Жаныс Шойбек батыр ( 1721ж – ө.ж. белгісіз

Жаныс Шойбек батыр ( 1721ж – ө.ж. белгісіз)

 

Тексіз неме! дегізбе

Елге барар жол ізде

Арғымаққа мінсең де, Ел-жұртыңнан қол үзбе.

 

Төле би

 

Жуалы аймағындағы жоңғар басқыншылығымен болған соғыста аты шыққан батырлардың бірі және бірегейі Шойбек батыр. Ол жаныс руынан шыққан Сеңкібай батырдың жақын туысы. Оның есімі Ұлы жүз жасақтарының жоңғарлармен болған шайқастарында аталады. Жазушы Қадірбек Балғабекұлының зерттеулерінде Қазбек жазбаларына қарағанда Аңырақай қырғынында Мәмбет пен Шойбек 18 – 19 жаста ал, Сеңкібай 17 жаста болған делінеді. Аңырақай шайқасы 1729 жылы болды десек онда Шойбектің туылған жылы  — 1721 жылдың шамасы болады. Шойбек батыр туралы мәлімет әсіресе «Түп тұқиянымнан өзіме шейін» — деген Шапырашты Қазыбек би Тауасарұлының кітабында өте жиі әрі егжей-тегжейлі баяндалады. Сол Шойбек батыр қатысқан шайқастардың екі-үшеуіне тоқталайық:

Жуалының Қошқарата аймағындағы Ұзынбұлақтың жанында болған жекпежекте Өтеген батыр жоңғардың Ботхишар атты батырын жеңген соң кескілескен ұрыс болады (Бұл туралы біз Өтеғұлұлы Өтеген батыр тақырыбында жазғанбыз).

1107 тауық жылының көктемінде Қостұраның батыс жағындағы Шойбек батырдың мыңдығы қатынасқан шайқасты Қазыбек бет Тауасарұлы былай баяндайды:

«…Бұл кезде қалмақтар әлі күшті де, көп болатын. Кешке қарай кескілескен ұрыс болды. Қалмақтар белдесіп күреске түсе алмай қаша ұрыс салды. Бұл күн шығыс, түстік бетті ала шегіне бастады. Олар бір беткей қашпай бірнешеге бөліне қашты. Балданның айтқаны келді, енді бастары құралмады. Бұл өңір қалмақтардан тазара бастады. Мұны көрген Сеңкібай мен Шойбектің, Қылышбектің, Жангелдің қолы жау өз жерімізден кетті ғой дегендей, салғырттық таныта бастады. Бірақ екі күннен кейін майдан басына келген Төле аға мен Жолбарыс оларға қатты кетті. Сөйтіп тастүйін болған ұлы жүз қолы қайта көтеріліп жаудың соңына түсті.

Шойбек, Сеңкібай, Қылышбек қолы қашқан жауды қуа, өкшелей отырып біз Шу өңіріне жеттік…» — дейді.

1729 жылдың көктемінде(Мұны кейбір тарихшылар 1730 жыл деп жазып жүр) Шу бойындағы Далатау адырында (кейін Аңырақай аталып кеткен) болатын шайқасқа қазақтар үлкен дайындық жасады. Бұл кезде қазақ әскерінің жалпы саны мыңдықтармен есептегенде жиырма тоғыз мың адам болды. Шайқастың алдында болатын жекпе-жекке шығатын батырлар іріктелді. Олардың ішінде Ұлы жүз қолындағы батырлыр мен мыңбасылар: Сіргелі Қара-Тілек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Теке, Сатай мен Бөлек, Жаныс Шойбек пен Сеңкібай, Шапырашты Шыбыл Мәмбет, Суан Бағай, Ошақты Саңырық, Албан Қойгелді т.б. ұзын саны отыздан астам адам болды.

Қырғын соғыс алдындағы жекпе-жек он бір күнге созылды. Онда Бөлек батыр Аңырақты, Олжабай батыр Жадамба торғауытты жеңді. Бөгенбай қолынан шыққан Қоқ есімді сарбаз дүрбіттің Бақы деген батырын жер жастандырды. Бұл шайқасты басқарып өзі көзімен көрген Қазыбек бек былай жазады:

«Жекпе-жек ұрыс он бір күнге созылды, осы уақытта жиырма тоғыз қалмақ

өлді. Біз мыңбасыларымыздың Жеңгел мен Қасқарыдан басқасының бәрі де жекпе-жекке шықты. Әзірге қалмақтар өз өлігін жинаумен болды. Қоқтың жеңісінен кейін қалмақтар бізге қарай лап қойды. Қазақ жағынан да бір топ атты шықты. Енді нағыз қылыш пен шоқпардың ұрысы болды. Біздің іріктеп қойған жүзіміз лап қойды. Әп-сәтте-ақ қалмақтар түріліп шыға берді де, арғы жағынан енді жаппай ат қойды. Енді кімді кім деп білмейтін жай болды. Бұл күндіз демей, түн демей екі ай соғысатын ұрыстың басы еді…»

Бұл соғыста қаша ұрыс салу, жаудың алдын тосып алу сияқты тәсілдірдің бәрі ойластырылған еді. Шойбек қолы қаша ұрыс салды да қазақтар қашып бара жатыр деп қуған қалмақтар садағын кезеп жатқан Сеңкібай қолына ұрынды. Осы ұрыста Шойбек пен Сеңкібай қолындағы Дулат-Ботбай қолын бастаған Сәмен, Дулат-Шымыр қолын бастаған Сарттың ұлы Қойгелді батырлар ерекше ерлік көрсетті. Шайқаста Қойгелдінің інісі жас батыр Ақшаның ерлігі ерек болды. Шапырашты Жапар мен Олжабай батырдың қолынан қашып құтылған қалмақ өте сирек болды.

Аңырақайда тауы шағылған жоңғарлар қаша жүріп ұрыс салды. Шамал бастаған қалмақтың сегіз түмен қолы Орта Бақай, Нарын деген жердегі Көкшекөлдің жағасына шоғырланды. Оларды өкшелей қуған Наурызбай батырдың қолы Айнакөл деген жерге тоқтап шатырын тігеді. Мұны білген Шамал ұрысты қалайжүргізетінін келісуге елшісін жібереді. Екі жақ та дәстүрлі жекпежекке келіседі. Қазақтар жағынан жекпе-жекке Шойбек, Сеңкібай, Дәулет Мәмбет, Қалмақтардан Қаңғыр (Ханхор) Мұқыр, Мандобор, Домбайыл шығады. Жоңғарлардың Мұқырдан басқасы жер жастанып, Мұқыр жеңіл жараланып жаны қалады.

Қазақ жасақтары  Матай баурындағы, Бақай, Шеңқанай бойындағы жерлерді жаудан азат етті. Шамал  шеріктерінің ендігі қалғанын Бегенжүрек, Ешкіөлмеске дейін қуу міндеті тұрды. Бұл оқиғаны Қазыбек бек былай жазады:

«Текеліге қарай еңісте тағы бір үлкен соғыс тұрды. Өйткніең суы, суаты мол Текелі ойпатын, Қаратал бойын босату жетісулықтар үшін арман болатын. Әсіресе арамыздағы Шойбек пен Сеңкібай қолы Арқастың Қапалына жетпей тоқтағысы  жоқ болатын. Өйткені Баянжүректе, Ешкіөлместе Жаныстың әлі көбі қалмақ қолында қалған-ды.

Текелі ойпатында қиян-кескі ұрыс болды. Мұны да алдымен дәстүрлі жекпежек болып, жарасы жазылған Мұқыр, Шамалмен болған ұрыста Шойбек батыр өлтірген Қаңғырдың інісі Анжы батыр қалмақтың қолын қайта көтеріп, жан бітірді. Дәулеттің найзасынан аман қалған Мұқыр батыр Суан – Байтүгел – Жылгелді Бағай батырдың қылышынан ажал тапты».

Хан Абылай қытаймен шекаралас Айдынсу өзеніне жақын Шимойынға  қолын түгел жинауға әмір береді. Жеңіске арналған осы тойда Қарт Бұқар жырау топтан топты аралап өзінің мадақ жырын жырлайды. Бұл ұзақ толғауында Бұқар жырау шайқастарға қатысып ерлік көрсеткен, жекпе-жекке шыққан батырлардың барлығының да атын атап жырға қосады. Сол ұзақ толғаудан үзінді келтірейік: -Оу, халайық, үш жүзім!

Көріңдер бүгін хан жүзін,

Айдынсудың ақ жүзін,

Шимойында күз еді

Күзі енді жаз болды

Шүршітті жеңген Абылай

Көңілі көкте мәз болды

Тасыды көңіл, тасыды

Дұшпанның көңілі жасыды

Қазақ қазақ болғалы

Көрді ме мұндай жеңісті?!

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Шапырашты Наурызбай

Қиядан қиқу салғанда Қазағым халқым – батырым Дұшпанын жерге тіреді, Бауырын сөгіп іреді.

Ерегіскен қос дұшпан  Қара жерге кіреді

Қазақ деген халқынан, Батыр шыққан даңқынан, Сіргелі қара Тілек,

Қарақалпақ Қылышбек,

Текеден шыққан Сатай Бөлек,

Батырлардың асқары 

Қазыбекұлы Қасқары

Қаумен Дәулет қасында

Бақ-дәулеті басында Сеңкібай мен Шойбек бар Таңсық қожа Мәмбет бар…

Асылдан шыққан Еспенбет, Қалмақтың жолын кескен көп Жауырыншы көріпкел

Албаннан асқан Хангелді.

Қарақалпақ жиналып,

Алдына тартты Жангелді Сәменім – ерім Ботбайым, Екі көзі оттайым…

Қалай айтпан Шымырды? Шымырдан шыққан Қойгелді Жауын тапап жымырды…

Бұқар жыраудың егде тартқан жасына қарамай даусы Шимайын мен Қаратөбе арасын жаңғыртып, аты аталған батырлар келіп өз сыйын алған екен.

Шойбек батыр ерлік жорығын Жоңғар қақпасынан жетіп аяқтаған. Оның қайтыс болған жылы белгісіз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *