Қазіргі шешендік
Жоспары:
1. Қазіргі шешендік туралы жалпы түсінік.
2. Қазіргі шешендік сөздердің түрлері.
Негізгі тірек ұғымдар: Білім-ғылымдық сипаттағы шешендік, Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөздер, әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздер, діни мазмұнды шешендік, сотта қолданылатын шешендік сөздер,
Қазіргі кездегі шешендер сөздері тақырыбы, мазмұны және айтылу тәсілдері жағынан алуан түрлі. Мазмұнына, тақырыбына қарай қазіргі шешендік сөздер былайша бөлінеді: 1) білім-ғылымдық мазмұнды;
2) әлеуметтік-саяси мазмұнды;
3) тұрмыстық мазмұнды;
4) діни мазмұнды;
5) сотта қолданатын сөздер.
Бұларға әзірленудің де сипаты әр қилы. Кейбіреулеріне қажырлы еңбек қажет болады. Ал әлеуметтік-тұрмыстық тақырыптарға әзірліксіз-ақ сөйлеу дәстүрі кең өріс алған. Шындап келгенде, сотта және академиялық сипатта сөйлеу тынымсыз еңбектенуден, жүйелі машықтанудан туады. Мәселен, орыс физигі Александр Григорьевич Столетов1894 жылдың басында дәріс оқу ушін 1889 жылдің аяғында тапсырыс алған. Ол осы уақыт ішінде жүйелі түрде жұмыс жасаған.
Әрине, жаратылыстану ғылымдары бойынша дәріс оқу ұзақ дайындықты, сарғайып сарыла зерттеуді қажет ететіні даусыз. Оның үстіне көрнекі құралдарсыз, лабораториялық тәжірибелерсіз өткізу мүмкін емес.
Білім-ғылымдық сипаттағы шешендік мынадай түрлерге бөлінеді: 1) дәріс 2) ғылыми баяндама, 3) ғылыми хабарлама, 4) ғылыми шолу, 5) ғылыми көпшілік дәріс. Бұл сипаттағы шешендіктің қай түрімен сөйлесе де, шешенге жинақы, түйіндеп сөйлеуі үшін конспект қажет болады. Конспект жаза білу де асқан шеберлікті қажет етеді. Бұған дағдылану орта мектептің жоғарғы сыныптарында басталады. Оқушылар дәрістегі басты-басты ой-пікірлерді қағазға түсіріп отырып дағдыланады.
Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөздерге саяси шолушылардың, радио мен теледидар шолушыларының сөздері саяси тақырыптағы баяндамалар, митингіде сөйленетін сөздер, әскери-патриоттық сөздер жатады. Әскери-патриоттық тақырыптағы шешендік Отан қорғауда сарбаздардың рухын сергіту үшін қолданылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында Б.Момышұлы сияқты қолбасшылардың сөзге тапқырлығы мен алғырлығы жауынгерлерді жеңіске жігерлендіріп, Отан үшін аянбай соғысуға шақырған. Жалынды ақын Ж.Жабаевтың “Лининградтық өрендерім” атты өлеңі де осындай мақсатта жазылған.
Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздерге көрнекті қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың, өнер адамдарының, ғалымдардың, басқа да айтулы тұлғалардың мерейтойларында, салтанатты жиындарда, қаралы жиындар мен астарда, елшіліктер қабылдауында айтылатын сөздері жатады. Бұл топтардың қайсысында болмасын айтылатын сөздер тыңдаушыларға әсер ететін түрде: не көтеріңкі көңіл күймен, не мұңды өкінішпен ұсынылады. Бүгінгі өмірімізде әлеуметтік мазмұнды сөз айтатын сәттер мен орындар көбейді. Мысалы, үлкен жиындарда, салтанатты тойларда, туған күндерде тілек айту шешендікті талап етеді.
Діни мазмұнды шешендікке діни уағыздар, діни мейрамдарда халыққа қаратылып айтылатын тілек сөздер, құран сүрелері жатады. Қазір халқымыз дінге жаппай бет қойғанда, діни шешендіктің қолданылатын орындарыы көбейді.
Сотта қолданылатын шешендік сөздерге айыптаушылар мен қорғаушылардың, қорғанушылар мен айыпкерлердің сөздері жатқызылады. Қазақ тілінде сот істері журетін қала, аудандарда шешендіктің бұл турі қазір қолданылып жүр.
Барлық шешендік сөздің түрлеріне ортақ сипаттар мынау: ақыл-ойын қозғау, ұғым- түсінігін кеңейту, білім беру, сезімге әсерету, шындыққа иландыру.
Қазіргі шешендіктің түрлері
Түрі
Жанрлық сипаты
Білім-ғылым мазмұнды шешендік
Дәріс ғылыми баяндама, ғылыми шолу, ғылыми хабарлама, ғылыми мақала, ғылыми көпшілік дәріс.
Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік
Саяси шолу, репортаж, саяси сөздері, әскерипатриоттық сөздер, съезд, конференция баяндамалары, т.б. митингідегі сөз, дипломатиялық сөз, парламенттегі сөз.
Әлеуметтік-тұрмыстық
мазмұнды шешендік
сөз
Бата тілек, аза сөздер, мақала, баяндама, очерк, құттықтау сөздер.
Діни мазмұнды шешендік сөз
Діни-уағыз, иман, тілек, құран сүрелері.
Сот ісі шешендігі
Айыптаушының сөзі, қорғаушының сөзі, қорғаушы мен айыпкердің сөзі.
Бекіту сұрақтары:
1.Мазмұнына, тақырыбына қарай қазіргі шешендіктің өзіне тән ерекшеліктері .
2.Мазмұнына, тақырыбына байланысты бүгінгі шешендік сөздердің түрлері.
3.Бүгінгі шешендік сөздердің негізіндегі ерекшеліктерді атаңыз. Әдебиеттер:
1. С.Негимов Шешендік өнер. Алматы: Ана тілі, 1997.
2. М.Әбдіхалықов, Б.Күнтуарова, Л.Парфенова. Сөздік қатынас негіздері
«Фолиант» Астана-2010
3. Р.Х.Шахуров. Педагогтың шығармашылық өсуі. – М., 1995
4. Н.А.Березовин. Педагогикалық қатынасу мәселелері. – М., 1989 5. А.Н.Каримов. Педагогикалық қызмет және педагогикалықшеберлік негіздері. Оқу құралы Алматы «Қазақ университеті» 2011 ж Педагогикалық шешендік пәнінен тест сұрақтары
1. «Риторика» терминдік атауының негізгі мағынасы:
А) шешендік өнер теориясы
Б) сыпайы сөйлеу
С) шешеннің сөз саптаулары
Д) еркін сөйлеу
Е) саяси тақырыпта сөйлеу
2. Риторика баламасының қанша түрі бар?
А) 2
Б) 3
С) 4
Д) 9
Е) 5
3. Қай ел шешендік өнерді қасиетті өнер деп қабылдаған:
А) Ежелгі Вавилон
Б) Ежелгі Рим
С) Мысыр
Д) Египет
Е) Үндістан
4. Көне Грекияны риториканы неге балаған?
А) өнер патшасына
Б) ғылымға
С) сөз құдіреті
Д) филология тармағы Е) сөз өнері
5. «Риториканың рундық теориясының» авторы:
А) М.В.Квинтилян
Б) Барламов
С) Антонович
Д) Пряник
Е) Маклаков
6. Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалудың неше түрі бар?
А) 5
В) 4
С) 3
Д) 2
Е) 7
7. Шешендік өнер қайнар бұлақтары нешеу?
А) 3
В) 2
С) 4
Д) 1
Е) 5
8. XYIIIғ басында Ресейде мемлекеттік өнер теориясын қалыптастырған:
А) Эпископ Макария
В) Менделова
С) Харенко
Д) Варваров
Е) Купешка
9. Римде шешендік өнерге арналған мемлекеттік мектептің негізін салған?
