Қарабатырұлы Шінет (т.ж.1720- ө.ж. белгісіз)
Ақсұңқар ұшар жем үшін, Туады ерлер ел үшін.
Халық нақылы
Дулаттың үлкен ұлы Сиқымның шежіресі бойынша Сиқымның бәйбішесі
Гүлбаршыннан Жәнібек туылады. Жәнібектен Құттыбай туылады. Құттыбай 14981559 жылдар арасында өмір сүрген кісі. Сол Құттыбайдың бәйбішесі Бүбірайханнан Бексейіт, Байсейіт туылған. Тоқалы Тұрымханнан Құлансейіт, Тоқсейіт есімді төрт бала дүниеге келеді. Ол төртеуін ел Сиқымның «Төрт Сейіті» деп атап кеткен. Құттыбайдың үлкен ұлы Бексейіттен – Тоқатай, Борас, Буас өрбиді. Ал Борастан – Есбосын, Құлбосын, Небосын, Асан, Қызылқармыс, Боса, Есторы, Құл тарайды. Есбосыннан – Тілеуқабыл, Тарышы. Тілеуқабылдан – Ақсерке, Өтеш, Таңат, Бұлғақ, Жәуіш тарайды. Ал, Жәуіштен – Сәтек пен Жаманесті (Есті) туылады. Жаманестіден – Қарабатыр мен Тәтті туылады. Қарабатырдан –Еламан, Өтеміс, Шінет, Жидебай, Қалқаман тарайды.
Атақты Қарабатыр шежіре бойынша Сиқымның тоғызыншы ұрпағы да біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз – Шінет батыр Сыйқымның оныншы ұрпағы.
Қарабатыр – Қойгелді батыр екеуі 1723 жылдың көктемінде жаудың жолын Қаратаудың Арбатас, Қосбұлақ, Аралтөбе асуларында бөгеп, көш жолын күзеткен батыр. Аңырақай шайқасында Жоңғардың Сүрен атты батырын жекпе-жекте жеңіп, оның он тоғыз жасар ұлының атқан оғынан қатты жараланады. Қазақтар шалажансар Қарабатырды Төле бидің алдына жеткізеді. Қарабатыр жан-тәсілім алдында Төле биге:
-Би аға, Шінетім – сізге аманат, — деп көз жұмады (Біз бұл туралы Жаманестіұлы Қарабатыр тақырыбында жазғанбаз).
Қарабатырдың ұрпақтары жетім қалған төрт баласы Сыйқымдардың өз ауылы Сайрамсуда, ал Қарабатырдың соңғы өсиетіне байланысты Шінет нағашысы Төле бидің қолында өсіп тәрбие алады, ер жетеді.
Қарабатыр – Төле бидің туған күйеу баласы болған. Дәлірек айтсақ ол Төле бидің әкесі Әлібектің қызына үйленген (демек, Төле би Қарабатырдың қайнағасы болып шығады). Әлібектің де алты алашқа танылған би болғаны белгілі. Есім хан, Салқам, Жәңгір, әз Тәукелердің тұсында ұлы жүздің бас биі болған Әлібектей ардақты кісі тегін адамға қыз бермесе керек…
Аңырақай шайқасында айтулы ерлік көрсеткен Қарабатырдың бел баласы Шінет батырдың да қазақ елінің жоңғар басқыншыларына қарсы күресінде тарихта өшпес із қалдырған.
Бала Шінеттің қалмақ басқыншыларына қарсы кекті ызасынан туған бір оқиға
Қазанғап ақынның «Төле бидің тарихы» атты дастанында былай жырланады:
Баршахан бір күн ұйықтады
Күннің шаңқай түсінде, Аулақ тіккен ауылдан Жолым үйдің ішінде. Төле биден басқа адам Кіре алмайды үстіне.
Шінет деген жас бала –
Төле бидің жиені – Әлібектің туған қызынан Үйге келіп жүреді.
Жолым үйдің сыртынан Ұйқтап жатқан қалмақты Сығалап келіп көреді.
Ұшына таққан шені бар Әйел ме десе бұл өзі, Қалай еді мінезі?
Түрленіп жүрген жас кезі
«Масқара қандай нәрсе» — деп Айдарын кесіп қолға алды, Қамшыдай ұстап ойнады…
(Бұл өлең жолдары Төле би мен Қойгелді батыр кітабынан алынды. 105 бет)
Бұл кезде бала Шінет 13 жаста екен, оқиға 1733 жылдардың шамасына келеді. Сонда Шінеттің туылған жылы 1720 жыл деп шамалаймыз.
Бұл оқиғаны Шінет батырдың қазіргі ұрпақтары сәл өзгешелеу етіп баяндайды. Оның да өз себебі бар сияқты. «Ол кезде жоңғардың қонтайшысы, яғни ханы Қалдан Серен жазда Қаратаудың ең бір құйқалы қардалы жайлауы Боралдай, Қошқарата өзендері түйісетін, бастау алатын, қазір Үшқоспа аталатын жерге таяу, күні бүгінге дейін Ханорда, Ордақонған аталатын аймақты жайлайды екен. Міне, осы жайлауда жеке ақ үйде еркін ұйықтап жатқан Баршахан атты жайсаңның қазақша айтқанда – бектің бақ-дәрежесін, атақ-лауазымын көрсететін айбарлы айдары мен шашқа тағылған алтын белгісін Шінет қайшымен қиып алып, көкпар тартып ойнайды» — деп баяндайды. (Бұл дерек көзі де Төле би мен Қойгелді кітабынан алынды).
Шінеттің бұл әрекеті балалық емес жауына деген кектен туындағаны даусыз болатын. Ата қонысынан айырған ата жауына деген өшпенділікке тәрбиеленген жас бала басқыншыларды туған жерден қуу міндеті өзіне жүктелгенін сезініп ержетеді.
Сол шақтан кейін Төле би Қойгелді батыр бастаған Сиқымнан- Мәлік, Қарабатыр, Қаңлы-Қон, Тама- Алшынбай, Сыргелі Қаранар, Қоңырат- Төлебай, Бөгежілі-Көтен қоштаған батырлар Бұхар, Хорезм жеріндегі Қарақалпақтардың арасына өтіп кетеді. Төле би дастанында Төленің Жиделі –Байсын жеріне жиені Шінет үшін ауғандығын көрсетеді:
Шінет қиып қалмақтың айдарлысын, Байсынға ауды Төле би жиені үшін. Жиенді ел, желкені ас деме деп,
Үлгі қалған сияқты соның үшін-дейді.
Алайда, тарихи шындыққа сүйенер болсақ Дулаттар Ташкентті тастап Қарақалпақстан жеріне Қалден Цереннің зорлық-зомбылығына шыдай алмай үдере көшкен болатын. Жат жерде бес-алты жылдай болған соң Төле би елді ежелгі атамекені Қаратау, Түркістан, Жетісу, Шу, Іле аймағына қайта көшіруді ойластыра бастайды. Содан Төле би Қойгелдімен ақылдасып, Ташкент төңірегіндегі елге, батырларға хабар айтады. Бұл кезде Ташкенттен кеткен қалмақтардың орнын Жолбарыс хан басқан болатын. Төле бидің өзі бас болып Қарабатыр, Мәлік, Құлан, Алшынбай, Қаратай, Төлебай, Ақпан батырлар бір сапқа тұрып соғысып ұлы жүздің астанасы Ташкентті қайтып басып алады. Жолбарыс хан сол соғыста ауыр жараланып, кейін сол жарақаттан қаза болады.
Шінет батырдың жеке ерліктері көпшілікке белгісіз. Қысқаша деректерге қарағанда ол Түркістан, Сайрам, Созақты азат етуге қатысқан. Шінет ерте қайтыс болып, балалары Ырысбек пен Тұрысбек жетім өседі. Оның сүйегі Сайрамдағы бабалар қорымы