Қазақ шешендерінің сөздері:
1. Атадан ұл туса игі едіАта жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын
Өзі біліп тұрса игі Жаудан бұққан нешені, Ортасынан қуса игі…
(Төле би)
2. Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма – Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өскеніңді өшірерсің…
(Қазыбек би)
3. Бай болсаң,
Халыққа пайдаң тисін.
Батыр болсаң, Жауға найзаң тисін. Бай болып,
Елге пайдаң тимесе,
Батыр болып,
Жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін
(Әйтеке би).
4. Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға
Өмірінде ұқпайды
Надандықтың белгісі,
Өзінөзі мақтайды
Көкірегі соқырға, Өмірде таң атпайды.
Шешеннің сөзі шын асыл,
Қап түбінде жатпайды
(Жанқұтты шешен).