Шылау. Одағай
Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі. Шылау сөздер әуелгі дербестігінен айырылған көмекші сөздер ретінде қызмет атқаратыны. Шылаулардың дәнекерлік қзметінің және атаушы сөзддермен тіркесу қабілетінің олардың қалыптасқан грамматикалық мағыналарының сипаттарына қарай жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер болып бөлінетіндігі.
Жалғаулықтар, олардың өздеріне тән грамматикалық қызметі. Жалғаулықтардың өзар тең дәрежедегі бірыңғай сөөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байлнстыратындығы. Байланыстру қабілетіне қарай салыстырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар болып бөлінетіндігі. Ыңғайлас, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдар, шарттық, ұштастрғыш жалғаулықтар, олардың қатары, сипаттамалары. Септеуліктер, олардың өзі қатысты сөздің белгілі тұлғада тұруын талап ететіндігі және тіркескен сөздерге себептік, бағыттық, мезгілдік грамматикалық мағыналарды үстейтіндігі. Септеулік шылаулардың жалғаулық шылаулармен қызметтерінің ұқсастығы мен айырмашылығы. Демеуліктер, олардың өздері тіркесетін сөздерге түрлі қосымша реңктер үстейтіндігі. Қосатын реңк мәндеріне сай сұраулық, күшейткіш, болжал, болымсыздық, қомсыну мәнді демеуліктері болып бөлінетіндігі.
Одағай лексика-грамматикалық сипаты жағнан адамның әр түрлі көңіл-күйіне байлансты ишарттар және төрт түлік малға арнайы айтылатын, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейтін, оқшау қолданылатын сөздер тобы екендігі. Одағайлардың зерттелуі. Одағайлардың түрлері: негзгі одағайлар, туынды одағайлар. Одағалардың мағынасына қарай бөлінулері: көңіл-күй, ишарат одағайлары. Одағайлардың сөйлемде лепті, сұраулы сөйлемдердің құрамында келетіндігі. Екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алатындығы.: 1) көмекші етістіктерімен тіркесіп, күрделі мүшенің құрамында келгенде; 2) түрлі қосымшаларды қабылдау арқылы заттанып барып әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады.