадалған жерден қан алмай, 1610 Қайтпайтұғын ер еді-ай.
Жылқайдар Сартайменен мұны көрді-ай, Екеуі басын қосып шауып барды-ай.
ұрысты жігерленіп жеделдетті-ай, үш батыр басын қосып сол арада-ай. Қиратып көп қалмақты желдей есті-ай, Тұрғызбай талайының басын кесті-ай, Қуалап қалмақтарды биікке шықса-ай.
Жүр екен араласып Тілеуқабақ,
1620 Баратыр қалмақтарды топтап айдап, Мысалы қойға тиген қасқырдайын.
Батыр Арыстан және Көнсадақ, Қалмақты жан-жақтан қуалап атар.
Бетіне оқ тиген соң түсіп дақ
Қойып еді Төртқараның төрт батырын.
Тұрсын деп Әйтекені қарауылдап, Тұрыпты Әйтекені бұлар қорғап.
Әйтекеге амандықты тілеп отыр,
«иә, Алла, жар бола көр» деп Хаққа жылап.
1630 Шүмекейден ұрысып жүрген Жәнібек-ті, Қарқындап қайтпай келед жаудан беті.
Еркін ер ерегесіп екпіндетті,
Қалмақтың талайының басын кесті.
Шүмекейде Арғынбай, Батыр екен Тарғындай. Қалмақты қуалап шауып жүр, Жапырып көк шалғындай.
Шүмекейде ұбаттай,
Көзін салад қияға-ай.
1640 Қалмақты қайырып қуып жүр, Жібермей шетке далаға-ай. Қуып жүріп сабады-ай, Жеткеннің басын шабады-ай.
Аңаз менен Елемес, олар да бұдан кем емес. Қалмаққа салды төбелес, Егескен жерде ерлігі, Дұшпанына кегін жібермес.
Көреді бір қапталда Байдың ұлын, 1650 Қалмаққа салып жүрген қызыл қырғын.
Бар екен ортасында батыр Сырым, Қалмақты қуалап жүр бұлың-бұлың.
ұрысып жүр Кіші жүздің Арғымағы, Бар еді оларда да ер саңлағы. Екпіндеп шауып жүрген ерлері бар, Жерлерді тозаңдатты ат тұяғы.
Қалмақты қуып шаншып, тозаңдатты, Аспанға шығып жатыр жер шаңдағы, Қалмақты қашырыпты ол маңдағы.
1660 Айғайлап келе жатыр батыр Сәрке, Құтқармай қалмақтарды алдындағы.
оқ тиіп жаралы болды сол арада, Сонда да жау қолында қалдырмады, Жар болып Кіші жүздің әруағы, Келе жатып жол үстінде қаза тапты. Ерлер шын, әне, сондай болды-дағы, Жаман деп кім айтады бұлар-дағы.
Қалмақпен ұрысып жүр Тама Есет, Тайсалмай талайлардың басын кеседі.
1670 Қиратып көп қалмақты желдей еседі, Кездескен ерлермен кескілеседі. Асырып бір бөлігін қуып кетеді, Аман-сау өзі қайтып елге жетеді.
Бір хабар орта жүзден, ұлы жүзден, олар да бір тайпасын қуып кеткен.
Кегі бар ел есебі ол өшіккен, Шын ерлер бар екпіндеген, өлтіріп, талайының басын кескен. Қалмақты бөліп-бөліп қуалап кеткен,
1680 өшіккен дұшпанынан кегін алып, Қалмақтың осыменен ісі біткен.
Басылды зауал ауа енді соғыс, Істеген істерінде болмай кеміс. Ерлердің қайтып келді бәрі тегіс, Мінеки, қазақта болды жеңіс.
Ерлердің көрінеді бәрі де аман, Қазақтан өлген адам бар, жараланған. Сонымен ұрыс бітіп, тамамдалған, Қалмақтан кеткен қазақ кегін алған.
1690 Төле би Қазыбекпен қосып басын,
Екеуі Әйтекеге келіп тұрып, Айтады біріне-бірі армандарын. Қалмақтың елін шауып кек алғансын, Бітіріп ойына алған жұмыстарын.
Тынығып бір азғантай демалғансын, Ерлермен ел жақсысы ізіне ерген.
Сартай «Мен Қорен қалмақты көрем» деген.
Таудай боп жатыр қалмақ кісенделген,
Ер еді барлық қалмақ елі сенген.
1700 Қалмақты қамалап тұр ылғи қазақ. Қасқыр бет қалмақ екен, қалың қабақ, Алты қойдың терісінен киген тымақ.
Батырға қолға түскен бар ма сынақ, Қояндай бұғып жатыр, түскен тұзақ.
Таңырқап ел, бейнесіне қарап тұрып:
«Жар болған Сартай ерге Құдай, әруақ».
Көрсетті ер қайратын көп халыққа, Күшіне ердің еткен кеуілі пісіп, үш жүз боп Сартайға берді баға.
1710 Білген соң әділділік, даналығын,
Билік беріп үш жүзге етті аға, Бақ қонып, би болды ағалыққа.
Қалмақтан келген олжа, мал-мүлікті, үш жүзге бөліп береді сыбаға. Ер Сартай айтты: «Билікті бұл араға, Бөлінбейді келген олжа ешбір жанға, иншалла абыройсыз емес халық, Шүкірлік етпейміз бе берген баққа.
«Ер олжасы тапқан жерде қалады» деген, 1720 Берілсін бүлінген ел—орта жүзге.
Қалмақты қазақ шапты деген атақ, Болмай ма, сол олжа да сіз бен бізге?
олжаға жаудан келген көзің сүзбе, Бұл қалмақ жау болмайд деп күдер үзбе.
Қыз алсаң құтты болсын өзіңізге, Қайырлы келін болсын елімізге,
Келмейік мұнан артық бөтен сөзге.
Жау жеңген қуанышты кеуілменен, Қайтайық енді тарап елімізге».
1730 —Ерлер мен ел жақсысы мақұл, деді, Айтқаны би ағаңның ақыл, деді. Қоренді қолға түскен өлтір, деді, Бітеді елдің кегі сонда, деді.
Болмаса Қазыбекке құлдыққа бер, Құл жұмсап елдің кегін алсын,—деді.
Сартай сонда сөйлейді:
—Құлдыққа бергенменен, бұл көнбейді,
Босанып өз еліне кете қойса, Қайта шауып, бұл елге күн бермейді, 1740 Қалмақ ер ашуланса, әлің келмейді.
Сартай би айтқан еді көпке ақыл:
—Ерді ер қолға түскен өлтірмейді, Келе атқан бұрынғыдан қалған нақыл. Ер мен ер кездескенде өлу керек, Дем бітіп, сол арада болса қапыл. Жұмсаймын бұл қалмақты өз еліне, Тапсырам екі ауыз сөз көрсе, мақұл.
Босатып бұл қалмақты жіберемін, Тапсырма бір-екі ауыз сөз беремін.
1750 Қазаққа енді қайтып тимеймін деген, Қонтайшы ханнан алып келсін сөз берігін.
Келмесе ертең түсте уәдеге, Қалмақты өзім барып бір көремін, осымен бұл қалмақты жіберемін.
осыны айтып ер Сартай, Еліне Қорен батырды жібереді.
19-83
Таймайтын уәдеде о да ер еді, Босанып Қорен батыр еліне келеді,
Іркілмей ханына келіп сәлем береді.
1760 Айтады ол қазақтардан көргендерін:
—Ассалаумағалейкум, отырсыз ба аман, ханым-ай! Мен байлауда жатқанда, Келмеді ешкім жаныма-ай. Кете бердің сен қашып, Алды-артыңа қарамай.
Мені қазақ босатып, Аман келдім еліме-ай.
Байқап тұрсам шамаңды 1770 Бүлінген, ханым, еліңе-ай.
Тау тасалап қашыпты, Елдегі батыр, ерің-ай.
Қуып қазақ малыңды, Шаңдатыпты жеріңді-ай.
Және таңдап алыпты, Елдегі сұлу қызыңды-ай. Шабылып халық, елдерің, ұшырапсың шығынға-ай,
Тыңда, ханым, құлақ сал, 1780 Айтайын енді өзімді-ай.
Мықтап ұстап белімнен, Көтеріп алды атымнан, Көрмеді артық қатыннан. Алып барып өңгеріп,
Аяқ-қолымды байлаған, Екі көзім жайнаған,
Дұшпаныңды мен ем қайырған.
Жан келмеді артымнан, Көрмедім пайда халқымнан.
1790 ұрысуға жауыңмен, Жоқ еді жерім тартынған.
Көрген жоқпын батырды, Қайраты менен артылған.
Мен мұндай ерді көрмеп ем,
Қаһарынан нан пісіп, Кетіп ед жау алдынан.
Нағыз туған ер екен, Қайтпайтұғын Тарғыннан.
Кереметті ер екен,
1800 Барлық қазақ бас иіп, Қамалап қазақ келгенсін,
«Жеке шық» деп ақырдым, «Бірің кел» деп шақырдым.
Шыға келді бір қазақ, Соныменен алыстым, ырғалып найза салыстым. Қылыштастым, серместім, Найза қалды қайырылып, үстіне киген көк сауыт,
1810 Қылыш қалды майырылып.
Жағаласып алыстым, Амалды енді тауыстым.
Сол уақытта ол қазақ,
Қаһарланып ақырды, Әруақтарын шақырды.
Жас баладай көрмеді, Мен секілді батырды.
Айтқаным осы тыңдасаң,
Қайтпаймын енді антымнан.
осыны айтып болған соң хан ойланып: «бұл екеуі қазаққа қосылып, елге қайта шауып, Саранақ секілді қаланы бүлдірер» деп қауіп етіп, «қазақ осыменен кететін болса, бір-бірімізге енде қайтып тимеске шарт жасайық. Қағаз берейік» десті. «Қазаққа енді қайтып тимейміз» деп хат жазып, шарт жасап, қонтайжы хан қолын қойып, мөрін басып Қорен батырдан беріп жібереді. Сол қағазды әкеліп Сартай батырға тапсырып, Сартайменен татуласып, еліне қайтады. Сартайдың мынадай ісін көрген соң үш жүз Сартайдың ақылы мен ерлігіне риза болып, «Ер Аннас» деген атақ береді. үш жүздің атынан «үш жүздің би ағасы» деген Сартайдың мөрі болған.
1820 Сонан кейін ер Сартай, Аттанып жауға жүрмеген. Халық егесі би болып, үш жүздің сөзін сөйлеген.
Бітіріп дауды елдегі, Хандарға теңдік бермеген. Арын арлаған қазақтың Батыл да батыр би екен.
Қатарындағы халықтан Қарсыға дұшпан келмеген.
1830 ықпал бағы таймастай,
Бір жүз жиырма бес жасқа келген. Алғыспен дәрежелі өмір сүрген, Атамыз осылардан үлгі көрген.
Ер Сартай осыменен аяқталды, үш жүзге аға болып атақ алды.
үш жүзден қайратымен ақылдасып, Басына баянды боп бақыт қонды.
Ерте өткен уақытта, осындай заман өтеді-ай.
1840 Сонан бері бұл үш жүз, өркендеп, шалқып өседі-ай.
өніп-өсіп халық боп, Жөніне тарап кетеді-ай. Аға болып үш жүзге, Сартай бата береді-ай. Ендігі сөз, мінеки,
Жылқайдарға келеді-ай.
Сартайдың әкесі Байжан Бұландының бойында Тарақ деген кең қолтық жер бар екен Арал теңізінің жағасында. Сол жерде Адамтас деген тас әлі бар. Сол жер Байжан атындағы жайлау екен. Сол кезде Сартай он төрт-он бес жас шамасындағы бала екен. Әкесінің жылқысын бағып жүреді екен. Сол жылқыны бағып жүргенде бір шалқасқа тұлпар келіп, бір биесіне шауып кетеді. Сол биеден шалқасқа ат туады. Байжан атамыз Сартайға «сен адам боласың» дейді екен. «Ары болсаң, бір жүз елу жас жасайсың» дейді екен. Сартай адам болып ат мініп, қатарға келген соң бір төрелікті түзу айтпай, сонан жиырма бес жас кеміген дейді. Сонда да бір жүз жиырма бес жас жасаған адам екен. Кейін Сартайдың Шалқасқа атына серік Көкбас деген атаны болған. Ел арасына сол атанменен жүреді екен. Сартай өте ірі адам болған. Ат алып жүре алмайды. Шет елге жауға шапқанда Шалқасқа атқа мінеді екен. Қаракөл деген көлдің басында Сартай деген қорым бар. ол Сартайдың сүйегін жуған жер. Сартай өлерде «менің сүйегімді Көкбас атанға артып жібер» дейді. ол атан Қосымқожаның қор жағына барып тоқтайды. Сартайды сол жерге қояды. Сартайдың сүйегі Қосымқожада, Қызылдың шөлінде.
Қолыма қалам алып жаздым хатқа,
Жаздым мен Кіші жүздің батырларын.
1850 Атағы жойылмасын қалып артқа,
Халық қорғап заманында өтті бұлар, Жайылсын жария болып, сөз халыққа.
Бұл сөзге талаптандым етіп еңбек, Атағын ерлеріңнің шығармаққа. Фердоуси, рүстемді, отыз жыл жазып қалдырған, Дүние жүзіне сөзін халыққа.
Біліп ол оның еткен еңбегіне, Түсінде көріпті мініп пыраққа.
1860 «Алты жүз жыл жер астында қалып едім, Қалдырдың атағымды,—деді,—артқа.
Тірі болсаң, еңбегімді ақтар едім, риза бол тоғыз берген гауһар тасқа. Сілтеді тоғыз гауһар жатқан жерден,
Бұйырса сізге нәсіп ықыласқа,—
Деді,—деймін болды мініп атқа,
Ерлердің бәрі сондай заманында, Сүйенген өткен ерлер әруаққа.
Бұл сөзді бір жыл жазып, еттім еңбек, 1870 Менің де бұл еңбегім кетпес босқа.
Бұл сөзім білімдіге түсінікті, Адам деп түсінбейтін ақыл қысқа.
Жазып ал жақсы сөзін жастарымның, Жақсыдан кем болмайсың, алсаң нұсқа.
Қолыма қалам алып қараладым, Сұрасаң атым—Қарман Сұлтанұлы, Жасымнан ой мен қырды араладым. Қолымнан келгенінше құрмет етіп, Етегін жақсылардың жағаладым. 1880 Деген бар «ел қыдырған болар сыншы», Айырып жақсы-жаман шамаладым.
Әуелден өлең-жырға үйір болдым, Сөз жинап, сөз қадірін бағаладым.
Белгілі Нұртуғандай болып жүйрік, Шайырдың қатарына саналмадым.
Тотыдай бойын толғап таранғанмен, Сөздерін алпыс шақта таба алмадым.
Сондықтан Кіші жүзді жыр етуге, Көңілдің көрме туын сабаладым.
1890 Әйтеке, Сартай, Жылқайдар жыр етейін— Кеуіліме осы болды қалағаным. Жинақтап көптен бері сөз желісін, Кәрия үлкендерден сұрағаным.
Артына Жылқайдардың және қостым, Тіліне жәрдем бергей бабаларым. Бұл сөзді естігенде таласарсың, Ішінен аларсың бір жарағанын.
Баспаға бұл сөзімді берсем деймін, Білмеймін не айтарын сыншылардың.
Еңбекті бағаласа тыңдағандар,
1901 Сөзімнің пайдаға асып, жарағаны.