Сәбилік кезеңнің соңында жаңадан пайда болатын әрекеттер

: Сәбилік кезеңнің соңында жаңадан пайда болатын әрекеттер.

Дәріс жоспары:

1.     Сәбилік шақта жаңа іс-әрекеттің пайда боуы.

2.     Психикалық дамыту және үйрету.

3.     Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері

4.     Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу

5.   Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.

Сәбилік шақта жаңа іс – әрекеттің пайда болуы.

Бала 3 жасқа аяқ басқанда неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлері ( сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу).

          Еңбектен бөлек ойын болған емес. Аңшылыққа, мал шаруашылығына және кетпен мен егін егуге көшкен балалар түсіне бермейтін және арнайы даярлықты керек етпейтін еңбек құралдары пайда болды.

          Қоғам дамуының сатысында рөлдік ойын пайда болды. Ол ойын арқылы балалар өздерінің қажеттіліктерін үлкендермен бірге өмір сүруге ұмытылысын қанағаттандырады.

          Рөлдік ойынның алғы шарттары заттық әрекетте пайда болады. Ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады.

Баланың бүкіл өмірі үлкендерге байланысты болғандықтан барлық іс-әрекетті ұйымдастырып, бағыт беріп отырады.

Үйрету егер психикалық дамудың бала жеткен дәрежеіне лайықталып жүргізілсе ғана табысты болуы ықтимал деген қорытынды шығады. Үйрету баланың дамуына  ыңғайластыра жүргізілмеуі, оның артында қалмауы тиіс. Үйрету дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы мақсат- сол жерде тоқтап қалу емес, онан әрі дамуды қалай жүргізу керектігін білу.Үйрету психикалық дамудан озық жүреді, оны өзінің соңынан ертеді.

          Үйретудің психикалық дамудағы жетекші рөлі бала жаңа іс-әрекетті меңгере отырып, әуелі оны үлкендердің басшылығымен және көмегімен, содан соң өздігінен орындауға машықтанатынынан көрінеді. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасындағы айырмашылық баланың таяудағы даму аймағы деп аталады. Таяудағы даму аймағының көлемі баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы қазір бар даму қорының маңызды көрсеткіші.

          Үйретудегі әрбір жаңа қадам баланың таяудағы даму аймағын пайдаланады және сонымен бір мезгілде онан әрі үйретудің алғышарты болып табылатын жаңа аймақ жасайды. Мәселен, сәбиге тіл үйрете отырып біз оның қалыптасқан есту, көру, қабылдауларының мүмкіндіктерін, үлкендерге еліктеуін, түсінігін пайдаланамыз.

          Мектеп жасына дейінгі балаға көбіне қабылдаудың бөлшектенбеуі, ойлаудың нақтылығы, ерік пен естің ырықсыздығы сияқты қасиеттер тән. Бұл ерекшеліктер психологиялық зерттеулер арқылы талай рет бекітілген болатын. Балалардың үлкен суреттер мен заттарды суреттеулеріне олардың өздерінің суреттерін әдетте заттардың жалпы сұлбасын немесе олардың жеке бөлшектерін, ұсақ-түйектерін қабылдай алатыны көрінеді, ал оларды бірден тұтастай қамтуға көбіне күштері жетіңкіремейді.

          Ерте жас кезінде әрекет заттық болып келеді. Бұл кезде балаға заттың арнаулы аты, ол неден жасалғаны, бәрі-бәрі қызықтырады. Ол жуынуды сабынмен, сүлгімен, қасықты қолдана бастайды. Әрекет үдерісін баланың көңілімен аударады. Ол көптеген нәрселерді үлкендерден үйрене бастайды. Мектепке дейінгі іс-әрекет басқа да іс-әрекет түрін үйренуге мүмкіндік береді. Онда жеке ойын, сурет салу, еңбек ету қабілетін иемденеді.

          Негізінен білік жеке автоматты іс-әрекет формасының жаттығуды қайталаудағы қорытындысы. Баланың білік қабілетін қалыптастыруға үлкендер ықпал етеді. Бала үлкендермен көп жұмыс жасаса, барлық нәрсені өз бетімен жасайтын болады. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балада ең бастысы тәрбие болады. Жаңа жаңалықтар баланы алға ұмтылуға итермелейді. Үлкендер балаға үнемі көңіл аударып отырса бала тез арада барлығын бағалап, сарапқа салады және өз көзқарасын ашып айтады.

          Ерте жастағы іс-әрекет дамуының кейбір ерекшеліктерін қарастырамыз:

—                  Балада әлеуметтік білік қалыптасады.

—                  Әрекет процедурасын орындауда қажеттіліктің ұйымдасады. Оған қажеттілік пен тазалық жатады.

—                  Бала іс-әрекет тәрбиесінің ережелерін меңгереді.

—                  Балада жеке өзіндік сапалық қасиеттер қалыптасады.

3.Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері

          Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен аламасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар.

          Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді олатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

4.Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу.

          Заттық іс-әрекеттен алынып жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан – ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады.

          Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйдеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамытудың қажетті жағдайларынан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі – үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде балалар ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды.

        Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым – қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.

5.Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.

          Егер сәбилік шақ аса маңызды жетістіктерге толы (бір жастан екі жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым- қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез – құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелді болады.

          Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты. Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Кеңістікте белсенді қозғалып жүру дағдысы (локомодация) әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалиып алады.

Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттар мен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.               Сәбилік кезеңдегі негізгі әректтерді атаңыз

2.               Сәбилік шақтағы іс-әрекеттің түрлеріне тоқталыңыз

3.               Бала психикасының дамуына заттармен әрекет еудің ықпалы бар ма?

4.               Сәбилік кезеңде заттар мен әрекет ету арқылы қарым-қатынасқа бейімделудің жолдарын атаңыз

5.Сәбилік кезеңде жетістіктерге жетуге заттармен әрекет етудің ықпалы

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / — 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / — 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / — 2014

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *