Қабыл Қамзаның өлең шежіресі

Қабыл Қамзаның өлең шежіресі
ұранхай—менің туып, өскен жерім, Кірім жуып, кіндігім кескен жерім. орта жүз Найман елдің бел баласы, Саржомарт ұрпағынан менің елім.
Қожамбет—Саржомарттың бір баласы, Бекберді, Қожамбет қой жоқ таласы. Тарайды Қожамбеттен Қабыл-Доғал, ұранхай, Тарғын өзен, аңғар басы.
өтіпті Қабыл-Доғал тату болып,
10 Тарғын мен ұранхайға қоныс қонып. Қысқаша өз атама тура тарттым, Тым толық болмаса да, шетін шалып.
Аз өскен—сол Қабылдан біздің ауыл, Бес бала сол ауылдан, туған бауыр. Болғанда: төртеуі ұл, біреуі қыз, осылай естуімше, өткен дәуір.
Әлібек, Жәнібек пен Қойкелді, Айна Қонысы Көктау түбі—ұранхайда.
Әлібек, Жәнібектен бірталай үй,
20 Аз өскен—сол Қабылдан Қойгелді, Айна.
Қабылдан екі-үш ауыл болып еді, Ауылдар жеке-жеке қонып еді. Жақсы ауыл «бауырмал» атақ алып, Ауылға құт-береке қонып еді.
Қазір де аз ғана үй—содан қалған, Тұрмысқа билетеді мына жалған. Быт-шыт қып, отыз екі—атақты жыл, Азайтып, ауылыма таңба салған.
Әлібек—алтыншы атам, өзімменен, 30 Атаны таныстырам, сөзімменен.
Моласы Бозанбайдың батысында, Мен көрдім, алдыңғы жылы, көзімменен.

Туыпты Тоқпал-Байбол Әлібектен, ол күнде зорлық еткен, әлі жеткен. Қызылсу Қарадоңғал жаз жайлайтын, Әр жерге көшіп қонған, малы көптен.
Тоқпалдан өтеген мен Кеңгірбайым, Білемін жаста та болсам, ата жайын.
Байеке (Баяубаймен) өтегеннен,
40 Кенекеңнен (Кеңгірбай) Қорлыбай мен
Сырлыбайым.
Қоныстың бір саласы—Қызылқайың, Ешкімнің рас сөзге жоқ таласы. өктембай, Ақтамбай, Сақыпбаймен,
Ерғали, ораз—мен көрген Байекенің бес баласы.
Бояубай сөзге шешен адам екен, Турашыл, сөзден қайтпас бабам екен. Бірақ та қолы қысқа адам болып,
Адамға жоқшылық та жаман екен.
қабыл қамзаның өлең шежіресі 223

үш ұл мен екі қызын көзім көрді,
50 Қазірде шеткері жүр, көрмей елді. рахметтен Қайдар қалды Бурнашевта, лұқпан мен ер Құсайын—туған елде.
Құсекең ағаменен құрдас екен, Ішінде туысқанның сырлас екен.
Ақ көңіл, жарқылдаған тура жүріп, Мойынын жамандыққа бұрмас екен.
Туыпты бес ұл, бір қыз Қорлыбайдан, Қазірде еш ұрпақ жоқ Сырлыбайдан.
Бижұма, Байжұма мен ыбырайым, 60 Туысқан омархан мен Қорлыбайдан.
Қорлыбайдың төрт баласын көзім көрді, Білемін жас та болсам әрбір елді. Төрт үй болып, жан-жақты өсіп еді, Бижұма бір ауылға бас боп келді.
Қазірде Түскеңнен /Түсіп/ содан қалған, өкініш, өткен іске болады арман.
Естимін бригадир деп колхозымда, Басқасы—өскен жерде дүние салған.
Айтылды өлеңменен бірталай көп, 70 өлеңмен сөз сөйлесем, көңілге сеп.
Тентектеу жас кезінде болғаннан соң, Балалар атап кеткен «тентек аға» деп.
Менің де туысым сол қазір қалған, Көнесің не салса да, мына жалған. Байғали, уәлимен—екі інім бар,
Тұсында отан соғысы әскерге алған.
Байбол деген атамыз бай болыпты, Әлібектің көп жері жай болыпты.
Атақты Керітөбел аты болып, 80 Мінгені анау-мынау жай болыпты.
Байболдан үшінші атам—Қуаш туған, Мінезі бек салмақты, жуан туған. өтіпті жүзге келіп, қызық көріп, Бай болып заманында, билік құрған.
Байболдың екінші ұлы—ер өскенбай, Қуаштай болмаса да, ол малға бай.
Қазақтың қара тілді шешені екен, Тура айтпай, көншімейтін көңілі жай.
изаби, Жиеншемен өскенбайдан,
90 Сөз қылдым, ата-жөнін әлдеқайдан. Жікеннен ұрпағы жоқ артта қалған, үш қыз бен бір ұл қалды Құдаспайдан.
Қуаныштан Теміржан мен туған Болат, ұрпақ жоқ кенжесінен аты—Жомарт.
Нұрғали, Нұрсұлтан мен Теміржаннан: Қадес бар Нұрғалидан, ұрпақ сол-ақ.
Болат деген атамды көрдім өзім, ол өткенде он жасар менің кезім.
Мал баққан, момын шаруа адам екен, Тыңдаушы едім неше түрлі ертек сөзін.
Берғали—менің әкем Бекенұлы, Құдайдың көп тұрмайды сүйген құлы.
Атаны, қатын-бала бәрін тастап,
104 өтіпті мың тоғыз жүз он сегіз—жылқы жылы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *