Көкжарлы мен Бура
Ертеде елдің надан өмірінде Тарихы көп жылдардың куә бізге. Ақсақал елді билеп, ру қуып, Быт-шыт боп берекесіз жүрген кезде. Шығыпты Арғын, Найман, Керей, уақ, Басты ру орта жүздің бөлігінде. Арғын көп, Найман аздау кездері екен, Басы Сыр, аяғы Алтай жүрген кезде.
Қарасам шежіренің бетін ашып, 10 өткенге таң қаласың аузыңды ашып.
Түбі бір атадан өссе дағы, Қас болған бір-біріне қара басып.
Найманның бір руы—Көкжар-Бура, Естуші, зейін қойып сөзім тыңда. Ескілік, өркөкірек, надандықтың, Қараңыз, алмастық сорлығына.
Саржомарттың Сармырза азаматы, Болыпты екеуі де жамағаты.
Саржомарт әйелінің аты—Торқа, 20 Сүйегі Шоға қызы, уақ заты.
Сармырзаның әйелі аты—Күңке Туған ұл ең алғашқы егіз екен.
Жиылып, Арғын, Найман басын қосып, Бақанас, Бақана деп қойған екен.
Келгенде бұл балалар екі-үш жасқа, Туғанмен бір атадан өмір басқа. Енші алып Саржомарттан бөлек кетті, Кеңшілік Аягөзге, Шұбартасқа.
Саржомарт Тарбағатай жүрген жері, 30 Ар жағы—Жоңғар, Алтай одан бері. Торқадан төрт ұл туып, төрт найзагер, үлкені Баржақсы мен Шайғозы еді.
Байдалы, Жансарымен және туды, Қайраты бұлардың да артық еді. Екі қыз бұдан кейін тағы туып, Бұлардан бірнеше ру, халық ерді.
осылай бұлар да өсіп тұра тұрсын, Тыңдаушы кейінгіге мойын бұрсын.
Келгенде жиырма бірге Сармырза өліп, 40 Екі ұл мен бір жесір Күңке жылай жүрсін.
Саржомарт іні қамын ойлайды екен, Дал болып өздігінен сарнайды екен.
Торқаның мінезі тік, ашуы қатты, Күңкемен келістіруді ойлайды екен.
Баруға інісі өлген, жері алыс, Бармауға жібермейді ұлт-намыс. Саржомарт ерте ойлайды, кеш ойлайды, Қоймайды адамшылық жігер, намыс.
Бір күні бейсенбіде ұйықтап жатқан, 50 үй-іші шырт ұйқыға әбден батқан.
Торқаны жанындағы оятады, Сондағы ердің сөзі мынау айтқан:
—Ей, Торқа, қалғаның ба қатты ұйықтап, Жамбастап босатпайсың оң иықтан. Төрт ұл мен екі қызың сенен туды, осымен тоқтау қылып қойсақ, шырақ.
Жанымдай жақсы көрген жарым едің, Сүйісіп кішкентайдан алып едім.
Қимаймын, сенен шығып кете алмаймын, 60 Айтылған ар-намыстың лағы едім.
Білесің інім үш жыл бұрын өлген, Екі ұл мен жесір келін жетім жүрген. Атым бар асқар таудай, ел қорыған, Қанеки, менің пайдам оған тиген.
Түсімнен бір шықпайды інім зары, Бақанас, Бақананы тапсырғаны. Жалғанда жаным риза болар саған, Көшіріп бір ауыл боп тұрса бәрі.
—Ерім-ау, мына сөзің маған батты, 70 Айтқаның жүрегімді жабырқатты. Көшіріп алып келші туысыңды, Мекен қып, тұрмаймыз ба осы жақты.
Балалар жатырқасып кетпес үшін, Мен қидым, Күңке қиса бір сен үшін. Арамыз бөлектесіп отыралық, Аз күнгі дүниенің қызығы үшін.
Келісіп төсегінен Жомарт тұрды,
Ерттеп ап Ақтанкердің бетін бұрды.
Араға ара қонып есен-аман, 80 Аягөз, Шұбартасқа келіп қонды.
Келген соң батыр Күңке ауылына, Сарманнан қалған тұяқ қауымына. Білмеймін аз жата ма, көп жата ма, Көшті ауыл Тарбағатай бауырына.
Тұрағы Сармырзаның өзен екен, Аталып Бақанас боп кеткен екен. Басында сол өзеннің бір оба бар, Сол оба «Сарман өлген» оба екен.
Көшіп кеп, Күңке қонды Шилісайға, 90 Торқа отыр Маңырақтай тау маңында.
Екі-үш жыл тату-тәтті өмір сүрді, Мал баққан шаруаның жағдайында.
Күңкенің Торқа келді ауылына, Сағынып көп жыл болған бауырына.
Құрметтеп малын сойып күтіп жатыр, Дегенмен келді арамдық Торқа ойына.
Қарасаң, Күңке сұлу бұраң қаққан, Майда сөз асты-үстіне бірдей жаққан.
Тұрса егер бұл түрменен адам қоймас, 100 Күңкенің бұл мінезі бұған батқан. Ақ шәмша, жұқа маңдай, қиылған қас, Болғанда оймақ ауыз, сүмбілдей шаш. Қасына келген еркек шығар емес, Аршын төс, алма мойын, бір түйме бас.
ойлады сонда Торқа Күңке жайын: «Болмаса жарар ед деп арты уайым». Қам қылып сырын ашпай үйге қайтты, Сөйлейін бұдан былай істің жайын. үйіне Торқа оралған өңі қашып,
110 Ішінен бір сұмдыққа қадам басып. Бақана, Бақанасты көрді артық, Төртеуін өзінен туса да асып.
Мұны естіп Баржақсы мен Шәйгөз батыр, Байдалы Жансарымен ойлады ақыл. Төртеуі үйден шыға ақылдасты Жоймаққа Бақана мен Бақанасты.
ол кезде қазақ елі мал бағады, өзбектен сауда қылып мата алады.
Бұқардың әкімінің саудагері,
120 Аулына Саржомарттың кеп жатады.
Қазақтан өзбек жиған жүн мен малды, Қайтуға күзге қарай дайындалды. —Екі қап мейіз берсең, екі ұл берем,— Деп келіп, Шәйгөз батыр саудалады.
—Әкелем екі бала кешке қарай, Бөгелмей жүрер болсаң бүгін ғана. Көрсетпей, тез аттанып жүріп кетсең,
Дос болып, тартар едім сыйлық жана.
Келісіп қара сартпен уәде етті,
130 Аулына Күңке сұлу келіп жетті.
Бақанас, Бақананы алдырады,
—Бері кел, мен ағаң,—деп азғырады.
Азырақ мейіз бенен өрік беріп:
—Аулыма қонақ бол,—деп шақырады.
Жас бала бұл айтқанға алданады, Жеген соң өрік, мейіз ес қалмады. Мінгізіп алды-артына екі ұлды,
Көрсетпей, сартқа әкеп тапсырады.
Сарт дағы жолды тосқан дайын екен, 140 Тұрағы бір Матайдың кемпірі екен.
Зарлатып, жас баланы сартқа беріп, Жатқанын жетім кемпір көреді екен.
Жөнелді сарт баланы жүгіне артып, Белгісіз не істері онда апарып.
Екі қап мейіз беріп екі ұл алды, Зарлатып, қос жетімді зар жылатып.
Бұқарға сарт аттанып бара тұрсын, Тыңдаушы кейінгіге мойын бұрсын.
Жоғалған екі жетім көлде ойнаған, 150 Табылмай, іздеген жұрт тұра тұрсын.
Зарланып қалды Күңке жерді сабап, өртеніп, маңдай шашын күнде жұлып.
Таба алмай не өлісін, не тірісін, Сандалып көп іздеуші кетті тарап.
Жоғалып балалар солай көп күн өтті, Шамамен үш-төрт жылдай мезгіл жетті. Жалғыз-ақ зар жылаған Күңке зарлы өзгелер бұдан басқа ұмытып кетті.
Саржомарт қос жетімді ойлайды екен, 160 ойлатпай жоғалған ұл қоймайды екен. Тау-тастан, аққан судан хабар күтіп, ұшқан құс, жортқан аңнан сұрайды екен.
Айтпайды көрген жанның бәрі қата, опасыз істегенін туысқанның . Көңілі Саржомарттың сүрей таза ойлар ма қас қылар деп балаларын.
Саржомарт заманында болған мықты, Дұшпанын ерегескен жерге тықты.
Көк найза, болат семсер қарына іліп, 170 Ақ сауыт, жебе, садақ түгел шықты.
Майданда жауға шапқан жеке батыр, Сондықтан жеке жайлап келе жатыр. Жауласқан қазақ-қалмақ соғысында, орнатқан дұшпанына заманақыр.
Бұл кезде қырық бесте батыр жасы, Қапалы жетім үшін мұның басы.
Тау-тасты күңіренткен сұрау салды, Ақтанкер жалғыз ердің жан жолдасы.
Бір күні батыр келді ауылына,
180 Қамшы ұрып Ақтанкердің сауырына. Дем алып тыныштықпен жатты батыр, Бой ұрмай дүниенің ауырына.
Арқаның қоңыр салқын майда желі, Толық жаз, сарша тамыз мезгіл еді. Матайдан қоңсы қонған жалғыз кемпір, Тал түсте құрт қайнатып отыр еді.
Бар екен Қайыр атты жалғыз ұлы, Жетімнің кімге жүрген қажет аулы.
отырған көбік жалап Қайырды кеп,
190 «Алдың,—деп,—асығымды» Жансар ұрды.
Қоймады қой дегенге тоқтау бермей, Айтқанын үлкен-кіші адам демей.
Зарлады дауа қылып сорлы кемпір,
Болған соң өлтіретін дамыл бермей.
—Құдай-ау, айналайын құдіретім, Бұзылды жетім көрсең, сенің ниетің. Бұқардан келген сартқа ініңді сатып, Күңкені зарлатып ең, тірі жетім.
Сендердің қылығыңды атаң білмес, 200 Айтуға сенен қорқып шамам келмес. Ал айттым, өлтір мейлің, тірілт мейлің, Бір жаным Қайырымнан артық емес.
Саржомарт Ақтанкерді жетекке алып, Суармақ бұлақ жаққа алып барып. Дауысқа шаңқылдаған құлақ салса, Сөз келді Күңке жетім ауық-ауық.
Батыр да сол дауысқа жақын келді, Келгенін Саржомарттың кемпір көрді.
Шайгөздің екі ұлды алып келіп, 210 Сатқанын қара сартқа айтып берді.
—Төрт ұлың сенен туған жұрттан асты, Жетім-жесір көрінсе, қанын шашты. Бақана, Бақанасты зарлатқан қу, өмірі еш адамды аямас-ты.
Саржомарт Жансарыны шақырады, Қалдырып бала көңілін ақырмады. —Шайгөзге айт, түгелімен үйге қайтсын, Баспаңдар бұдан былай осы маңды.
Батыр да үйге келді өңі қашып, 220 Ешкімге сыр бермейді қабақ ашып. Ерттеді Ақтанкерді сайман алып,
Тоқталмай кетті Ақшиге таудан асып.
—уа, келін, біз жүріппіз қара басып,
Жақыннан жау шығыпты жанталасып. Тоғыз қып Қарабура, Көкжалды алып, Жүремін Бұқар жаққа, тартса нәсіп.
Бір хабар бүгін білдім, оным анық, Сатыпты балаларды қара басып.
Апарып Қарабура, Көкжал атты, 230 Бақана, Бақанасты келем алып.
Мұны естіп Күңке сұлу қалды талып, Анаға зарлап жүрген бар ма айып. Жанына жолдас алмай жүріп кетті, Жол ауыр болса дағы аса қауіп.
Аман-сау екі ай жүріп, келіп жетті, Жаз өтіп, күз түсерлік мезгіл жетті. Бұрын көп Ер Көкшемен келген еді, Дейтұғын: ер Әмірхан хакім ерді.
ол кезде Бұқар үлкен емес, қала,
240 Жер ыстық, бау-бақшасы, сай мен сала. Саудамен шартарапқа аты шыққан, Белгілі Азиядағы болған қала.
Шаһардың айналасы тастан қорған, Алдында Ауған, Бұқар соғыс құрған. Шаһарға ұлықсатпен зорға кірді, Хакімге білгілікті таныстықпен.
Қарсы алды ер Әмірхан жомарт ерді, Бұл дағы ақыл тапқыш кемеңгер-ді.
Көп болды көрмегелі бірін-бірі:
250 —Жүрмісің аман-есен, ерім,—деді.
Көрісіп мауқын басты екі батыр, Істерін өткен-кеткен айтып жатыр. Жомарт айтты: «Сағынып келдім сізді, Көрмекке тамашаңды іске татыр.
Қайтармын біраздан соң мұңымды айтып, Жоғым бар іздеп келген, сонымды айтып. Әкелдім Қара бура тарту етіп, Және де Көкжал тұлпар жабулатып.
Шаһарды аралайын үш ай жатып, 260 Қыр қонып, тау жайлаған қазақ ғаріп. Не жақсы, не жаманын түгел көріп, Қайтармын Алла жазса, мауқым басып».
Әмірхан естіп мұны тасымады, Шаһарға қазақ қалай бас ұрады.
Армансыз үйде жатып аралауға, Басшы етіп бектеріне тапсырады.
Алтын мен күмісі көп Жомарт ердің, Қайласын асырмақшы кемеңгерім.
Бір бек Шәкірт деген болады дос, 270 Бұқарды бес саусақтай түгел білген.
—Ей, Шәкірт, сенен алтын аяман-ды, Көрсет сен, бала жиған қазынаны. Алыстан бала сатып алып келсе, оларды қандай жерге тапсырады.
—Даладан келген бала хакім барар, Белгілеп аты-жөнін жазып алар. Кімге ұл, кімге құл қып жібергенше, Сақталып бір орыннан тәрбие алар. осындай орындар бар әрбір жерде, 280 Мен сізге көрсетемін көргің келсе. Ең бастан Бұқарадан көрсетейін, Жүре бер, бұдан былай соңыма ер де.
Аралап батыр көрді әрбір жерді, Бір күні бір бақшаға келіп кірді. Еңселі тастан салған биік үйді, Аралап бекпен бірге жүре берді.
Бек айтты: «Бұл балалар байлардікі, Ерекше артық күтім жүргендері».
Келеді артын ала екі бала 290 Бақана, Бақанасты анық білді.
—Ей, Шәкірт, сөзге құлақ саламысың, Сөзімнің жалғаны жоқ, нанамысың. Қарашы, мына екеуі—менің балам, Кім берді, мұнда әкеліп айтамысың?
—Білмеймін, бұл балалар Қасым ұлы, Қасым деген шаһарда—байдың бірі. Саудамен қазақтардан келген алып, Тапсырып, тәрбиеге берген мұны.
Айтпаңыз, мен айтты деп тірі жанға, 300 Бар дағы айт болған істі Әмірханға. Досыңыз әділетті, жақсы адам, Шындыққа болысатын қисайғанда.
Батыр айтты: «Әмірхан, досым еді,
Келгенім жоқ жоғалтып сізге,—деді,— Мен таптым жоғалғанымды қалаңыздан, Қайтарып алып берсең бізге,—деді.
Інімнің екі бірдей баласы еді, Әкесі өліп, жетім болып қалып еді.
Туысы қастық етіп сатқан екен, 310 Саудагер бір өзбекке Қасым атты.
Сатқаны екі дағар мейіз екен, Дәм тартып бұл Бұқарға келген екен. Жүр екен балалармен тәрбиеде Дәл бүгін шыққыр көзім көрген екен».
Әмірхан алды тыңдап батыр сөзін:
—Айтпайтын жалған сөзді жансың өзің.
Шәкіртке сол арада берді бұйрық:
—Қасым мен алып келгін екі ұлды.
Бек барып тез жеткізді хакіміне, 320 Адал іс қарата ма жақынына.
—Шыныңды айт, бұл баланы қайдан алдың, Тұрғанда шыбын жаның аманында?
Қасым айтты: «Бұларды Құдай берген, өзімнен туған бала соңыма ерген. Қысастық маған, хакім, жасамаңыз, Куәлік мынау қазы жазып берген».
—Нанбаймын өтірік пен алдағанға, Қазыны пара беріп жалдағанға.
өңі, түсі—бұл қазақтан туған бала, 330 Қисынсыз сөзің бекер зарласаң да.
—Ей, қазақ, байқадың ба сөзің затын, Айтшы енді өзің қойған бала атын.
Не белгі денесінде бар ма еді,
Бөгелмей осы арада айтшы, жаным.
—Бақанас, Бақана еді балам аты, Аппақ төс, сол төсіндегі тақыр асты. Белгісі үлкенінің иығында, Қал,—дейді,—қара бала иықтағы.
Баланы алып келді шешті киім, 340 Көпшілік хакім алды болған жиын.
Айтылған екі белгі екеуінде, Бұлтару Қасым ерге болды қиын.
Хакім айтты: «Ей, Қасым, сөзім тыңда, Жалғанда өтірік айтып, адам жима. ұстаған қанша шығын пұлыңды ал да, Баланы қайтырып бер, әуре болма».
Айтылған бала пұлын хакім берді, Дос болып, бата беріп, қала берді.
Аман-сау екі ұлды алып елге келіп, 350 Жұрт жиып, ат шаптырып той ғып еді.
Найманда Қаракерей басым еді, Ақылы бек Байыстың артық еді. Апарып Қара бура, Көкжал бөрі— Әкелген балаларға бата берді.
—Аталсын бұдан былай Бура Найман, Көкжарлы деп Бақананың атын қойған. Бақанас содан кейін Бура атанды, Батамен көп әлеумет қолын жайған.
Көкжарлы Бураменен өскен халық, 360 Шамасы бір дуандай тұрсақ бағып. Сатылған тағылықпен сорлы жетім, Артынан қанша тарап өсті халық.
Көкжарлы Бураменен өскен халық, Шамасы бір дуандай тұрсақ бағып.
Бұл сөзім бекер емес тарих сөзі, Байқасақ, таңқаларлық істің өзі.
Торқа қыз ұялғаннан көшіп кетті, Төрт ұлы уақ боп жүр осы күні.
Бұқардан батыр қайтып келгеннен соң, 370 Торқаға берді рұқсат өлмеген соң.
—Көшіп бар, төркініңе тағдыр солай, Мақшарда кездесерміз өлгеннен соң. Аманат саған, Торқа, тапсырамын, үбірлі-шүбірлі боп көп жасағын. Кеттім деп төркініме, белгі бұзба, уағда осылайша болсын, жаным.
Найманның—қос босаға таңбасы екен, Құмырсқа—ен құлақтың белгісі екен.
Балалар уақ болып жүрсе дағы,
380 өзгермей белгі солай қалған екен.
осылай төрт ұлымен Торқа кетті, Сан ғасыр сонан бері зулап өтті. Естіген ел аузынан кәрі құлақ, Белгі етіп шежіресі бізге жетті.
Сөзіме Жоңғар, Алтай сөзі куә, Мыңшұңқыр, Тарбағатай жері куә.
Аягөз, Арқа, Ертіс өлке бойы, Көкжарлы, Бура Найман елі куә.
Ертеде ескі өмірді тұрсам қарап, 390 Қасқырдай өз күшігін жеген талап.
Әлдісі әлсіздерін жүндей түтіп,
Қарасаң, кейінгіге болған мазақ.
өтіпті бұрынғыда Адам ата, Ғапу ет, бұл сөзімде болса қата.
Дастаны Бура, Көкжарлы біткен жері, 396 Жамағат, қолың жайып, оқы бата.