Үстеу. Еліктеу сөздер.
Үстеу-сөз табының бірі, оның семантикалық сипаты. Үстеудің қимылдың алуан түрлі күй-жағдайларын, түрлі белгілерін білдіретіндігі, өз алдына жеке сөз табы екендігі. Үстеу сөз қатарының тілдің түрлі тәсілдері арқылы тарихи қалыптасқаны. Сондықтан басқа да сөздер тобымен төркіндігі морфологиялық құрамы жағынан негізгі түбір, туынды түбір үстеулер болатындығы. Дара және күрделі үстеулер болып бөлінетіндігі. Үстеулердің арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің жоқ екендігі. Үстеу грамматикалық категориясы жоқ сөз табы. Үстеу сөздердің мағынасына қарай мезгіл, мекен, мөлшер, сын-бейне, күшейту, мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері болып бөлінетіндігі. Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы я дәл мерзімін білдіріп, қашан? қашаннан? сұрақтарына жауап берітіндігі, мезгіл үстеулердің қатары. Мезгіл үстеулер, олардың құрылысының біркелкі еместігі. Дара және күрделі болып келуі, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны, атқаратын синтаксистік қызметі. Мекен үстеулері, олар қимылдың орынн, мекенін, бағытын білдіруі, сұрақтары қайда? қайдан? Мекен үстеуіне жататын сөздер, олардың тұлғаларының бірыңғай еместігі. Мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары, оларға жататын үстеу сөздер. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі. Пысықтауыш болуы, үстеулердің әрқашан өздері пысықтайтын сөздерінен бұрын тұратындығы, алайда мезгіл үстеулерінің сөйлемде орын талғамайтындығы. Кей жағдайларда үстеулердің бастауыш, толықтауыш, баяндауыш қызметінде жұмсалуы.
Еліктеу сөздердің лексикалық және тұлғалық жағнан өзгеше сөз табы екендігі. Еліктеу сөздердің қатары айналадағы түрлі-түрлі дыбыстарға еліктеуден қимыл-әрекеттерді, қилы-қилы көріністерін бейнелеуден туатын сөздер тобы екендігі.
Еліктеу сөздердің түрленбейтіндігі. Еліктеу сөздердің іштей еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерге бөлінетіндігі. Олардың сипаттамасы, қатары, құрамы, еліктеуіш сөздердің сөйлемдегі қызметі. Олардың сөздермен тіркесу қабілеті туралы.
Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты. Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамының буын жігінің, айтылу ырғағының қалыптасқан, әрі орнықты, әрі жүйелі заңдылықтарының бар екендігі. Еліктеу сөздердің құрылысына қарай дара және күрделі болып келетіндігі. Дара еліктеу сөздердің негзігі және туынды болып бөлінетіндігі. Негізгі еліктеу сөздерге есту, көру арқыл қабылднған табиғат құбылыстары, көрініс бейнелерінің атауларының жататындығы, туынды еліктеу сөздерге жалпы сипаттама. Күрделі еліктеу сөздер. Негізінен етістіктермен тіркесіп пысықтауыш мүше қызметін атқаратындығы, құранды мүшенің құрамында келіп бастауыш қызметінде қолданылуы. Зат есімдермен тіркесіп анықтауыштық қызметте де келетіндігі.