Толғау
Толғанғанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңіліңнің күйін, мұңын, мүддесін, зарын, күйіншіп, сүйіншін айтып, шер тарқату үшін толғайды, екінші, ішкергі ғалымында болған халдарды, нәрселерді, тысқа шығарып басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі. Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында.
(А.Байтұрсынов).