Пікірталасқа дайындық. Пікірталасты жоспарлау
Көпшілікпен сұхбат немесе жеке адамдармен пікірлесу, пікірталасқа түсуде алдын ала дайындықтан өткенде нәтижелі болары сөзсіз. Көпшілікпен, жеке адамдармен пікірлесу, пікірталастыру үшін дайындықтың бірнеше кезеңдерін көрсетуге болады.
Күнделікті дайындық. Баспасөз құралдарын қадағалау, ғылыми, публицистикалық, көркем әдебиеттер оқу, ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтарынан хабардар болу, қоғамдағы саяси, әлеуметтік істерді ой елегінен өткізіп, баға беріп отыру т.б. күнделікті тұрмыста алатын мәлімет, білімді орнымен пайдалану қажет. Қызметі, жұмыс ыңғайы көпшілікпен қарымқатынасқа негізделген адам үшін дайындық:
– көркем әдебиеттерден цитата, үзінді, мысалдар жинау;
– мақалмәтел, қанатты сөздер жаттау;
– сөйлеу техникасына жаттығу;
– сөйлеу әдебі нормаларын сақтау;
– шешендік өнердің теориялық, әдістемелік негіздерін меңгеру.
Белгілі бір тақырып бойынша сөйлеуге дайындық
Нақты бір тақырып бойынша сөйлеуді шешендік өнердің бір түрі деп те қарастырады. Оның төмендегі бөліктерін жетік түсініп, басты сипаттарын аша алғанда нәтижелі болары сөзсіз.
– Тақырыптың мәні;
– тақырыптың өзіне ғана тән ерекшеліктері; – аудитория құрамы; – сөйлеу тілі.
Тақырыптың аталуы нақты, мүмкіндігінше қысқа, көпшіліктің қызығушылығын туғызатын болғаны дұрыс. Тақырыптың жалпылық сипатынан гөрі нақты бір мәселені көтеретіндей жинақылығы да оң нәтижеге жетуге кепіл болады. Көпшілік алдында айтылар сөзге дайындықтың басты кезеңі – материалдар жинау.
Сондайақ, сөздің нәтижелі шығуы төмендегі материалдар:
– негізгі ресми құжаттар;
– ғылыми, ғылымикөпшілік әдебиеттер;
– анықтамалық әдебиеттер: энциклопедиялар, энциклопедиялық сөздіктер, ғылымның әр саласына арналған сөздіктер, лингвистикалық сөздіктер (түсіндірме, шет тілдер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдер, т.б.) библиографиялық көрсеткіштер;
– көркем әдебиеттер;
– газетжурналдағы мақалалар;
– радио, теледидар хабарлары;
– әлеуметік сауалнама нәтижелері;
– өзінің бұғанға дейінгі білімі мен білік, танымы; – байқау, ой қорыту.
Кез келген ортада әңгімеге шығу үшін сол ортаға қатысты материалдарға жетік болуы керек. Сөйлеу алдындағы дайындықтың маңызды кезеңдері:
– іріктелген әдебиеттерді игеру;
– оқыған материалдарды ой тезіне салу;
– қорытынды жасай білу;
– талдау, материалдарды жүйелеу;
– ортаның ықылас, талабына, қажеттігіне қарай материалдарды іріктеу.
Дайындық түрлеріне:
– сөздің жазбаша мәтінін дайындау;
– мәтінді бірнеше рет дауыстап, мәнерлеп оқып дағдылану;
– қажетіне қарай кейбір тұстарын жатап алу керек десе келесі бір сөз шеберлері;
– тезис немесе жоспарын жасау;
– мәтіннің негізгі бөліктерін ғана жазу, яғни тірек бөліктерін әзірлеу;
– мәліметтерді (атыжөндерді, статистика, қанатты сөздер, цитата, т.б.) іріктеу маңызды деп есептейді. Қалай болғанда да, ойды дәл жеткізе білу, тақырып мәнін ашу үшін жоспар құрудың маңызы ерекше. Жоспар – мәтіндегі ойдың берілу реті, қысқаша мәтін бағдарламасы.Жоспар жай және күрделі деп бөлінеді. Жай жоспар бірнеше тармақтардан тұрса, күрделі жоспар кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан құрылады.
Кіріспеде тыңдаушыларды тақырыпқа дайындайды, тақырыптың көтерілуінің қажеттлігі (өзектілігі), дәл сол аудитория үшін мәні, маңызы, мақсаты мен міндеттері, сондайақ мәселенің тарихы айтылады. Кіріспе бөлім тыңдаушыларды қызықтыра алатындай тартымды ойлы, көңілге қонымды болса, келесі бөлімдерді ашуда сөйлеуші үшін оңай болары сөзсіз.
Сондықтан да риториканы зерттеушілер кіріспеде:
– тыңдаушыларды ұйытардай бір сәтті даяндау;
– юморды сәтті пайдалану;
– аңыз, ертегімен сабақтастыра бастау;
– көпке мәлім оқиғаны талдау;
– риторикалық сұрақ;
– тыңдаушыларға сұрақ қою, жауап алу әдістеуді қолдану аудитория ерекшелігіне қарай өз нәтижесін беретінін айтады.
Негізгі бөлім айтылар ойдың орнымен жеткізілуі, жинақталған материалдардың аудитория ыңғайына қарай сәтті қолданылуы үшін олардың ретімен, жүйежүйемен баяндалуын талап етеді. Мәтіннің дұрыс құрылуы материалдарды орнымен пайдалану әдістеріне байланысты. Оның бірнеше түрлері бар.
1. Индуктивті әдіс (жекеден жалпыға).
2. Дедуктивті әдіс (жалпыдан жекеге).
3. Салыстыру әдісі (түрлі құбылыс, оқиға т.б. салыстыру).
4. Баспалдақты әдіс (бір мәселені талдап талқылап аяқтап, келесіге көшу).
5. Тарихи әдіс (хронологиялық жолмен баяндау).
Мәтінді нақты бір әдіспен зерттесе, нәтижелі болады. Негізгі бөлімдегі теориялық талдау, дәлелдеменің нақтылығы, мәліметтердің дәлдігі, сөйлемнің түсінікті құрылымы, ойдың жүйелілігі қорытындыны дұрыс жасауға ықпал етеді.
Қорытынды «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» береді. Кіріспеде қойылған мақсатміндеттердің орындалуы айтылады. Негізгі бөлімдегі алынған нәтижелер жинақталады. Келешек істер жоспарланады, атқарылуы қажет жұмыстар айтылады. Мәтіннің стиліне, айтылған ойпікірлердің түйініне қарай қорытынды да түрлі реңкпен (эмоциямен, нақты жоспар, міндет қабылдаумен белсенді ісқимылға шақырумен) аяқталатыны белгілі. Қалай болғанда да сөздің соңында ортақ ой, түпкі мәселе шешімі түйінделуі керек.