Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің жоспары
«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№7 ясли-бақшасы» МКҚК
Тәрбиеші Утеулиева Айгерім Муханқызы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сауат ашу, Математика негіздері, Жапсыру
Тақырыбы: Дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат
Мақсаты: Дыбыстар мен әріптерді туралы білімдерін кеңейту;
Сөздерді буындарға бөлуге үйрету, балалардың тілдерін дамыту;
Ұқыптылыққа, достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әріптер, суреттер, интербелсенді тақта
сандар жиынтығы, түрлі түсті қағаздар, желім.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру, ойын
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезең:
Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық,
Жинаған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін ғажайып «Дыбыстар әлемі» туралы көп қызықты ақпараттар аламыз.
Тәрбиеші: Балалар, дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде, оларды қалай ажырата аламыз?
Балалар: — Дыбысты естиміз, әріпті көреміз, жазамыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар сендер білесіңдер ме, әрбір тіршілік иесінің өздерінің тұратын жері, мекені болады екен.
— Мысалы адамдар үйлерінде, құстар ұясында, үй жануарлар
қорасында, ал аңдар өз апандарында өмір сүреді екен, мен қазір сендерге сол туралы ертегі айтып берейін.
Олай болса мұқият отырып тыңдайық.
Баяғыда бір үйшік болыпты. Дыбыстар барлығы сол үйшікте өмір сүріпті. Үйшіктегі дыбыстарды басқарып тұратын Боран ата болыпты. Боран ата дыбыстардың үйшіктен кіріп, шығуын қадағалап отырған екен.
Көңіл — күйі жақсы болғанда ол дыбыстарды емін — еркін өткізіп жібереді, мысалы былай А, О, Бұл дыбыстар үстіне қызыл көйлек киіп есіктен емін — еркін өтіп шығып жатады.
Ал келесі дыбыстардың жолына Боран атаның көңіл күйі түсіп кеткенде кедергілер жасап шығуына бөгет болады, не есікті жауып қояды.
Олар: Қ,Н, Ғ,М,Р,Т
Артикуляциялық жаттығулар: А,О,Б,Қ,Н,Ғ,М,Р,
Сонымен, емін — еркін шыққан дыбыстар қалай аталады?
-Балалар:дауысты,
-Ал, қысылып шыққан дыбыстар қалай аталады?
-Балалар:дауыссыз
Дұрыс айтасындар екіге бөлінеді.
Тәрбиеші: Олар бір-бірімен келіспей қалады. Балалар, ал сендер тату-тәтті, бірге ойнайсыңдар ма?
Балалар: -Иә!
— Ал балалар біз дыбыстарды достастыру үшін көмекке барайық па?
Балалар: Барамыз! Ал жолға шығайық!
Боран ата: Неге келдіңдер? Не істеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші: Дауысты дауыссыз дыбыстар бір-бірімен ренжісіп қалыпты ғой. Оларды достастыру үшін көмекке келдік.
Боран ата: Жоқ мен олардың достасуына жол бермеймін.
Тәрбиеші:Бір-бірлеріне жол ашатын ол –достық , сыйластық, татулық!
Боран ата: Жарайды , оларды достастырғыларың келсе, онда менің тапсырмаларымды орындандар!
Тәрбиеші: Боран ата ендеше сіз бізбен бірге тапсырмалардың орындалуын қадағалап жүріңіз.
1-тапсырма: Тақтаға әріптің үстіне қажетті суретті жабыстыру.
Боран ата: Бұл әлі жеткіліксіз, тағыда қызықты тапсырмаларым бар.
Тәрбиеші: Ал, енді екінші тапсырма қандай? Біздің балалар әр тапсырманы орындауға дайын. Сондықтан тапсырмаларыңызды балаларға ұсыныңыз.
2-тапсырма:Ұзын жолақшада дауысты, дауыссыз дыбыстардан құралған сөздер берілген. Сол дыбыстарды ажырату үшін текшелерді пайдаланады.
Тәрбиеші: -Балалар, бұл тапсырма өте қызықты. Мысалы: Қар сөзін алып дыбыстық талдау жасаймыз.Қар сөзінде неше дыбыс бар екен?
Балалар: -Екі дауысты, екі дауыссыз дыбыстан тұрады екен.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар Боран атаның тапсырмаларын орындап, шаршап қалған шығырсыңдар, бір сергіп алайық.
Боран ата: Менде сендермен бірге серігіп, денемді шынықтырып алайын.
Сергіту сәті:
Музыкалық қимылдар.
Тәрбиеші: Боран атаның келесі тапсырмасы қандай екен сұрап көрейікші?
балаларға дайындап келген келесі тапсырмаңыз бар ма?
Боран ата: -Иә, әрине тапсырмаларым бар!
3-тапсырма: «Дыбысты қорап» бұл тапсырманың ішінде жасырынған дыбысты тауып және әр түрлі суреттер берілген қай дыбыстан басталып тұрғанын айтып, саусақпен көрсету.
Боран ата: Балалар, дыбыстарды жақсы таниды екен, ал келесі тапсырма өте қиын, оны орындай алмайсыңдар деп ойлаймын. Міне, менің іздерім, оларды басып, дыбыстарды дұрыс айту керек.
Тәрбиеші: -Иә, тапсырма өте оңай емес, бірақ біздің балалар орындай алады деп сенемін.-Ой, балалар мынау үлкен адамның ізі ғой мүмкін Боран атаның ізі болар. Балалар қараңдаршы із қандай үлкен сендерде осындай үлкен азамат болып өсесіңдер.Міне ізгеде келіп жеттік.
Тәрбиеші: Боран ата бізге мына тапсырма қиын болайын деп тұр, сіздің бізге көмегіңіз керек .
Боран ата: Жарайды, онда менің артымнан қайталаңдар, бір ізді басамыз , бір ізден дыбыстың атын айтамыз, сосын сөз құраймыз.
4-тапсырма: Аяқ іздерінен дыбыстарды табу керек.
Тәрбиеші: -Көрдіңіз бе, Боран ата, біздің балалар шапшаң, әрі батыл тапсырмаларды мұқият орындайды.
Боран ата: -Иә, маған балалардың тапсырманы тиянақты, ұқыпты орындап жатқандары ұнап отыр.
Тәрбиеші: -Балалар, байқадыңдар ма? Тапсырмаларды орындап жатқанда дыбыстардың достасқанын байқап отырмыз.
Тәрбиеші: Боран ата біздің балаларға тағы қандай тапсырмаңыз бар?
Боран ата: -Балалар тапсырмалар көңілдеріңнен шығып жатыр ма?
Балалар: -Иә! Өте қызықты, ұнайды.
5-тапсырма:Үстел үстінде ыдысқа салынған ұнтаққа дыбыстарды жазып көрсету.
Тәрбиеші: -Балалар тапсырманың алдында саусақтарымызды жатықтырып алайық!
Саусақ жаттығулары- саусақтармен әріпті жасау, көрсету. А,Ғ, О,Н, Р, М,Б, Қ
Боран ата: Жарайсыңдар балалар! Өздерің шапшаң да, ақылды екенсіңдер.
Тәрбиеші: Енді балалар, Боран атаға дыбыстардың бір-бірімен дос екеніне көз жеткізейік.
(Тақтада әріптер жиынтығымен сөздер құрау).
Боран ата: Балалар, сендер жеңдіңдер. Мен қателесіппін. Дыбыстар бір-бірімен дос болса бола берсін. Ал, енді мен кетейін. Сау болыңдар!
Рефлексиялық түзетушілік:
Тәрбиеші: -Балалар, сендер қандай әлемге бардыңдар?
Сендерге қандай тапсырма ұнады?
Балалардың жауабы:
-Ғажайып дыбыстар әлеміне бардық.
-Иә, бізге дыбыстарды достастырған ұнады.
Тәрбиеші: Міне, балалар дыбыстық әлемінде дыбыстар қалай татуласқандарына біз куә болдық. Сендердің достарын мәңгілік болсын.
Кері байланыс: «Алма ағаш» әдісі
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: дыбыстарды дұрыс ажырата алуды.
Меңгереді: сөз буыннан құралатынын меңгереді.
Қолданады: әріп қималарымен сөздер құрап жазуды,сөздерге дыбыстық талдау жасауды;