А) М.В.Квинтелиан
В) Некрасов
С) Абулханова
Д) Мирзоян
Е) Маршен
10. Риторика неше бөліктен тұрады?
А) 2
В) 3
С) 4
Д) 5
Е) 6
11.Шешендік өнер дамыған мемлекеттер?
А) Ертедегі Мысыр, Вавилон, Қытай , Египет
В) Ақш, Америка
С) Иран, Ирак
Д) Франция, Словакия
Е) Украина
12. Риториканың, яғни шебер сөйлеудің мәнді, мағыналы элементі:
А) мақалдап, мәнерлеп сөйлеу шеберлігі
В) ауызша сөйлеу
С) жазбаша сөйлеу
Д) материалдың молдығы
Е) сөзбен көркемдеу
13. Сабақта класпен байланыс жасаудың негізгі тәсілдерінің бірі -…
А) мұғалім сөзінің айқын әрі нақты болуы
В) мұғалім сөзінің оқушыларды сендіретіндей болып келуі
С) мұғалім сөзінің бірінен соң бірі жүйелі келуі
Д) қарым-қатынас нормаларының сақталуы
Е) барлық жауабы дұрыс
14. Шешендік өнердің үзілмес тарихы қай мемлекеттен бастау алады?
А) Мысырдан
В) Вавилоннан
С) Көне Грециядан
Д) Қытайдан
Е) Үндістаннан
15. Қазақ халқы тіл құдіретін жоғары бағаланын қай жолдан көруге болады?
А) «Өнер алды қызыл тіл»
В) «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»
С) «Тіл байлық –ізгілік мұрат»
Д) «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады»
Е) «Басқа пәле тілден»
16. Қазақ халқының тіл өнеріне қоятын басты талаптары:
А) сөз қысқа болсын, қысқа болса да нұсқа болсын
В) сөз сүйектен өтетіндей өткір болсын
С) сөз қисынды, дәлелді, ақиқатты болсын
Д) сөз әсерлі болуы керек
Е) барлық жауабы дұрыс
17. Тән тазалығы өз дәрежесінде болуы үшін не қажет? А) педагогтық талғам.
В) косметика
С) таза жүруі тиіс
Д) дене шынықтырумен шұғылдануы керек
Е) сәнді киінген абзал
18. Педагогтың студенттерге қайырымдылығы қалай көрінеді?
А) студенттер әрекетіне қамқорлық жасауынан
В) жоғары балл қоюынан
С) мадақтауынан
Д) жақсы әрекеттерін қадағалауынан
Е) қоғамдық шараларға қатыстыруынан
19. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу барысында маңызды проблема
-…
А) ата –ананы сыйлауға үйрету
В) дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу
С) басқа тілді қоса меңгеруге
Д) дұрыс жауабы жоқ
Е) өз ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу
20. Шешендік сөзді тауып, қолдану арқылы әсерлі, мағыналы мәнде айтылатын сөйлем калай аталады?
А) шешендік сөйлем
В) мақал-мәтел
С) нақыл сөз
Д) дәріс
Е) барлығы дұрыс
21. «Бүкіл әлем сахна, барлық адам актер» сөзінің авторы кім?
А) А.В.Сухомлинский
В) А. С. Макаренко
С) Шекспир
Д) Д. Карнеги
Е) Аристотель
22. Сөз сөйлеуге дайындалудың кезеңін тап А) үздіксіз
В) күнделікті.
С) ауызша
Д) жазбаша
Е) мәліметтер жинау
23. Күнделікті дайындықтың негізгі шарттары:
А) өздігінен білім алу
В) шешеннің жалпы мәдениетінің болуы
С) сөйлеу техникасын меңгеру
Д) көпшілікке арналған сөзді сынап, талдау
Е) барлығы дұрыс
24. Нақтылы дайындықтың алғашқы кезеңі
А) білімдерді жинақтау
В) цитаталарды көшіріп жазу С) сөздің тақырыбын анықтау.
Д) ауызша сөйлеуге дағдылану
Е) презентация жасау
25. Cөздің түрлерін анықтау нақтылы дайындықтың нешінші кезеңіне жатады? А) 3
В) 2
С) 4
Д) 5 Е) 1
26. Белгілі бір мақсатқа жету үшін мақсатты және бағдарлы диалог түрінде өтетін іскерлік қатынас түрі қалай аталады?
А) диспут
В) келіссөз
С) баяндама
Д) әңгіме
Е) презентация
27. Сөйлеудің жалпы мақсаттары ата:
А) сергіту
В) мәлімет беру
С) жігерлендіру
Д) сендіру
Е) барлығы жақсы
28. Сөйлеу техникасын меңгерге жатады:
А) анық дикция
В) нақыл сөздерді жазу
С) мәліметтер жинау
Д) ақпарат алу
Е) көркем әдебиеттерді оқу
29. Әр жақ өз пікірін, өз шындығын жақтайтын, бірнәрсені талқылау кезіндегі сөз жарыс. А) диспут
В) егес.
С) дискуссия
Д) дәріс
Е) шолу
30. Берілген тақырыпқа сай алдын-ала дайындалу мен көпшілік алдында сөз сөйлеу өнері қалай аталады? А) Психология
В) Риторика.
С)Педагогика
Д) Семантика
Е) дұрыс жауап жоқ
31. М. Учасковтың «Риторика» оқулығы қай жылы жарияланды.
А) 1991ж
В) 1998ж
С) 1997ж
Д) 1999ж
Е) 1996ж
32. Педагогикалық шешендіктің белгілері қандай
А) Суырыпсалмалылық
В) Экспромдық өнер
С) Ақындық
Д) тауып айтушылық
Е) Барлығы дұрыс
33. «Сөйлейтін сөзін алдын-ала дайындап алмай көп адамдар түзелмес қате жібереді»- деген қанатты сөздің авторы А) Демосфен
В) Карнеги .
С) Сперанский
Д) Квинтельян
Е) Мерзияков
34. Өздігінен білім алу, білімдерді игеру, мәліметтер жинау, ақпарат алу, көркем әдебиеттерді оқу, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайндалудың қандай турі.
А) нақты
В) жалпы
С) толық
Д) күнделікті
Е) дұрыс жауап жоқ
35. Тыңдаған әр түрлі оқиғалар, жағдаяттар туралы ақпарат беру, түсініктеме беру, жиын өткізу қандай ауызша сөз сойлеу түрі
А) Шолу
В) Баяндама
С) Келіссөз
Д) Диспут
Е) Хабарлама.
36. Диспут дегеніміз
А) Әр түрлі мәселелерді талқылаудағы ұжымдық түрі
В) Бір тақырыпқа жататын бірнеше факті мен оқиғаны түсіндіріп шолу дасау С) Бір мәселені баяндамадан кейін талқылау пікір алмасу
Д) Пікірталас ретінде өткізілетін көпшілік талқылау.
Е) материалды белгілі мақсатқа сай баяндау
37. «Тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен адам жүрегін баурап алуымен көрінеді» -кімнің сөзі А) Ы. Алтынсарин
В) А. Құнанбаев
С) В.А. Сухомлинский.
Д) М.М. Сперанский
Е) М.Ф Квинтелиан
38. Шешендікті шыңдау үшін қандай біліктіліктерді менгеру керек
А) сөзді өздігінен дайындау
В) тыңдаушының сұрағына жауап беру
С) аудиториямен байланыс орнату
Д)техникалық құрл –жабдықтарды менгеру пайдалану
Е) барлық жауабы дурыс.
39.Филология ғылымында «Риторика» не деп аталған?
А) шешендік сөз
В) өнер
С) мәнерлі, мазмұнды, түсінікті сөз
Д) мәнерлі сөйлемнің теориясы.
Е) сөйлеу теориясы
40. Шешендік өнер ең алғаш қандай қайнар бұлақтан сусындаған? А) табиғат пен дарын.
В) саясат және мәдениет
С) саясат және еңбек
Д) өркениет
Е) талант пен таным
41. Қай ғасырда Эпископ Макарияның «Риторика» оқулығы жарияланды?
А) XVғ
В) XVIғ
С) XVIIғ
Д) XXғ
Е) XIVғ
42. Филология ғылымында «Риторика» не деп аталған?
А) шешендік сөз
В) өнер
С) мәнерлі, мазмұнды, түсінікті сөз
Д) мәнерлі сөйлемнің теориясы
Е) сөйлеу теориясы
43. Шешендік өнер ең алғаш қандай қайнар бұлақтан сусындаған?
А) табиғат пен дарын
В) саясат және мәдениет
С) саясат және еңбек
Д) өркениет
Е) талант пен таным
44. Римде шешендік өнерге арналған мемлекеттік мектептің негізін салған? А) М.В.Квинтелиан.
В) Некрасов
С) Абулханова
Д) Мирзоян
Е) Маршен
Глоссарий.
Грек сөзі риторикаға латын сөзі – орталық өнер, орысша красноречие (әсемсөз, көсемсөз), қазақша – шешендік өнер ұғымдары сәйкес келеді. Аристотель (б. з. д. 386-322 жж.) – атақты грек ойшылы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагогика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарын түптамырынан қозғап зерттеген.
Афина мемлекеті -Б.з.д. V ғасырда Ежелгі Грекиядағы дүние жүзіндегі ең дамыған әрі бай құл иеленушілік демократиялық мемлекет.
Дәріс – материиалды белгілі мақсатқа сай баяндау (мысалы, банк салымдарының түрлері туралы дәріс).
Демосфен – Афина мемлекетінің рухани өмірінде жарқын із қалдырған тарихи қайраткер.
Софист – дана, кемеңгер деген мағынада қолданылады.
Хабарлама – (ақпараттау) – тыңдаушыларға әр түрлі оқиғалар, жағдаяттар туралы жедел ақпарат беру, аудиторияға басқа деректерден белгілі ақпараттарға түсініктеме беру, өндірісте, мекемеде жедел өндірістік жиындар өткізу, т.б.
Әңгімелесу – бірнеше оқиға мен фактіні білдіретін хабарламадан айырмашылығы – бір фактіні не оқиғаны баяндайды. Әңгіменің тұлғалық сипаты оны қызықты етіп, эмоциялық тартымдылық береді.(Мысалы, экскурсия жүргізушінің мұражайдағы суреттің жазылу туралы әңгімесі).
Шолу – аудиторияға бір тақырыпқа жататын бірнеше факті мен оқиғаны біртіндеп, егжей тегжейлі түсіндіріп, шолу жасау.
Баяндама – адамдарға толық, жан -жақты ақпарат берудің кең тараған түрі, белгілі бір міндеттерді тұжырымдауға (фирма басшысының жарты жылдық жұмыс қорытындысы туралы баяндамасы) арналады.
Педагогикалық әрекет- сабақ кезінде қойылған мақсатқа жетудің біртұтас психо- физикалық процесі.
Педагогикалық мәдениет- адамзат мәдениетінің бір бөлімі, көп мөлшерде рухани және материалдық құндылықтар көрініс алады.
Педагогикалық позиция -педагогтың шәкірттеріне деген ойындағы орны және олармен қарым- қатынас кезіндегі мінез- құлық көрсеткіші.
Педагогикалық құзыреттілік- оқытушының кәсібилік қызметі мен шеберлігінің маңызды шарты.
Педагогикалық шығармашылық -мұғалімнің шығармашылық өзін-өзі жанжақты, көпқырлығын көрсете білу арқылы көрінетін мазмұндық қабілеті. Педагогикалық талап- оқушыға немесе студентке әлеуметтік- мәдени қатынастар мен нормалар және мінезін тәрбиелеу кезінде қойылатын талап. Педагогикалық этика- педагогикалық процестегі моральдың функциялық ерекшеліктері мен педагогтың оқушыларға, өз еңбегіне өнегелік сана негізінде көрінетін нормалық қатынас.
Педагогикалық такті (лат.tactus-тиісу) -педагогикалық әрекеттесудің құралдарын таңдаудағы, өлшем сезімі әрбір нақты жағдайға байланысты тәрбиелеу әсерінің белгілі шектен аспай қолданылуы.
Презентация — өзіне, фирмаға, идеяға, тауарға, қызметке, жобаға, т.б. көңіл аудару үшін, бір нәрсеге сендіру үшін айтылатын сөздер.
Позиция (лат. position-позиция) — жағдайдың бір нәрсеге көзқарасы, қатынасы. Іскерлік ауызша сөйлеудің диалогтік түрлерінің көбірек тараған түрлері: Әңгіме – жүргізушінің басшылығымен әр түрлі мәселелерді белгілі мақсатпен сұрақ жауап түрінде ұжымдық талқылаудың түрі. Әңгіме жеке, көзбе көз (2 кісі) немесе топтық (8-10 кісі), ұжымдық (25-30 кісі) болуы мүмкін. Іскерлік әңгіменің жеке түрлері — әңгімелесу (жұмысқа қабылдау, конкурс өткізу кездерінде), сұхбат (мұндайды көбінесе журналистер жүргізеді).
Жиналыс — әр түрлі мәселелерді талқылаудың ұжымдық түрі (өндірістік жиналыс, кәсіподақ жиналысы, т.б.).
Келіссөздер – белгілі бір мақсатқа жету үшін мақсатты және бағдарлы диалог түрінде өткізілетін іскерлік қатынас түрі.
Кәсіп — адамның еңбек қызметі.
Креативтілік — тұлғаның шығармашылыққа қабілеті.
Диспут – пікірталас түрінде өткізілетін көпшілік талқылауы. Диспуттың мақсаты – шындыққа жету. Диспутқа қатысушылар бірыңғай көзқарас қалыптаспаған және жауабы күні бұрын дайындалмаған мәселелерді талқылайды.
Дискуссия – бір мәселені баяндамадан кейін талқылау, пікір алмасу.
Егес – бір нәрсені талқылау кезіндегі сөз жарыс, мұндайда әр жақ өз пікірін, өз шындығын жақтайды. Егес өзінен өзі, егесуші екі жақтың біреуінің бастамасымен туады.
Имидж –біреудің сырқы пішіні, бейнесі туралы түсінік.
Иландыру — бір адамның басқа адамғы психологиялық әсері.
Марк Туллий Цицерон (б. з. д. 106-43) – шешендік өнердің теориясы хақында үш ғылыми трактат жазып қалдырған ғұлама.
Марк Фабий Квинтилиан (шамамен 35 жылы туып, 100 жыл шамасында қайтыс болған) – Римде шешендік өнерге арналған мемлекеттік мектептің негізін салушы бірінші ұстаз.
Мәдениет — қоғамның тарихи анықталған даму деңгейі.
Менталитет –ақыл құрылымы, ақыл ойы, ойлау бейнесі, мінез- құлқы, әлеуметтану мен әлеуметтік психология саласының термині.
Мотив — белгілі бір әрекетке итермелеуші себеп.
Мұғалім — жалпы білім беру мекемесіндегі бір немесе бірнеше пәнді беретін педагог.
Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) – орыстың әйгілі оқымысты ғалымы. «Шешендіккке қысқаша басшылық» атты оқулығы 1748 жылы басылған.
Рефлексия — толғану, өзін бақылау, өзін зерттеу, өзінің ішкі дүниесі, психикалық қасиеті мен күйі, өзін талдай білу қабілеті.
Сабақ — оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Сендіру — ойлау қызметі мен бірге интеллектуалды күйзеліс процесі.
Тактика — қоғамдық- саяси күресті жүргізудің амалдары, жинағы мінез- құлқы кейпі.
Тренинг — сабақтарын өткізу ол адамның мінезі мен қызметін басқару моделін жетілдіру.
Тілдесу — адамдар арасындағы қарым- қатынасты белгілі құралдар көмегімен біріккен қызмет нәтижесінде пайда болатын қажеттілік.
Эмпатия — эмоционалдық -өнегелік сана.
Этика (лат.ethos- қасиет) — мораль, өнегелік, мінез- құлық туралы ілім.
Практикалық жұмысқа арналған тапсырмалар
1. Сөз сөйлеуге дайындалу үшін естелік (Линкольн әдісі).
Отыра қалып, 30 минут ішінде сөз дайындауға әрекеттендіңіз. Сөзді самса сияқты тапсырыспен пісіруге болмайды. Сөз өзінен -өзі тууы, толғағы жетуі керек.
Аптаның басында тақырыбын таңдап алыңыз, бос уақытыңызда жақсылап ойлап, күні-түні естен шығармаңыз, не достарыңызбен бірге талқылаңыз. Оны әңгіме тақырыбына айналдырыңыздар. Осы тақырып бойынша өзіңізге әртүрлі сұрақтар беріңіз. Ойыңызға келген ойлар мен мысалдарды парақтарға жазып қойыңыз, одан әрі ізденіңіз.
Идеялар, ойлар, долбарлар сіздің басыңызға әр түрлі уақытта суға шомылып жатқаныңызда, көшеде келе жатқанда, түскі асты күтіп отырғаныңызда келуің мүмкін.
Мысалы, мынадай тақырыптарды таңдауға болады:
2. Қазақта суырып салма сөздің шеберлері туралы оқиғаларды әңгімелеңіз.
3. Сөз сөйлеуге дайындалу үшін сізді қызықтырып жүрген бірнеше тақырыпты атаңыз.
4. Төмендегі тақырыптардың біріне хабарлама дайындаңыз.
«Ежелгі Грекия мен ежелгі Римнің атақты шешендері»,
«Қазақ халқының атақты шешендері»,
«Мен қандай шешендерді тыңдауды ұнатамын?»,
«Қандай шешендер маған ұнамайды?».
Тренингтер
Тренинг №1.Қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын дамыту
Мақсаты: Педагогикалық мамандық негізінде қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын игерту.
Аудиторияға кіріп, ондағылармен амандасу;
Кіргеннен кейін ешбір сөзсіз-ақ-мимика, пантомимика, қөзқарас арқылы өзіңе зейін аударт.
«Оқушыларға» өтініш, талап, ескерту, мадақтау, күлдіргі, әзіл, ишара,бұйрық, тілік т.б. түрде сауал қою;
Қажетті дауыс ырғағын табумен қоса, мимикалық-пантомимикалық мәнерді де дұрыс келтіре білу
Өзгерген әрекет жағдайында қарым-қатынас жасау әдісін іздестір( әр түрлі жағдайлар ұсынылады)
Тренинг №2 Дауыс ырғағын келтіре сөйлеу
Мақсаты: Мәнерлі, сенімді, еркін сөйлеуге баулу, спонтандық коммуникация дағдысын дамыту.
Әр түрлі сөйлемдеру беру;
«Мұнда кел», «тапсырманы орындадың ба?», «зейін аударуызды сұраймын», «иә», «рахмет жаусын» және т.б
Түрлі педагогикалық жағдайларға байланысты түрліше айтып шығу тапсырмасы беріледі;
Студенттерге кез келген проблема бойынша тосыннан қойылған сұраққа тез жауап беру ұсыналады (Ойлануға уақыт берілмейді).
Педагогикалық әңгіме: оқытушы сөйлем айтады, студенттер кезегімен өз сөздерін қосып, тұтастай мазмұнды әңгіме қарастырады; немесе оқытушы психологиялық-педагогикалық әңгіменің үзіндісін оқиды да, студенттерге оны әуелі сөзбен, содан кейін қимыл әрекетімен аяқтауды ұсынады.
Тренинг №3.Мимикаларды, пантомимикаларды дамыту
Мақсаты: Студенттердің мимикалық табиғи ерекшеліктерін жетілдіру. А.Студенттерге тапсырма беру:
тақырыбы: таңырқауды, абыржуды, қаһарлануды, күлуді, кекесінді т.б . Ә.Іштей толғанысты бейнелеу:
тақырыбы: «саламатсыздарма», «отырыңыздар», «тыңдауларыңызды сұраймын», «тынышталыңызды сұраймын» т.б
Тренинг №4. Ықтиярлы зейінділік, байқағыштық және жинақылық дағдыларын дамыту
Мақсаты: Студенттердің зейінділік, байқағыштық қабілеттерін дамыту дағдыларын қалыптастыру.
А.Педагогикалық мазмұндағы суретке назар аудару арқылы әңгіме құрастыру;
Ә.Түрлі слайттық суреттер арқылы толық мазмұнды әңгіме құрастыру.
Қолданылған әдебиеттер
1. С.Негимов Шешендік өнер. Алматы: Ана тілі, 1997.
2. Қ.Сейталиев Педагогика тарихы Оқулық: -Алматы. «Білім»-2008.-416 бет.
3. А.Байтұрсынов Шығармалары, Алматы: «Жазушы»1989
4. М.Әбдіхалықов, Б.Күнтуарова, Л.Парфенова. Сөздік қатынас негіздері
«Фолиант» Астана-2010
5. Р.Х.Шахуров. Педагогтың шығармашылық өсуі. – М., 1995
6. Н.А.Березовин. Педагогикалық қатынасу мәселелері. – М., 1989
7. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. А., «Рауан», 1994
8. 9. Рубинский Л.И. Мамандыққа кіріспе. Аударған Т.Айнабеков. Алматы,
1991
10. 11. Н.В.Кузьмин. Мұғалім еңбегі психологиясы очерктері. – Л., 1967
12. Т.С.Садықов және т.б. Болашақ мамандарды кәсіптік дайындау. (Абай атындағы АлМУ жаршысы. №5 (5), 2001. – 21-25
13. Н.Д.Хмель. Мұғалімді кәсіптік дайындаудың теориялық негіздері. –
Алматы, 1998
14. Төреқұлов А. Шешендік сөздер. А., 1981ж.
15. О.Н.Ерниязов. Психологиялық зерттеу әдістемесі.
16. А.Н.Каримов. Педагогикалық қызмет және педагогикалықшеберлік негіздері. Оқу құралы Алматы «Қазақ университеті» 2011 ж
17. Ә.Табылды. Этнопедагогикалық оқылымдар. Алматы «Білім» 2006 ж 18. Ж.Әбиев. Педагогика тарихы: Оқу құралы. Алматы: Дарын 2006 ж.
Мазмұны.
Пәнге кіріспе ……………………………………………………………………………………………………………3
1.Педагогикалық шешендік курсының мәні мен міндеттері ………………………………………4
2.Шешендік өнердің тарихы ……………………………………………………………………………………..7
3.Педагогикалық шешендік туралы түсінік ……………………………………………………………..12
4.Шешендік шеберлікке баулу негіздері ………………………………………………………………….16 5.Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу ………………………………………………………….21
6.Сөз сөйлеудің нақты мақсаттары ………………………………………………………………………….23
7.Сөй сөйлеуге дайындалу ……………………………………………………………………………………..26
8.Дайындықсыз сөйлеу……………………………………………………………………………………………29
9.Ауызша сөйлеуге дайындалу кезеңдері…………………………………………………………………31
10.Аудиториямен кері байланыс……………………………………………………………………………..37
11.Сөйлеу этикеті …………………………………………………………………………………………………..46
12.Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері …………..50
13. Пікірталас …………………………………………………………………………………………………………55
14.Қазіргі шешендік ……………………………………………………………………………………………….60
Педагогикалық шешендік пәнінен тест сұрақтары …………………………………………………..63
Негізгі ұғымдарға түсінік беру ………………………………………………………………………………..70 Практикалық жұмыстарға арналған тапсырмала