Нәрестелік және бөбектік кезеңнің дамуына сипаттама

Нәрестелік және бөбектік кезеңнің дамуына сипаттама.

Дәріс  жоспары:

1.     Нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама.

2.     Нәрестелік кезең танымдық процестер.

3.     Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс.

4.     «Жандану кешені»  танымдық  дүниенің дамуы

5.     Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы  және оның алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзің түсініп, тілдік қарым-қатынас жасауының мәні.

1.Нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама. Жана туған нәресте және оның күтімі. Нәресте туған бойдан алғашқы тыныс алады, ол әдетте қатты іңгәләумен дүниеге келеді. Бұл сәтке дейін тыныш күйде жатқан өкпе өз күш- қуатына енеді; бірінші демалыстан соң бірнеше сағат өткеннен кейін нәрестенің біршама бірқалыпты демалысы орнығады.

          Толық жетіліп туған баланы орташа салмағы шамамен алғанда 3000-нан 3500-ге дейін, бойы 50-52см. Аралығында  өзгерістер болуы мүмкін. Бастың шеңбері орташа 32-34 см/ге. Ал кеуденің шеңбері 30-32 см/ге тең болады.

Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады. Мәселен оның өсуі туған кездегімен салыстырғанда 1 жылдың ішінде 25% артады. Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып өседі, бірақ алі де жұмсақ, шеміршек тәрізді майысқақ. Баланың өсуіне байланысты әртүрлі дене мүшесімен нерв  жүйесінің дамуы қарқыны бірдей болмайды, денесінің жетіліп дамуы  бірте-бірте артады.

       Сәбидің алғашқы жылғы өмірінде ас қорыту органдарының қызметі шектеулі болуына байланысты тамақтану мен ас қорыту  тез бұзылады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру қажет.

              Өмірінің алғашқы  жылында нәрестенің жүйке жүйесі едәуір дамиды, сезу органдарының қызметі жетіле түседі, балаларды қимыл қалаптасады, сөйлеу элементері пайда болады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру қажет.

Бала өмірінің екінші жылында небары 2500-3000 г салмақ қосады, бұл айына 200-250 гр шамасында. Өмірінің 3-6 жылында салмақ қосу  бұдан да баяу болады, жылына 1500-2000 г өседі. Сонымен 5-6 жасқа арай баланың салмағы бір жастағысынан екі  есе өседі,яғни бала 20 кг-ға жуық  салмақ тардады. Бойдың, салмақтың, кеуде мен бас шеңберінің деректірі 1,2 –таблициаларда келтірілген.

        Баланың өсіп – жетілуін бақылау үшін оны балаларға арналған салмақ өлшегіште ұдайы және жиі-жиі өлшеп тұру керек. Баланың салмағын өлшер алдында, үнемі бір уақытта өлшеу керек. Салмақ туралы мәліметтерді медбиеке өсіп жетілу тарихының арнаулы бетіне, салмақтың қисық өсуін өте көрнекті етіп, сызып көрсетуі керек.

2. Нәрестелік кезең танымдық процестер.

1)Қарапайм түстерді ажырыта алу үш айлығында болады. Ол генетикалық қан арқылы беріледі.

2)Балалардың көз тоқтатуы алдымен горизонтальды жатқан затқа көз тоқтадады. Одан кейін бала вертикальды затқа қарады.

3)2-3 айда балалар таныс және таныс емес адамдарды ажырата бастайды.

4) 3-4 айда бала таныс емес адамдармен қарым-қатынасқа түскісі келмейді себебі, бірді-бір сегіз айында көру аймағы азайады.

5)Ассоциациалық ес-байланыс 2 жаста аяқталады, бір сөздің орнына екінші сөз пайдалану бастапқы сөз еске түсуі, яғни көру, есту екі жаста аяқталады.

6)Бағдарлау зерттеу әрекеті жүзеге асырылады сөйлеуге келетин болсақ бірінші дыбыс шығарады, 2-3 айда гуілдейді, содан кейін былдыр пайда болады, 9-10 айда алғашқы сөз пайда болады.

    Заттар мен қарым-қатынас 7-10 айында болады. Мысалы, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау бірінші мимика, екінші сөйлеу арқылы жасалады.

    1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбектік кездегі негізгі ерекшеліктері:

1) Адамдармен қарыс-қатынас жасауда түсіну пайда болады.

2) Ойлауға өзін-өзі тежеу қалыптасада.

3)Тілдің дамуы 1 жастажеке сөз айтылады: 2 жаста 2-3 сөзді құрастырып айтады, 3 жастың аяғында толық балалармен қарым-қатынас жасайды.

4) Фанемадан кейнгі кезеңде фанемді сөзге ауысады.

5) Экоцентрлік сөз 1 жастан аяқталады.

     Заттық әрекеттер монепулярлық тұрғыда емес, мағынасын түсініп жасауда болады, ойын 1-3 жаста алғашқы сюжеттік ойындар ойнай бастайды.

     3 жаста бала қарапайым жаңа форманы ажыратады.

     Спектордың негізгі түстерді ажыратады. Іс-әрекеттен іске асады. 

         Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі – жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.

Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.

3. Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс.

 Өмірінің алғашқы жылындағы балалардың бойын айына бір рет, 1 жастан 3 жасқа дейінгілерін 3 айда бір рет балалардың туған күндерінде өлшеу керек.

      Бас пен кеуде шеңбері. Бұл өлшеулер организимнің үйлесімді дамуы туралы түсінік  береді.  Бас шеңберін өлшеу кезінде сантиметрлік лентамен басты төбе сүйектен қас үстінің иніні арқылы тығыз орап алады, кеуде  клеткасын өлшеу кезінде  лентаны алдынан  емшек тұсынан, артынан жауырын  сүйектің төменгі жағынан өткізеді. Жаңа туған баланың  бас шеңбері кеуде шеңберінен шамамен 2 см үлкен. 3-4 айлық дені сау балалардың бас шеңберімен кеуде шеңбері  бірдей болады.

         Бұлшық ет жүйесі. Жаңа туған баланың бұлшық еті біршама әлсіз жетілген, оның салмағы ұлғайған сайын  бұлшық ет талшықтары да толысып жетіле түседі.

       Емшек жасында бүлдіргіш бұлшық ет тонусы, жазылдырғыш бұлщық еттер тонусынан басым болады . бұлшық еттің төменгі тонусы рахит  кезінде кездеседі. 

        Бұлшық еттің дұрыс дамуы үшін бала қозғалымын жетілдіретін бұлшық еттірдің үлкен маңызы бар. Белсенді  қимыл тыныстың тереңдеуіне, қан айналымынын жақсаруына және т. б. Мүмкіндік  жасайды.

   Бас. Емшектегі баланың басы салыстырмалы тұрғыда едәуір үлкен ол дөңгелек  формада болады. Бас сүйектің бет жақ  бөлігі кішкене келеді.

     Төбе мен  маңдай сүйегінің  түйіскен  жерінде ромба түріндегі  сүйексіз аралық болады, ол улкен еңбек деп аталад; төбе сүйегінің желкемен қосылған  жерінде үшбұрыш түріндегі кішкене еңбекті сипайп білуге болады. Бұл жерлерге біртіндеп сүйек біте бастайды. Кіші еңбек жабылып қалады  немесе былайша айтқанда , 3 айға  қарай бітеледі, үлкен еңбек 12-15 айға қарай бітілеп қалады. Егер кальцийдің құрамы  көп болса, баланың еңбегі ерте жабылып ақыл-ойының дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан, тамақтың құрамын озгертіп  отыру керек.

   Кеуде клеткасы.   Өмірінің алғашқы жылындағы балаларда кеуде клеткасы конус тәрізді немесе цилиндр формалары болады. Қабырға  көлденең орналысып кеуденің демалатын тұсында көтеріліп тұрғандай болады өйткені ол омыртқадан тік бұрыш түрінде кетеді.Қабырғалардың осындай  кеуде клеткасының қозғалмалығын (экусурсиясын) шектейді, бұл дем алған кезде ұлғаюына кедергі келтіреді.

Жамбас сүйгі. Жаңа туған баланың жамбасы кішкентайлығымен  ерешеленіп, формасы жағынан балалар мен қыздарда бірдей болады. Омыртқа мен кеуде клеткасының дұрыс жетілуі  үшін қажетті жағдайлар жасаудың жамбас сүйегін  қалаптастыру үшін де маңызды болады.

          0-ден 2 айға дейін  нәрестелік  кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бола әлі де болса әлеуметтік пнеде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:

1)    Ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу,қанайналым);

2)    Тамақтану (сору, жұту);

3)    Қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);

4)    Бағдарланушы (басын кушті тітіркендіргіш бұру);

5)    Қозғалыстық (қамту, жүзу, адамдау, еңбектеу).

Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым  мазмұнды, белсенді сипат алады.

Сезім мүшелері.Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім   мүшелері арқылы қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке жүйесіне беріледі.шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас миы қыртысының толысуынан басқа, есту,көру, иіс сезу,дәм сезу, мен  түйсіну балалада жеткілікті  түрде даму қажет екені түсінікті.

        3.     «Жандану кешені» танымдық дүниенің дамуы.

Дүниеге келген кеде көру және есту анализаторлары толыққанды. Түйсігі арқылы есту, 3-4 –ші айда көру шоғырланады. «Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген  сапа – бұл баланың қалапты психикалық дамуының алғашқы белгісі.

4.Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы  және оның алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзің түсініп, тілдік қарым-қатынас жасауының мәні.  Нәрестенің сөйлеу қабілетінің дамуы. Нәрестелік кезеңде сойлеу қабілетінің дамуы да басталады.

      Алғашқы жартьы жылдықта сөзді есту қалыптасады, ал баланың өзі қуанышты сәттерде дыбыстар шығарады, оны «уілдеу» деп атайды. Екінші жарты жылдықта көбінесе баланың әрекетімен байланысты қайталанушы дыбыстар пайда болады. Әдетте мағыналы ыммен былдырлай бастайды, бірінші жылының соңында бала үлкендер айтатын 10-20 сөзді түсінеді және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін айта бастайды.

      Үлкен адам баланың заттық дүниемен  қарам-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен карқынды қимылдар жасай бастайды, да ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекеттерге шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.

             Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғашқы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың  алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемелары  көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір создерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік  аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауды бастайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жаңа туған жөргектік кезеңнің бала психикасының дамуындағы маңызы.

2. Нәрестелік және бөбектік кезеідегі баланың анатомиялық және физиалогиялық ерекшеліктеріне сипаттама берңіз.

3. Нәрестелік кезеңдегі пстхикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалыңызына талдау.

4. Нәрестенің ересектермен қарым қарынасы және оның алғашқы сөздері туралы не білесіз? .

5. Нәрестенің ересектердің сөзін түсініп тілдік қарым қатынас жасауының мінң неде?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / — 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / — 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / — 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / — 2014

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *