Әр түрлі ырымға байланысты қойылған аттар. Бала сұлу, көрікті, сүйкімді, бойшаң, мінезі ашық, жомарт болсын деп Жамал, Сәуле, Ақылжан, Жомартбек т.б. Бала тұрақтасын, көз тимей өлімнен аман болсын, өмір жасы ұзақ болса екен деген мағынадағы аттар: Тұрар, Өмірзақ, Жанұзақ, Мыңжасар т.б. Көптен баласы болмай жүрген отбасында немесе көп бала болсын деген тілекпен қойылатын есімдер: Қуандық, Сағынды, Тілепберген, Сүйіндік, Жалғас, Ілес, Ұлас т.б.