Етістіктің болымды-болымсыздық категориясы. Есімше. Көсемше. Тұйық етістік.
Етістіктің болымды-болымсыз категориясы. Болымды-болымсыздықтың бір грамматикалық категорияның қарам-қарсы екіжағы екендігі, етістіктердің болымды-болымсыздығының берілу жүйесі, болымдылық пен нолдік тұлғаның сәйкестігі, болымсыздық мағынаның етістікке синтетикалық, аналитикалық жолмен берілетіндігі туралы. Болымды-болымсыз мағынаның қазақ тіліндегі бар етістікке қатыстылығы.
Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық категориясы екендігі, оның ғылымда танылуы мен зерттелуі, өздік семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері мен берілу тәсілдері.
Есімше, көсемше, тұйық етіс тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны. Есімше, оның түрлері, мағынасы, жасалуы.Есімшенің екі жақты қызмет атқаруы. Есімшенің түрленуі: көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуі. Есімшенің сөйлемде атқаратын қызмет. Көсемше. Көсемшенің мағынасы, жасалуы. Көсемшенің әрі қимылды, әрі қимылдың амалын білдіретін қызметі туралы. Көсемше формалрының күрделі етістік, аналитикалық формалы етістік құрамындағы қолданысы, орны. Көсемшенің жіктелуі, сөйлемде атқарытн қызметі. Тұйық етістік. Тұйық етістіктің іс-әрекеттің өту, істелу процесін емес, атауын білдіретіндігі, қимыл атауы, қимыл есім атаулары жайлы. Тұйық етістіктің көптелуі, септелуі,т әуелденуі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі.
Модальдық категория, модальдылық жөніндегі көзқарастар, пікірлер.