Сатыпалдин Файзолла қаридің өлең шежіресі

Сатыпалдин Файзолла қаридің өлең шежіресі
Нұх нәби түп атамыз саналады, үш нәсіл үш ұлынан таралады. Есімі Хам, Сам, япыс—үш ұлының Жер жүзі халықтардың бабалары.
Қаптаған жердің жүзін болған топан, Кемемен сол апаттан қалған аман.
Таралып үш ұлынан барлық халық, Сондықтан деп атаймыз—екінші адам.
Хамнан нәсіл тараған қара халық, 10 Бұл арасы тарихта болған анық.
Бұл нәсілден көп халық өсіп-өніп,
Жер құрлығын Африка жатыр алып.
Атасам, білгенімді—Негрия, үндістан, Араб елі және индия.
Міне, осылар болады Хам нәсілі, Жапон, Бостан, Ангола, Эпопия.
Бір туысқан мешер мен яһуд, араб,
Афин халқы араман, берсем санап.
Африка, Америка жер құрлығын, 20 Мекендеп өсіп-өніп кеткен тарап.
Ақ нәсіл кеп тарайды енді Самнан, Көбейіп, өсіп-өнген бұлар да жан. Неміс, испан, ағылшын, италия, Белгия, Швеция және руслан.
Туғызар, білген жандар сөздің дауын, Ертеден құрған бұлар бірлік қауым. Патшалық құрған олар іргелі ел боп, өздері шешкен ойлап, тайпа дауын.
Ал енді сары нәсіл—Жапония, 30 Қытай мен Түрік, Татар, Моңғолия. Бұларды тұс-тұсына таратайын, иран, ирак, Саклап, Жангория.
Тарихта көрінеді, міне, осылай,
Түрік, түрікпен, тараншы, құмық, алтай. Қарашин, ұйғыр, қашқар, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, қазақ, құмық, балқар.
Естек, Ноян қалдырып жаздым тарих, Бұл арасы шала емес, бәрі де анық.
Тарайды сары раса нәсілінен,
40 Азияда тұратын барша халық.
Табылар оңай жұмыс талас деген, өтірікті жарамайды рас деген.
Түріктен Мәдинаға көшіп барған, Бір адам болған екен Аннас деген.
Біз, міне, сол түріктің бір баласы, Атамыз Аннас деген бар таласы. Сары араб болмақ ол—ғажап іс
Секілді жер мен көктің екі арасы.
осылай Аннас болудың себебі бар, 50 Сенімді бос сөз емес, тіреуі бар. Дәл келіп дәлелсіз сөз айтылмайды, рас сөздің айыратын реті бар.
Атасы бұл халықтың Аннас екен, Адамның қатардағы данасы екен. Болыпты сол кісінің үш қатыны Атамыз кіші қатын баласы екен.
Сары адам қара адамға жанаса ма, Есті адам болмашы іске таласа ма?
Сол кісі Мәдинадан көшіп келіп, 60 Жүз жаста опат болды Басрада.
өлерде балаларына хабар салды, Шақырып қатындарын жиып алды. өзінің тірісінде енші айырып, Бөлдірді алтын, күміс, дүние-малды.
Еншілеп балаларын риза қылды,
Босатып, азат етті құл мен күңді. Төрт түлік малын алып кіші қатыны, Қоныс қып сахараны көшіп жүрді.
Екі үлкен қатын алды, дүние-пұлды, 70 Алтын, күміс болады деп, малдан құнды. Ел болып отырықшы қала берді, Көбейтіп, мал орнына құл мен күңді.
Малды алып, кіші қатын кетті көшіп, Көбейіп, төрт түлік мал кетті өсіп. Халыққа қайырымды болған жомарт, Жетім мен жесірлерге жәрдемдесіп.
Басрадан шығып кетті көше-көше, Арада жылдар өтті әлденеше.
Келді де Түркістанды мекен етті, 80 Түрікше болып кетті әмме көші.
Көп халық Түркістанға ауып келген, Дұшпаннан қаша көшіп қауіптенген. Малға жай, жері жақсы сахараның Тұруға жайлы орынды тауып келген.
Кіші қатыннан Сахил, Қабил, Жабил туып, Бұл тарих келе жатыр түбін қуып.
Қабилдан бірсыпыра халық тарап, Айырылар осы арада, қалмақ келіп.
Бөлініп Сахил кетті осы арадан,
90 Жұрт болып, бұлар да өсіп көп тараған.
Жүгінсек, тарихшылар жазған хатқа:
Хакас, тараншы, құмық, алтай—осылардан.
Жабилден туады енді Мағаз, Белгілі болды жұртқа айтып уағыз. Мағаздан дейді атамыз Ақшолпан Шежіре бірден-бірге қалған қағаз.
Ақшолпаннан Ақмар, Аққурай, туды Аламан, Ноғай халқы Аламаннан кеп тараған.
Жұрт болып бұлар дағы өз алдына, 100 орнығып шаһар болып, қала барған.
Тарихты оқысаңыз, жіті қарап, Ақмардан моңғол жұрты кеткен тарап.
олар да өз алдына өскен тайпа, өздерін бір жауынгер елге балап.
Асан мен Алаш туды Аққурайдан, Сөйлейін бір азырақ осы жайдан. Асаннан атасы Естек жалғыз туып, олар да өсіп-өніп, қанат жайған.
Атамыз Алаш ханнан екі ұл туып, 110 Шежіре келе жатыр түбін қуып. Көбейіп өз алдына ордалы ел боп, олар да өз алдына тіккен уық.
Ат қойған үлкеніне Сейілхан деп, Атаған екіншісін Жайылхан деп.
Айырылып, Сейілханнан бөлек кетіп, Жайылхан кеткен екен көшпелі ел боп.
Шежіре бірден-бірге түбін қуған, Бір өзі Сейілханнан сегіз туған.
Ал бұлар сегіз арыс түрікпен боп, 120 Шаһар боп жата берді қозғалмастан.
Жайылхан атамыздан Майқы туған, Жері екен сахарада кіндік жуған.
Майқыдан екі ұл туып өз алдына, Атанып кеткен екен өзбек, Сапиян.
Майқыдан өзбек, Сапиян—екеу туды, Екі ұлы бөлісіпті жер мен суды. Бөлініп, өзбектен Сапиян кетті, өзбек сарттан қыз алып, шаһар болды.
Сапияннан белгілі екеу туған,
130 Аққалпақ, Айырқалпақ деп атаған. Аққалпақтан он екі ата қырғыз туып, Ел болып, өз алдына кете барған.
Баласы Айырқалпақ—Қазақ, Созақ, Созақтан жатыр өсіп қарақалпақ.
Мал айдап, сахараны еркін жайлап, Көшпелі ел болып кетті, біздің қазақ.
Тексерсек, жолын қуып шежірені, Қазақтан үш арыс болып бөлінеді.
Ақарыс, Жанарыс пен Бекарыс деп, 140 Ат қойған үшеуіне көрінеді.
Жүргенде біздің қазақ, желдей ығып, Көшпелі жолын сақтап, ата ғұрып.
Ен жайлап, Каспий бойын отырғанда, Кенеттен қозғалыпты, бір жау шығып.
Болмаған жауға қарсы басын құрау, Шұбырып қаша берген, көзде жылау. Қазақтың шұбырынды жол үстінде, Айтылған сол кездегі жыры мынау:
«Тайсойған, орал, Жайық өскен жерім, 150 Кір жуып, кіндік-тамыр кескен жерім.
Қазақ боп, ноғайлыдан біз бөлініп, Жарты құрт татулықпен жескен жерім.
Тайсойған, ойыл, Қиыл, индеріміз, Ен жайлап, мекен қылған жерлеріміз. Сағыз деген жерлерді көшіп жайлап, Қуа қайта оралушы еді елдеріміз».
Бытырап кеткен қазақ, әрбір жерге, Шұбырып кірген барып, әрбір елге.
Сіңісіп Кавказ, Башқұрт, иран, Алтай, 160 өзбек, түрікпен боп, кеткен бірге.
7-83
Әр елге біраз қазақ сіңіп кеткен, Арада талай ғасыр жылдар өткен. Қазақтың баласының көпшілігі, Қаратау деген жерді мекен еткен.
Жер еді біздің қазақ кемелденген, ұрпақтан ұрпақ туып, өсіп-өнген. Қосылып береке, құт қотанына, Жататын сыймай малы, асып белден.
Жауласқан бір кездері қазақ-қалмақ, 170 Күш жетсе, бірін-бірі шауып алмақ. үш арыстан үш батыр адам жинап, Болыпты, қазақ елін қорғап қалмақ.
үш арыстан шығыпты үш жүз батыр, Қайратты ерлер болыпты мыңға татыр. Беріліп үш арысқа «үш жүз» есім, Атанып, содан бері келе жатыр.
Алатау шығыс жағы мекен-жайдан, Ханы екен жоңғардың Даудан-Сыбдан.
Жеріне ондаған мың жоңғар келіп, 180 Қазақтың баласына салған ойран.
Болыпты Тобықтыда Әнет бабаң, Көңілінде ешбір қауіп, болмас алаң. Бес баласы соғыста садаққа ұшып, орнапты, басына кеп ақырзаман.
Қырғынға ұшыратқан қазақ елін, Шұбыртқан басып алып, су мен жерін. Жеңіліп сол соғыста «елім-айлап», Таратқан біздің қазақ іште шерін.
үш жүздің ортақ бұл жыр баласына, 190 Жайылған бүкіл өлке даласына. Басталар әннің басы «Елім-ай» деп, Тараған қазақ елі арасына.
«Басынан Қаратаудың көш келеді, Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді. Айырылған туысқаннан жаман екен, Мөлтілдеп қара көзге жас келеді.
Қай заман мына заман, азған заман, Болар ма, баяғыдай тағы да заман.
Атадан ұл, анадан қыз айырылып, 200 Көл қылып, көздің жасын ағызамын.
Қай заман мына заман, қысқан заман, Басынан бақыт, дәулет ұшқан заман. Жолынан шұбырғанда шаң борайды, Күн суық, қаңтардағы қыстан жаман.
Қайтемін мен нетіп ем, қатты Құдай, Қара жер қабырғама батты, Құдай.
Табаным жаяу жүріп тесілгенде, Бермедің тым құрғанда атты, Құдай».
Жаяулап, жер қоныстан ауған жерден, 210 Аңыз қып, біреу сөзін ала берген.
Жарамай Әнет баба жырын айтып, Жүре алмай бір төбеде қала берген.
ол кезде ұлы жүз ханы Барақ екен, оңтүстік пен батысты қылған мекен. Бытырап, көше қашып бет-бетіне,
Біраз ел Тәшкен жаққа ауған екен.
Тәшкенге қараған ел Садыр, Матай, Шыққан жоқ өзбектен, содан былай.
орнығып, сол арада қалып қойған, 220 Таппасаң, іздестіріп сұрай-сұрай.
орта жүз солтүстікке қарай кеткен, Ақтау мен Көкшетауға барып жеткен. Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман, Керей, уақ— Бұлар кеп, Сарыарқаны мекен еткен.
орта жүз Сарыарқаны кең жайлаған, Ел болып орныққан соң мал айдаған. Бұхардан қашып келген Абылайды, Көтеріп, бір ауыздан хан сайлаған.
Кіші жүз күнбатысқа қарай көшкен, 230 Белгілі Бөкейлікке барып жеткен. Тап келген талабына осы елдің орал мен Жайықты кеп мекен еткен.
Ханы екен Кіші жүздің Әбілхайыр, Ақылы, парасаты болған зайыр. Хат жазған россия патшасына, Алсын деп патшасына етіп қайыр.
Хат жазған Петербург қаласына, Жол түсіп, жаушы жүріп арасына.
Алынған россия қарамағына
240 Мың жеті жүз отыз бір жыл шамасында.
ресей ала берген содан кейін, Бағынған барлық қазақ одан кейін. Сарыарқа, Сырдың бойы, Шыршық, Алтай, Түркістан, Хиуа, Бұхара—шетке дейін.
Кеткенін біздің қазақ үш арыс боп, Қалдырмай жаза берсем болады көп. үш жүзге бөлінгенін айттым бұрын, Атаған Ақарысты ұлы жүз деп.
ұлы жүз—Ақарыстан Дулат,үйсін, 250 Қаншама жұрт екенін өзі білсін. Жалайыр, Албан, Суан, Қаңлы, Қоңырат, Ал енді таратайын ендігісін.
Ақарыстың бір баласы Сіргелі еді, Қашаннан айырылмаған іргелері. ошақты, Шапырашты, Шанышқылы— осылар ұлы жүз боп бөлінеді.

ұлы жүз, орта жүз бен Кіші жүз боп, Бөлініп шежіре қалды сөз боп.
Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман, Керей, уақ 260 Таралып кетті бұлар орта жүз боп.
Келтірем ретімен сөзді таза, Бұл сөзім шежіреде емес қата. Таратам әрқайсысын жөн-жөнімен, Туыпты Жанарыстан алты қожа.
Бірінші туған бала—Қарақожа, Екінші туған Ақтам, Надырқожа. одан кейін Смағұл, Момынқожа, Туыпты алтыншы болып Қасымқожа.
Қарадан Ақжол Арғын туды бала, 270 Ақсопы дара туып, болған дана. Ақ, Арық, Қара, Сары туды Мейрам, Көбейіп, ел боп шыққан неше сала.
Баласы Ақсопының Қанжығалы, Атаның бұған түскен оң назары. Арықтан Бәсентиін,Тобықты, Арғын, Келеді түзеп айтсақ, сөз ажары.
Шығады Тобықтыдан қажы Құнанбай, Аға сұлтан атанып, болыпты бай.
Соңында айтарлықтай хаты қалған, 280 ұлы еді Құнанбайдың—ақын Абай.
Ел болып келе жатқан мақтаулы боп, өскен ел басы бірдей мықты ауыл боп, Бұлар да неше сала ел болып кетті, Қарадан Қарауыл мен Тоқтауыл боп.
Қарадан Бәсентиін, туған Мейрам, Іргелі ел болыпты дәулет жиған. Мейрамның бәйбішесінен төрт ұл туып, Бәйбіше Арғын баласы деп атаған.
Бәйбішеден Бегендік, ер Шегендік, 290 Болады Қуандық пен би Сүйіндік. орта жүздің баласы бас қосқанда, Тұрыпты осыларда боп үлкендік.
Сөгіліп іргелері кетпей кеміп, Жайылып, ел боп кетті өсіп-өніп. Қуандық, Алтай, Қарпық, Тоқа болып, Тыналы, Көзған, Қақсал туды келіп.
Мейрамның бір баласы Қаракесек, Сөз келсе, ел дауына берген есеп.
осылардан деп жазған шежіреде,
300 Белгілі—қаз дауысты би Қазыбек.
Мейрамнан Елемес кеп туған жана, Шежіре жазылған соң болмас шала. Мейрамның бұл үшінші әйелі екен, Елеместен туады екі бала.
Бұларды Есенбай, Дәуіт деп атайды, Дәуіттен туғызады Жақанайды. Таратып бұл Дәуіттен он екі ата, Туғызып әкетеді Атығайды.
Жазылған бұл шежіре, емес жайдан, 310 Жазылып келе жатқан, бірталайдан. Ақташы, Алпыс, Байытжы деп, Таратқан осы үшеуін Жақанайдан.
Есенбайдан Шағыр туады Бөлтірікпен, Бұлар да өсіп-өніп ел боп кеткен. Әрқайсысы өз алдына тарап жатыр, Сырлыбай, Сары туып Бөлтіріктен.
Шағырдан Сомжүрек пен ер Аманжол, Аманжол батыр болып, бастапты қол.
Мұра боп, жауға шапса кейінгіге, 320 ұран боп, көп Арғынға қалыпты ол.
Аманжолдан—Әлімбет, Бейімбет, Қуат, Шақшақ, Жазылмас, шежіреде болмас жаңсақ.
Бұл арасы қатесіз көрінеді,
Жарар еді бұзып алмай, тура барсақ.
Шақшақтан тарайды екен Бақай, Дүзей, Ақназар, Бекназар мен туған Көшей. Тоқалдан жалғыз бала Томай туып,
Атанған алты Шақшақ, алты дүлей.
Сомжүректен туады Айдарке кеп, 330 Айдаркеден—өтеміс, ожан, Қадірімбет.
Бұлар да алты ата болып бөлінеді, Бөдене, Жылқыайдар мен Татан, Інбет.
Бөлтіріктен Сырлыбай, Сары туған, Шежіре бірден-бірге жолын қуған. Мұны да білгенімше баяндайын, Несіне тоқталамын енді бұған.
Сырлыбайдан Қараман, Төлек, Мәмбетәлі, Бір атадан тарайды мұның бәрі.
Сарыдан Қырықмылтық туады деп, 340 Сонымен тоқтатайын мұны дағы.
Шаржетіммен туыпты Бекіс батыр, Бекістен Тоқымбет боп келе жатыр. үш бала Тоқымбеттен туады екен,
Құлтума, Құланшы,Тағышы деген ел болып жатыр.
Шағырдың Апайы мен Жолдыбайын, Бір сөзбен тұжырымдап мен жазайын. Сүгір, Жиенбет туады Жолдыбайдан, Аяғын көпке созып, ұзамайын.
Апайдан туды енді төрт бала кеп,
350 Ақымбет, Бекімбет, Жауғашты боп. Шымболат кенже бала—бұл да Апайдан, Жазыпты шежіреде осылай деп.
Ақымбеттен Қаламбай, өтей, Жолтай, Бекімбеттен Баубек, Жәдік туды осылай. Дейді екен бұларды ел төменгі Шекті,
Баубектен жалғыз болып туған Құлқай.
Жанарыстың баласы, екінші үлкен, Көбейіп, неше тайпа жайған өркен.
Бар еді жиған-терген өз атамнан, 360 Сара жол бола қоймас, мұнда ілкем.
Қыпшақты Ақтам ұлы Кете бастап, Артына тарих етіп, нұсқа тастап. Ақтамнан туғандарын таратайын, Біркелкі жүйесімен сөзді бастап.
Қыпшақтан туған бала—Сүлімалып, Дабысы шыққан ердің жерді жарып. Елін қорғап, жауына қарсы шығып, Қатардан артық болып, шыққан алып.
Ақкөбік содан соңғы бір атамыз, 370 Тарихтан көрген сөзді таратамыз. Неше ру, неше тайпа ел боп кетті, Ендігі сөздің артын ұзартамыз.
Қыпшақтың бір атасы ойбас болып, ұраны қыпшақтың болғаны анық.
Елін жауға алдырмай қалың қыпшақ, «ойбастап» жауға шапқан, ұран салып.
Мұнан соң Мейірман мен Абызсары, Атаның түскен бұған оң назары.
Бір өзінен төрт бала жедел туған,
380 Құлан, Қытай, Қара, деген Сары.
Қарадан—исламсейіт, бай Тоқтарбай, Болыпты дүние-мүлік, дәулеті сай. Зар болып бір балаға жүрсе керек,
Тарихта бізге қалған, міне, осылай.
Тоқтарбай көптен жүрген, бала көрмей, Тілеген, жатып-тұрып ұйқы келмей.
Келгенде сексен жасқа қабыл болып, Көріпті бір ұл, бір қыз—жүргенде өлмей.
Қуанып Тоқтар ата, қылды тойды, 390 Қайғысын көңіліндегі бәрін жойды. Ел-жұртын жиып алып, шашу шашып, Баланың Қобыланды деп атын қойды.
Туыпты Тоқтарбайдан батыр Қоблан, Құтылар уақыт жетсе, кім ажалдан. Жауына күш көрсетіп, болып өткен, Жан екен бір сәруар, сайыпқыран.
Дәуірлеп, ел-жұртын билеп өткен, Жауына алдырмаған келген шеттен. он екі бір өзінен бала туып,
400 Кенжесі—Тоқтар деген би болып өткен.
Тоқтардан Бұлтын, Торы, Қарабалық, Көлденең, ұзын—бәрі өскен халық. Баяндап сөздің артын ұзартпаймын, Әркімнің ендігісі өзіне анық.
Құлан, Қытай, Қыпшақ, деген Сары, ойласақ, Арқада емес мұның бәрі. Біразы Башқұрияға кеткен сіңіп, Әр елдің арасында басқалары.
Көп елмен бұрыннан даулы Қыпшақ, 410 Қоймапты бетіндегі жауды Қыпшақ.
Баласы бір Тоқтардың бес таңбалы,
Дейді екен: «тоқсан екі баулы Қыпшақ».
Туысқан Жарбасты мен Құттық, Күшік, Бұлар да іргелі ел болып кеткен. Күрлеуіт, Мейрам қыпшақ деп атайды, Жазылған шежіреде осылай деп.
Жаңбыршы—Қалдан, Болат, Алтыбастан, Алтынсарин ыбырай жұрттан асқан.
Еңбегі тарих болып қалды артында,
420 Қараңғы қазақ баласының көзін ашқан.
үшінші, Нәдірқожадан туған—Найман, Бұлар да өсіп-өніп қанат жайған. Кешегі батыр туған ер Қабанбай, Шығыпты ұран салып Боранбайдан.
Қаптағай бәйбішеден Қызай Найман, Көкжарлы, Садыр, Матай, Қаптағайдан. Туыпты Балталы мен Бағаналы, Найманның кіші әйелі Наймантайдан.
Таусылмас айта берсем, сөздің түрін, 430 ұсақтап кетсем болмас, сөздің құнын. Түбі бір атадан Қоңырат, Найман, осымен тоқтатайын, енді мұны.
Ал енді Смағұлдан Бақты ошбай-ды, Айтайын Керей, уақ болған жайды. Туады ошабайдан жалғыз Керей, Керейден—Абақты мен Ашамайлы.
Бірталай аралықта жылдар кесіп, Қытайға Абақ, Керей кеткен көшіп.
олар енді қайтып келіп қосылмады,
440 Сол жақта рулы ел болып кетті өсіп.
Ашамайлыдан Таңат би жалғыз туған, өтіпті дүниеден көрмей ұлдан.
Жүргенде үміт етіп бір баланы, Жалғыз-ақ, әйелінен бір қыз туған.
Мінекей, сол қызынан Сыбан туған, Жиенін туысымен бала қылған.
Көзінің тірісінде сол Сыбаннан Екі бала—Балта, Көшек деген туған.
Ал енді Кіші жүз—Бекарыстан,
450 Мұны да таратайын көп алыстан. ұсақтап, өз алдына көп таратып, Жазуға күш жетпейді қалдырмастан.
Бекарыстан—Алшын мен Құдияр тентек, Бұлар да қалған емес, өспей келтек. Құдиярдан төрт қожа болып туған, Жазылған шежіренің сөзіне ерсек.
Қыдырқожадан Байлы мен Қаракесек, Бұлар да өскен халық, болмай есеп.
Қаракесектен белгілі—Әлім, Шөмен, 460 Сөзімді артық болмас, туды десек.
Әлімнен Төртқара мен туған Шекті, Ақкигіз бір баласы болған Текті. Кете мен Жағалбайлы және туып, Бұларда алты аталы Әлім депті.
Шөмекейден Тоқа, Бозғыл, Аспан, Бұлардан Қаракесек ажырасқан.
Ішінде Кіші жүздің тентек ел боп,
Дау-жанжал төбелеске араласқан.
Қоңырқожадан туады Байұлы бай, 470 Байұлынан Қызылқұрт, болады Адай.
Белгілі Алаша, Таз, Тана, Шеркеш, Машқара, Шектемір мен һәм Бақтыбай.
осылай он екі ата Бай баласы, Бұлардың көз жеткісіз айналасы. Ішінде рулардың Кіші жүзде, Тең келер, еш адамның жоқ таласы.
Сәдірқожадан туады Жаппас келіп, Бұлар да жатыр шалқып, өсіп-өніп.
Жаппастың бір өзінен бесеу туып, 480 «Бес Жаппас» деп атапты есім беріп.
Нәдірқожадан тарапты Жетіру кеп, Айтайын сұрасаңыз, мұны кім деп. Жағалбайлы, рамазан, Тама, Табын, Керейт пен Төлеу және Атайсеміз.
Нәдірден жеті бала таралады, Жетіру жеті ата боп саналады.
Арты өсіп, көпшілігі Кіші жүзден, 488 осылай Нәдірқожадан таралады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *