Ұлы жүздің саласы

Ұлы жүздің саласы
ұлы жүз деп айтады Ақарысты, үлкен үйдің иесі Ақарыс-ты.
Ақарыстан Түменбай, онан Кейкі, 210 Тілеген әуелден-ақ адал істі.
Кейкі бидің баласы Төбей екен, Білгенің шежірені қараңызшы. Майқы, Қоғам, Мекірейіл, Құйылдыр дер Төбейдің төрт баласы тараңызшы.
Айтайын Майқы бидің көлемдерін, Кім болып дүниеге келгендерін. Бақтиярдың баласы—үйсін, ойсыл, Тараған екеуінен көп елдерін.
үйсіннен Ақса[қа]л мен Жансақал дер, 220 Мекендеп Жетіарнаның өзендерін. Таңбамен Абақ, Тарақ атаныпты, Арнаған талай ақын өлеңдерін. Ақсақалдан Қараша, Шақшам екен, Қарашадан Бәйдібек, Кемелдерің. Бәйдібектің болыпты үш қатыны, Айта алмаймын күндестік өнерлерін.
Жарғышақтың басына сүйек жамап, отаршының қарашы шеберлерін.
Халқым қалап қызықты тыңдағанда, 230 орындаймын халқымның дегендерін.
Домалақ Жарғышақтың өзін тапқан, Албан, Суан, мынау Дулат—Жарғышақтан. Зеріптен Шапырашты, ошақты, ысты, Қосылып төрт Дулатпен шалқып жатқан.
Сары бәйбіше болады Қалша, Жақып, Домалақ анасының қарғысы атқан. Көк өгізге өкпелеп Суан көшіп, Шеттен қоныс алыпты шығыс жақтан.
Албаннан Шыбыл, Сары екі бала,
240 Дулат, міне, сондағы нұрға батқан. үш таңбалы төрт Дулат ұраны бір, Қарасай енші алыпты алтын тақтан. Кеңпейіл кетпес дәулет қыдыр шалған, өрісте мал ордасы басқа толған.
Қарасай Абылайға тарту беріп, орданың босағасын қалап алған.
Қарасай содан кейін ұран болып, Абақтың ортасында от боп жанған.
Қоныс іздеп қырық күн шеңгел шауып, 250 өтеген батыр Байсынға неге барған?
Төле би белсеніпті үш жүзге де, Еліне ереже айтып бопты қорған. Сыпатай Сұраншымен қатар шығып, Дулаттың дұшпанына қолын созған.
Қыдыр, Намаз қарсы боп Сыпатайға, Сонда да Сыпатайдан емес озған. Алтай, Мәмбет, Бөлтірік, Дәуітәлі, Бір кезде ел иесі бұлар болған.
Байзақ, Құдайберлі, Батырбек, Шойбек, 260 Сайраған саясына бұлбұл қонған. Бұғыбай естуімше жершіл екен, Қараңғы қан жауса да қалың орман.
Сары менен Қасабек, ер Кебекбай, Жиында шешендікпен топты жарған.
Саурық Андас болғанда Құртқа әулие, Сарыбай Екей үшін еткен арман.
Құлыншақ Сүйінбаймен, Сарыбас, Майкөт, Жырын тыңдап, құлақтың құрышы қанған.
Байсейіт ақ патшаның солдатына 270 Іледен бір аттатпай садақ жонған.
Ноғайбай, Құдайберген, Мәнке мен Сәт, Тұлғалы тұрғысында болған бағлан.
Алпысбай, Қосай, Жайнап, Дүйсебай да, Белсеніп бет бұрмаған түзу жолдан.
Байболат, Таңабай мен Жандарбектер, Құтқарған талайларды түскен тордан. ыдырыс, Қыйсыбай мен Әбдіғали, Сақтанған саналы ерлер қазған ордан.
Араб жетен болғанда Абақ Жайнақ, 280 Тезектен алым алып, жөнге салған. райымбек, Жәмеңке, Дәркембайлар ұзақ іздеп азаттық көзі талған.
ыстамшал, Мұқа менен Қожбанбет би, Қарауында сөзіне халқы нанған. Мақсұт пен Саймасай кісі өлтіріп, Арт жағы екеуінің емес оңған.
Жамбылға кеп орнады өшпес бақыт, Тіліне қыдыр дарып, балға малған.
Абақтың айналасын шолып өттім, 290 Бар шығар аты аталмай менен қалған.
Жігіттер, қатарыңмен сыйласып өт, Солардан да өтіпті мынау жалған. Ал енді, Жансақалды дейді Тарақ, Мұнан да табылады қырғи қабақ.
Қабылан бел баласы шежіреде Саялы, саналы ерге болған дарақ. Жансақалға ас беріп ұлы жиын, Жанама ат қойыпты келген қонақ.
Асау аттың шоқтығын қақ айырып, 300 Жалайыр атаныпты осы жол-ақ.
Болыпты Қабыланнан екі бала, Сырманақ пен тағы да дер Шуманақ.
он екі ата Жалайыр атанады, осылардан шығады батыр орақ.
Сырманақтан Ахметқожа туған, Қарадым шежіреден емес думан. Ахметқожадан Сиыршы, Қарашапан, Бойына Қараталдың қалай сыйған. Енді екеуі Бәйшегір, Арықтының 310 Сарыесік қоныстары сонау Құйған. Ахметқожадан төртеуін таратады, Мен емес шежіреге жазып жиған.
Шуманақтан Қанқожа қарап тұрсам, Қарақожа, Маңғытай жолын қусам. Бұларды да айтайын шамам келсе, ұрпағы алғыс айтар қызмет қылсам. Қанқожадан Қайшылы, Балғалы бар, Сыпатай Ақбұйымға мойын бұрсам.
Қанқожаның баласы, міне, осылар, 320 Аралап ел ортасын сайран құрсам.
Қарақожадан тағы да дейді Торлақ, Мені де отырған жоқ ешкім зорлап. Торлақтан Алшағырды туғызады, орақты батыр бопты бақыт орнап. Ақкөбік, Қаракөбік деген тажал, Айырған осы жаудан елді қорғап. Барақтан Көлшік туып Күшік бопты, Күшіктен кім екенін қара аңлап.
Маңғытайдан тарайды алты Андас боп, 330 Бет бұрдым осыларға күшімді арнап.
Мырзаға орта жүзде таласады,
Туысы біздікі деп әлі зарлап. Қаңлы мен Қарақалпақ бұлар қайдан Жаңылмайды оны да қара болжап.
Төрені Төлеңгітпен қалдырмайын, Мәулім бой жазған екен елді таңлап. Тоқтасаң шежіренің тарауына, Іздесең, табылады елден саңлақ.
Сиыршы, Ескелді би, Балпық, Андас, 340 Әулиелік, кісілік берген мал, бас. Маңғытайдан алты Андас тарап жатыр, Күшікті, Таз, Сүйіндік айтпай болмас. Сиыршы Бесбет болып өскен қалай, Тыңлаушы, құлағыңның құрышы қанбас. Аман, Қангел, Сиыршы, Күшік, Тарақ, Жұдырық пен Андаста дейді Сарыбас. Мырзадан, Бейсен, Асым шықпады ма, Қабандай өз тұсында бұлбұл қонбас.
Бақай батыр, Бәйшегір, Арықтыным, 350 Жалмендімен атамыз бопты жолдас.
Қалқа мен Толымбектей бақыт қонса, Андас қатын көп алған неге сонша? Дүйсенбі тұт бесікке бөленіпті, Кейінгі ұрпақтары бұған нанса.
Толымбек ақ, қара боп бөлінеді, Құттық пен Деріп салып бұлар қанша. Қалқадан Көтенбөрте, Түрке, ордағұл, Саурық Таймөңкеге көзін салса.
Байшығаш, Құлшығаш пен Танаш, Тілес, 360 Тоғызы бір қалқадан көңілге алса. Ғалымбекті ұстаған Тілес, омар,
Мешітте кім бар екен іздеп барса.
Не көрді дүниеге келген адам, өтіпті солардан да мына заман. он екі ата Жалайыр, он үш болыс, Жәрдем бер тіл-жағыма, ақын Қабан. Мәулімбай осылай деп сиыныпты, Ескелді, Балпық, Қарынбай ата-бабам.
Мәулімбайдың кей сөзін толықтырып, 370 Алла деп алға қарай бастым қадам.
Жалайыр кәрі шалға қылды жиын, Қатарлап көк салаға тікті үйін. үш жүздің баласынан келген қонақ, Әркімнің өзіне сай көрді сыйын.
Төрт аты Наймандардың бірдей озып, Жалайырдың наміне болды қиын. Қара нар, қалы кілем, бітеу құндыз, Тайтұяқ жамбы, бәйге асыл бұйым.
Жалайыр Найман десе келмес жуық, 380 Балуаны белсеніп белді буып. үйсіннің балуанын қолына алмай, Балуаны тағы да кетті жығып.
Аты озып, балуаны жығылған соң, Найманнан Жалайырдың көңлі суып. Намысын Жалайырдың жібермеді, Артынан Бапекеңнің Бейбіт туып.
Күшікте болыс болды Тұрап, Шалбай, Бөлекке кеткен емес ақыл салмай.
Бейбіттің билеп тұрған болыс күні 390 Бәйгесі Тіленшінің болды қандай.
Жиынға шақырылды екі-үш арыс, өңшең саңлақ егесіп қылды жарыс.
Шұбар ат алдыменен жалғыз келіп,
Бұл жолы жібермеді сыртқа намыс. Мал мен бас қабат біткен Құттымбетке, Тартады жақсы-жаман ата текке. Қолымен дүниені ұстағандай, Аты шығып, атағы кетті көпке.
оспанның Бекмұқамбет шыққан даңқы, 400 Сыйлайды өз тұсында көрген халқы.
Тазабек, Тәймөңкеде Есімұрат бар, Ешкімнен кейін емес мұның салты.
Шопабай, Толымбек те өткен назар, Әр істі пендесіне Тәңірім жазар. Бақ қонған Бақтыбайдай ақын қайда, Жігітке тірлігінде болған базар. орнықты аталықта жігіт бопты, Қалмақтан алып келсе олжа табар.
Албанның атын елге білдірмеген, 410 Ешнәрсе Кенжекеңде жоқ қой хабар.
Байқоржын, Толымбекте Досан, орман, Досын жауға бермеді келсе қолдан. Құдайменде, Түркеде Әбіләкім, Би болып ыбырайым оң мен солдан.
Атақты бәйбішенің Доскесі, Дәулеттің біліне ме ерте-кеші.
Сердалы, Саяқ шықты Саурықтан Тарақ пен Байқоржынның қайтпай десі.
Нұралы, Құлым болыс көп ісімен, 420 Ерасыл, Шелбай тұрсын сонысымен. Қамбарды айдап шықты келесінен, Баласы Нарытбайдың болысымен. үмбетәлі Қамбардың Найманханы, Ерасыл баса шығып қайтты бағы. Есімге де болыстық болды дұрыс, Мырзадан Найзабек те шықты тағы.
Дөненнің бел баласы—бұл кәрі шал, Жанғұлыға есепсіз бітіпті мал.
Жалайыр жақсысынан кем болған жоқ, 430 Алдында шыныменен Жаманбай бар.
Елірді Мақажан да бір жыл жарым, Мал шашып, белге түйіп беттің арын. Әлді би болыстығын тартып алды, Мансапқа қиса дағы жалғыз жанын.
Байшегір, Бақай батыр жарықтығым, Жалменді туысы бір арықтының. Мекке барып Жалменді дүние сапты, Пенде білер өлімнің анықтығын.
Ас беріп, ат шаптырды Балтабайға, 440 Кешегі Жалмендідей болу қайда? Көп малды көзі қимай, тон сүйретіп, өтіпті естуімше ойшыбай да.
Болыстық Әшімбекке лайық па, Жалменді өткен екен жақсы жайда.
Алғашқы Жалмендіге бақ қонғанда, Балпық би түсіне еніп, берген найза.
Жігіттер, мынау жалған жанған шырақ, Қызығы қалай қымбат бізге бірақ.
Сәрсембі Бөлекпенен қатар шығып, 450 Кетіпті Балғалының басын құрап.
Бабайды да бір ұлық шақыртыпты, Қазақтың әдет-ғұрпы жөнін сұрап. орынды жауап тауып айтқан екен, ояз да үндемепті көңілі ұнап.
Бөлектің аты елге болды машық, Бәйтерек жете алмады малын шашып. Шамасы Жапарқұлдың келмей қалды, Бірер жыл Қожақанмен қарсыласып.
Бақ айналып басына Қожақанның, 460 Барады қатарынан өнері асып. Қол созып жас болғанмен Жалмендіге, Дұшпанын ерегескен жүрді басып.
Жиренше шешен екен қара тілге, Сыпатай, Тоқтамыс та өсті бірге. он екі ата Жалайыр жақсыларын өлеңменен көрсеттім неше түрге.
Ер өсер елдің шаттық аманында, Біле білсе адалын, арамын да.
Күшік сүттей ұйыды тату болып, 470 Адамның кешегі өткен заманында.
Маматай болыс болған, бұрын Қараш, Сасыққа Шәлімбекпен болдық талас. Адамға арқа сүйеп қалың Күшік, Қапалға енді қалай қағаз салмас.
Есмұрат, исабек пен Арықбай-ды, Жақсы адам істің түбін парықтайды. Әжіге екі барып келсе дағы,
Есімбек дау даулаудан жалықпайды.
Асылбек қағаздасқан елді жеңіп, 480 Шармаққа қырғыз неге тұрды көніп. Адамның артын ала Құсайынға, Халық тұрды қызғыш құстай төніп. Тілеужанның Жақыбы сөйлегенде, Ешмұқамбет не десе де тұрды сеніп.
Тіршілікті тербеткен көп жақсылар, осының бәрі дағы кетіпті өліп. рас па, өтірік пе бұл оқиға, Мәулімбай жазған екен көзбен көріп.
Ас берді Сүндетбайға қалғандары, 490 Бас қосты Абақ, Тарақ бағландары. Артық ел аса жұрттың баласынан, Келіпті Қапалдың да Наймандары. Санабай Құраманың баласымен, Жыр жырлап, қарсы алыпты абзалдары. Қадалған қара сүлік қалқа болып, Ел мақтап, өтірік пе алғандары. үш жүздің баласының басын қосқан, Солардың да бар ма екен армандары!?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *