Қаракерей Мұрын Ақшайықтың өлең шежіресі

Қаракерей Мұрын Ақшайықтың өлең шежіресі
Атыңнан айналайын, Хақ Тағалам, Ғаламға он сегіз мың жетер панаң. Жіберіп жоқтан бар қып, пенде жасап, Жаралған топырақтан—атам Адам.
Солардан бері қарай шежіре боп, Көз жетпес өткеніне қанша заман. Адамзат топырақтан тебіреніп, Жаралған өз тәнінен Хауа анам.
Топырақтан жаралыпты Адам бұрын, 10 Бейнесін топырақтан қылған порым. Әуелі Адам пайғамбар болса-дағы Алдымен жаратыпты расул нұрын.
Пайғамбар жүз жиырма төрт мың тамам, расулдың өзін қылған ең ақырын. Ат қойған «хабибім» деп, досты қылып, Жаратқан расул үшін барша құлын.
«ұрығы—біз Адамның» деп айтады, Бытыраған төңіректің төрт бұрышын.
Бұрын да сан әулие өткен сабаз,
20 үзбеген шежірені жазған қағаз.
рухы осылайша таралмақшы, Әртүрлі шежіреден білсең, сұрай. Мағаздан Смағұлды туғызады, Туады,—деп айтады,—одан Қурай.
Қурайдан Аламанды туады деп, Бір жазған шежіреден көрдім, солай. уақиға әр тарапқа кеткен шығар, Кетеді түзу бастап бері қарай.
Найманнан арғы жағы жиырма ата, 30 Жігіттер, ойластырып көрсең, солай. Ақшолпан Аламанның баласы екен, Солардан қалған болдық тарай-тарай.
Жарылға туады екен Ақшолпаннан, Сұрасаң, шежірелерді оқығаннан. Бұрынғы өсіп келген ата-бабаң, Кем емес дәрежесі мың-мың саннан.
осыны бір адам жоқ көзі көрген, Шежіре барша жанға үлгі берген.
Атамыз Жайылханнан Майқы туып, 40 Жамағат, жерің осы өсіп-өнген.
Біреуге білгеніңді айтқан жақсы, Ер жігіт, дәм айдаса, жаһан кезген. Шежіре әртарапқа кеткен сөз боп, Айтуы рас болса үлкендердің.
Жігіттер, Майқы биден туады өзбек, Дүние бірден келіп, бірден кеткен. Білмейміз алдымызда не бар, не жоқ, Пенде жоқ ақырына көзі жеткен.
Туады бір енеден деген сөз бар:
50 Екеуі—Қазақ, Созақ өзбектен.
Баласы өзбектің—Қазақ, Созақ, Харам ғой мұсылманға жеті тозақ. Созақтан Ауар, Сәрсен—екі бала, Жігіттер, Ауарынан нәсіл жоқ-ақ. Сәрсеннен шежіреде Ноғай туып, Атандық сол себептен Ноғай-Қазақ.
Бұзылып, жылдан-жылға заман тозған, Термелеп шежірені әркім жазған.
Атамыз Қазақбайдан туады озған, 60 озғанның ұзақ және баласы екен. Дүние тірі жанға тамаша екен, Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз, ұзақтың нәсілінен Алаш екен.
Білгеніңді айтса жақсы, келсе кезі, Алаштан үш Арыс боп тарайды екен, Халықтың үш жүз дейтін мысал сөзі. ұлы жүз үйсін туды Ақарыстан, Жігіттер, үлкендерден естісеңіз.
Келімбет атаң туды Бекарыстан, 70 Туады Келімбеттен атаң Көсем. Бұрынғы адамзаттан бері қарай ұрқынан Найманының ұлы атасы.
Көсемнен туады екен Сарманай, Келеді арғы жағы бірталайдан, орыны имандының кең сарайдан.
Біреуі—Арғын, біреуі—өз атамыз.
Ақсопы, Ақжол туды Сарманайдан.
Тоқалдан Қоянбай, Жарғақ туып, Кетіпті нәсіл қалмай Қоянбайдан.
80 Ақжолдан Қарақожа—екі бала,
Туады Ақсопыдан атам—Найман.
Найманның жалғыз ұлы Туаш атты, Жасында Туаш мырза дүние салды. Найман шалдың тоқсаннан асқан кезі, Бала жоқ, келіні Әлпіш жесір қапты.
Пендеде не шара бар, Тәңір қылса, Кім қалар тағдырынан әмір қылса. Данышпан—өзі ақылды, текті адам, Келіні қайғырады, жатса-тұрса.
90 Жасы бар тоқсан үште Найман өзі, Көрмейді ешнәрсені екі көзі.
Баладан енді бабаң күдер үзді, Тарайды деп ойламаған одан бізді.
Ішінен Әлпіш сұлу ой ойлады, «Атама алып берсем» деп бір жас қызды. үйсіннің билерімен ақылдасып. Бір қызды алып берді сұлу жүзді.
Тоқтының сүтін бөлек іркіт қылып, Неше күн атасына құрт ішкізді.
100 «Атамның бел қуаты келді ме?» деп, Күн тұра атасына қыз құшқызды. Сол жерде шариғатқа бабаң келіп, өзі өліп, Қызенейден ұл туғызды.
Баланың атын қойды Белгібай деп, «Бір Құдай тілегімді берді ғой» деп.
Баланы Әлпіш өзі асырады,
«Атамнан жалғыз қалған белгі ғой» деп.
Найманның Белгібайы ер жетіпті, Баланы қайным деп Әлпіш күтті.
110 Бала әбден бәлиғатқа жеткеннен соң, өзіне Әлпіш анаң неке оқытты.
Белгібай қыз айттырып, алды қатын, иманға жақсы ұрғашы болар жақын. Әлпіштің көңіліне салған Құдай, осылай жоғалтпасқа Найман артын.
Атамыз Белгібайдан бір ұл туып, Жігіттер «Сүгірші» деп қойған атын. Екінші тағы да алды, қыз айттырып, Еш адам жатқан емес сөзін бұзып.
120 Болыпты жас күнінде үш некаһлы, Артында бала туса, болмай ма ұрық.
Тоқсұлу екіншісі—өз шешеміз:
Арт жағы қалың болды ұшан-теңіз.
Туады Тоқсұлудан Төлегетай, Туады—деп және айтады,—одан Қытай.
Қытайдың төрт баласы деп айтады:
Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай.
Жасында Қытай мырза дүние салып, Білмейді балалары атын атай.
130 Жас бала үлкен әке қолында қап, Атанған сол себептен Төлегетай.
Төрт ұлы Төлегетай түс көріпті, Төртеуі әрбір түрлі іс көріпті. Алдына атасының келіп тұрып, Төртеуі атасына түс жорытты.
үлкені Садыр айтты: «Боз ат міндім, Жау-жарақ қаруымды қолыма ілдім. осылай, ата, менің көрген түсім,
Жекелеп топтан шығып жүр екенмін».
140 —Түсіңде жүрсең, балам, боз ат мініп, Жау-жарақ, қаруыңды беліңе іліп. Бірталай өсіп-өніп ел боларсың, Арт жағын болады екен жаугершілік.
Матай айтты: «Ту ұстап, тұлпар міндім, Түсімде қалың көшті бастап жүрмін. осылай, ата, менің көрген түсім, өзенге, үлкен алқап ел қондырдым».
—Қарағым, мен кәрімін, сен баласың, Сен дағы толып жатқан ел боларсың.
150 Ел табаны ауғандай заман болса, Қоныстың ең тәуірін сен табарсың.
Төртуыл: «Бақтым,—деді,—бір қысырақ, Жануар кете берді, тым бытырап. осылар, ата, менің көрген түсім, Қайырып баға алмадым, басын құрап».
—Түсіңде бақсаң, жаным, қысырақты, Мекенің болмайды екен бір тұрақты. Ел болып, бір-ақ жерде тұра алмайсың, Арт жағың болады екен бытыраңқы.
160 Айтады Қаракерей көрген түсін:
—Жүк артып қара нарға түнде көштім. Алдымнан қалың тоғай кез боп қалып, Жол тауып шыға алмадым, соған түстім.
—Тоғайға жол таба алмай қонып қалсаң, Қарағым, көп болады мал мен басың. ұрқың талша көктеп өседі екен, ұйтқысы төрт баланың сен боласың.
Бай болған Қаракерей салтанатты, Бар еді жалғыз ұлы Байторы атты.
170 «Балаға ата сыншы» деген осы, Бірталай бір өзінен жан тарапты.
Қамысқа қой суарып барған екен, Бабамыз бір жас бала тауып апты. Болмасын қос торының өзгелігі, Ерторы болсын дейді мұның аты.
Жігіттер, осындайлық сөз тараттым, Құдайым, өзің кешір, болса қатем. Ерторыдан Қызылым деген бала туып, Байторыдан туады Мейрам атам.
180 Атамыз Мейрамнан туады Байыс, Байысың туады екен Қызылымнан.
Жігіттер, Қызылымнан бір ұл туып, Атанып «Сегіз-Найман» болған ұран.
Атамыз Сарымұрза Байыс ұлы, Аз ғана әңгіме қылып, жаздым мұны. Сарымұрзадан Жолымбет бабам екен, Құдайдың қыдыр дарып, тиген нұры.
Жолымбет—бабам атын, есімін айттым,
Атамыз Жолымбеттен жеті ұл туып, 190 Бәрінен Қаракерей болған өсім.
Жала ғып бір жиында танып алған, Ақ Найман деп атайды ең кенжесін.
Баласы Жолымбеттің Қыдыражы,
Жаратқан соның бәрін, Тәңірім қазы.
Атасы Мырзаш, Тәуке—бір Әжіғұл, Қалмұрат—жетеуінің болған азы.
Қарымсақ, бірі—Қоныс, бірі—Тәңірқол, Қоныстап Тоқтағұл бай жалғыз туды.
Соларға қыдыр дарып төккен нұрын, Құдайым Тоқтағұлға берген нұрын, Бар екен төрт қатыннан тоғыз ұлы.
Төрт түлік малыменен—бәрі толық, 203 Құдайдың солар екен, сүйген құлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *