Ойталқы

Ойталқы
Ойталқы – қоғамдық маңызды мәселені талқылау. Ойталқының басқа таластарынан ерекшелігі талқылауға түскен мәселенің қойылысы, мақсаты түрпкі нәтижесі, т.б. сипаттарынан танылады.
– Ойталқы – жиылған топқа талқылауға ұсынылар сөз таласы.
– Ұсыналар тақырып алдын ала белгіленеді.
– Түрлі көзқарастарды талдай отырып, оң шешім мүмкіндіктерін табу.
– Ортақ шешімге келу міндетті емес.
– Ғылыми және қоғамдық тақырып талданады.
– Бірнеше адам баяндама, хабарлама да жасауына болады.
– Ғылыми тақырыпты, көркем шығарманы талқылау, «Дөңгелек үстел», т.б.
– Қатысушылар саны үш­төрттен он бес, жиырмаға дейін болу мүмкін.
Диспуттың басты сипаты сөз таласы емес, белгілі бір мәселені талдау, талқылау екенін есте ұстаған жөн. Сөз таласынан, айтыстан талқылаудың айырмашылығы қатысушылар өз пікірлерін, көзқарастарын айтады, әрі жаңа мәліметтер, тың ойлар алады. Ойталқыда өз ойының дұрыстығын, екінші біреудің пікірінің бұрыстығын дәлелдеудің қажеттігі жоқ. Сөз таласы, пікірталасы сияқты белгілі бір мәселені талқылауда түрлі көзқарастарды ортаға салу. Қатысушы жақтар өз көзқарас, ойларын, пікірлерін дәлелдейді. Бірақ қарсы жақты сынамайды. Сөз таласының мақсаты да неғұрлым ыңғайлы, қолайлы, маңызды мәселені ашу. Анықталған мәселені кейінде толықтыру, әрі қарай зерттей түсу міндеті қойылады. Көпшілікпен талдау дебат немесе жарыссөз болуы мүмкін.
Дебат – қоғамдық мәні бап мәселеге қатысты түрлі көзқарастарды көпшілікпен талдау.
Жарыссөз – ғылыми, саяси, есеп­беру баяндамасына қосымша талдау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *