Жыр-шежіре
Бірінші, менің атым Қожамбет-ті, өз әкем ол—олжабай өтіп кетті. одан арғы атамыз Төбетай-ды, Біздерге, міне, келіп дәурен жетті.
Төртінші, арғы атам—өтенбай-ды, Бесінші, қыдыр қонған өмірбай-ды. Алтыншы атам сұрасаң, Көшей екен, Қонысы бар жетімге болған жайлы.
Жетінші атам, сұрасаң, Айбас-Тоқа, 10 Шүйке шешем ұстапты алтын оқа.
Жеті атаға жетпей-ақ орыс алып, Мінеки, салып жатыр жерге соқа.
Сегізінші, арғы атам—Бәйімбет-ті, Білгенімше сөйлейін төңіректі. Алты ұл туып, алты мың қара бітті, Бір Құдай берген екен не керекті.
Ағасы—бір туысқан Құдайберді, Ешкім осал демейді біздің елді.
Біраз ғана сөйлейін білгенімді,
20 Жамағат, сөге көрме кемеңгерді.
жыр-шежіре
Бұл дүние опасы жоқ, жалған екен, Талайға опа бермей қалған екен. Екі-екіден туыпты алты бала, Бәйімбет үш қатынды алған екен.
үлкені—уанас пенен Жоламан-ды, ол кезде берекелі ел атанды.
Сөйлеген Нұх топаннан бері қарай, Арғы-бергі көрсетсем бір шамамды.
Екі ұл ортаншыдан: Жетім, Төбет, 30 Атадан басқа кеңес неге керек.
Біреу аз, біреу көп боп өтіп жатыр,
Құдайға шүкір қылмас—қайғы жемек.
Ең кенжесі—Тоқа мен Айбас еді, олар да жанған оттан таймас еді. Еншіні бөліп жүрген Тобай, Башық, Бір айтқан жауабынан тоймас еді.
оныншы, арғы атамыз—Қалқаш батыр, Арғы жағы Дәуіттен келе жатыр.
Бір Дәуіттен он екі ұл туыпты, 40 Данышпан болған екен бәрі де ақыр.
Дәуіттің ең үлкені—Сары Атығай, Қалқаш, Қара дейді екен Қойлы Атығай.
Майлы, Балта, Табасан, Баба, Бағыс, Құсар, Бөрші, Темеш, Ақ киік, Құлан су—бәрі Атығай.
он бірінші атамыз Мейрам сопы, Әркімнің Аллаға аян ішкі құлқы. он екінші атамыз Ақжол дейді, ол кезде мұндай емес елдің сыйқы. он үшінші атамыз Арғын екен, 50 Ата білу парыз ғой бізге бекем. Адам ата барыпты Хауа анаға, Ағалар, сөйлей берсем, әрі кетем.
Ал Ақжолдан бес сопы таралыпты, Шежіреде осылай қаралыпты. Қуандық, Сүйіндік пен Қаржас атам, үлкені Ақсопыдан жаралыпты.
Мейрам сопы баласы Екішек-ті, оған берген Таубасы Ергенекті.
Жиені Қасым қожа ошыбай мен, 60 Жаубасардың әкесі—Қасиет-ті.
Сұрасаң, Қарасопы, Бәсентиін, Сарысопы асты ғой мұнан кейін.
Арықсопы баласы—Қанжығалы Еншілес жақын екен бізге бейім.
Қожамнан біздің нәсіл келген екен, Хақ расул патихасын берген екен. Ең кенжесі сұрасаң Қарасопыдан Сегіз ата Қарауыл өрген екен.
Ақжолдың арғы атасы—Арғын, дейді, 70 Жақсылар өз елінің қамын жейді. үш жүзден енші беріп әпергенде «Қос дөңгелек болсын—бұл таңбаң» дейді.
орта жүз: Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман, Дүниенің төрт бұрышына қанат жайған. Зәузаты, үрім-бұтақ өлеңменен
Шежіре етіп, сөз қылам біраз жайды.
жыр-шежіре
Таралып осы қазақ сонан келген, Бір-бірлеп келе жатыр сонан бермен.
Арғынның жалғыз ұлы Ақжол туып, 80 Баласы бес сопының соңына ерген.
Атасы Керей, уақ—Қасымқожа, Кереметтей жан екен, басым қожа. ошыбай мен Жаубасар мұнан туды, Қалмақтың сіңірмеді асын Қожа.
Ер Қосай, Ер Көкше де мұнан шықты, Талайдың қамалын бұзып, туын жықты. Бір-бірлеп сол тұқымнан үзілместен, Қара қасқа аттылы Қамбар шықты.
Сол ерлер дүниеден кеткен өтіп,
90 Атаға жас күнімнен болдым жетік. уақыттың бастырығы үзілмей-ақ, Сары Баян, Сарша елге келді жетіп.
Арғынның арғы атасы—Жанарыс-ты, үлкені—Ақарыс, кішісі—Бекарыс-ты. Тобылғылы түбектен айдағандай, Ағалар ата-ата боп тарасыпты.
Ақарыстан ұлы жүз: үйсін, Дулат, үзілмей келе жатыр сонан құлап.
Тәңірім берген кеудемде өнеріммен 100 Түтінді ұшырайын будақ-будақ.
Жанарыстан орта жүз өркен жайған,
Туыпты: Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман. Бекарыстан Кіші жүз: Алшын, Жаппас, Мендей қылып атауды адам таппас.
Сайраған бақ ішінде мен бір бұлбұл,
Саф алтын, сақтағанмен іште жатпас.
12-83
үш арыс енші алып бөлініпті, Бұлардан да ынтымақ көрініпті.
«Қонақасы бөлінбес енші болсын»— 110 уағда осылайша беріліпті.
Сарыарқа үш арыстың жері еді, үлгі сөз үлкендерден беріледі.
Сұрасаң, Керей, уақ арғы атасы— Қожаның атасынан бөлінеді.
үшеуінің атасы—Алаш еді,
Аламан бірге туған ағасы еді.
Қазақ, Созақ туыпты бір анадан, Алаш бай сол Қазақтың баласы еді.
Созақтан Шүршіт, Жемен, Дүнген туған, 120 Шаһар салған, көшпелі ел жолын қумай. Арғы атамыз сұрасаң, өзбектен Қазақ, Созақ—екеуі бірге туған.
өзбекпен еншілес Маңғұл батыр, Күншығыс Қыпшақ, Қалмақ толып жатыр. Шүршіт те соларменен бірге туған, Дінсіз боп кеткен екен, бәрі кәпір.
Бастығы сахабаның Әнес екен, Тумаған моңғол бұған қарашы екен. Пайғамбардың қадірлі сахабасы, өзбек сонан туған баласы екен. Құрметтеп жұрттан артық көреді екен,
Сұрасаң, үш жүз қазақ арғы атасы 133 Әулие бір Қожамнан келеді екен…