Жасыбай – көл және Серектас тауындағы асу. Көлдің Жасыбай батыр атымен аталуына осы көл жағасында қалмақтармен соғысып, оларды жеңіп, өзі Серектасқа жасырынған қалмақ Құбамергеннің тасадан атылған оғынан осы жерде қайтыс болған. Ол туралы Жанақ Жаңабатырұлының «Баянауыл» дастанында жазылған:
….Жол салған тасты бұзып Жасыбай ер,
Әркімнің ертедегі-ақ ауызындағы ер.
Арқадан қалмақ ауып өз жеріне
Кеткен соң ат қойылған «Жасылбайкөл»
…Жасыбай кім екенін сұрасаңыз
Жалықпас, тап руы Каракесек
Осы келтірген мысалдарда қазақ халқының белгілі би, батырлардың есімдері генотопонимдер ретінде кешенді зерттеу арқылы анықталған, әлеуметтік мәні ашылған.