Шешендік шеберлікке баулу негіздері

 Шешендік шеберлікке баулу негіздері Жоспары: 

1. Ауызша қарым-қатынас 

2. Шешендік шеберлікті игеру

 

    Негізгі тірек ұғымдар: ауызша қарым-қатынас, К.С.Станиславский, педагогтық, шешен шеберлігі, әдебиет. 

 

Ауызша қарым-қатынас мұғалімнің оқу материалдарын баяндауы. Бұл процесс өте күрделі: педагог, мысалы, жаңа материалдарды баяндай отырып, сөз болып отырған мәселе туралы «көрініс жүйесін» қоса баяндайды.

К.С.Станиславский мұндайда педагогикалық тұрғыдан маңызды міндет ұсынады; мұғалім өзі айтып берген нәрсені обьектіге тыңдауын, түсінуін ғана емес, ішкі көзқарасы мен көре білуін де мәжбүр ету қажет. Мәнерлі айқын сөз анықтаманың дәлдігі және сонымен қоса әсерлілігі баяндалатын материалды бейнелі етіп көрсете білу, ойының барлығы кез-келген мамандығы педагог үшін өте қажетті. Өкінішке орай сөз болып отырған мәселені іштей көрсете білу кез-келген мұғалімнің қолынан келмейді, ол шындығында тек осының өзі ғана педагогикалық қарым-қатынас тиімділігін анағұрлым арттыра түседі. Оқушы пән туралы танымдық информатиканы өз бетінше кітапшаны ала алады. Алайда осы материалдарды эмоциялық баяндау тұрғысынан дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыру арқылы бейнелі түрде елестете білуде мұғалімнің қиялы зор рөл атқарады.

Мұғалім сөзі сезім мен санаға әсер етуі ойлауын іздестіру әрекетіне деген қажеттілігін ынталандыруы тиіс, өз ойыңды осылайша айта білу қабілетін қалыптастыруға қажет.

Педагогикалық қарым-қатынас жүйесінде педагог сөзі тек үн емес Станиславскийдің сөзімен айтқанда: «бейне қоздырғышы болуы керек». [6,125]Мұның өзі педагогикалық еңбек шеберлерінің қызметінде, қай пәнде болмасын жақсы сезіледі. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық қарым-қатынас жүйесіне тән. Ол құлақпен қаншалықты естісең, көзбен де соншалық көре білу керек деген болатын. Біздің тілімізде тыңдау деп атап көрсетті. Станиславский не туралы айтылса, соны көре білу де, ол айту, бейне суретін көзге елестету әріптесіңді өзің көргендей етіп елестетуде мәжбүр ету деп үйретті ол – сөйлеу техникасының негізі. Әдетте бейнені басқаға жеткізу үшін ең әуелі әрине өзің елестете білуің қажет. Біздің санамызда ішкі ассоциялық бейненің – көру және естуінің үздіксіз тізбегі пайда болып отыруы тиіс. Бұл К.С.Станиславский терминологиясы бойынша «ішкі көріністі елестету немесе ішкі сыбысты есту» деп аталады.[6,125] К.С.Станиславскийдің қабылдаған бұл қағидасынан мектептегі педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін де айрықша маңызды. Өйткені мектепте сөйлеу қарым-қатынастың бейнелілігі мен айқындылығы педагогиканың әңгіме болып отырған.

Мәселе жайлы бейнелі көріністі жаңғырта білудің зор рөлі бар. Оның үстіне қарым-қатынастың бұл ерекшелігі тек филологқа ғана емес физикке, математикке де өте қажет. Өйткені материал бейнесін көре білу оны қабылдаудың едәуір күрделі сатысы ретінде материалдық абстракциясын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Айтылып отырған мәселені балаларға елестетуді ұйымдастыру – ерекше актуалды педагогикалық міндет. Ал олардың қаншалықты шешімділігі көбінесе дидактикалық сондай-ақ тәрбиені қызмет мүмкіндігіне байланысты.

Мұндайда бір мезетте мынандай педагогтың міндеттері: оқу процесін, оптимальдандыру және оқытушының тәрбиелік ықпалы арта түседі. Сөйлеу қатынасында көзге елестете білу тұтастай алғанда педагогикалық ықпалды байыта түседі.

Тағы бір атап көрсететін жайт қарым-қатынастың бұл сатысы сөз болып отырған мәселе туралы педагогикалық жеке қарым-қатынас арқылы айқын көрінеді. Баяндалатын материалдарға деген педагогтың эмоциялық қарымқатынасының белсенді көрінісінің маңыздылығы жайлы көзінде Н.Калинея, А.Ю.Луначарский атап көрсеткен болатын. Өйткені мұндай қарым-қатынас материалдардың бейнесін елестетуіне ықпал етеді.            

Көпшілік алдында сөйлеу үшін шешен белгілі бір бірлік дағдысында шыныққан болуы керек. Ол қандай дағды? Психологияның анықтауынша, дағды — белгілі бір операцияны ең үздік нұсқада жүзеге асыру мүмкіндігі.

Негізгі дағдылар:

—        Әдебиеттерді іріктеу дағдысы;

—        Іріктелген әдебиеттерді оқу;

—        Жоспар құру;

—        Сөйлейтін сөзін жазу;

—        Аудиттің алдында өзін-өзі ұстай білу;

—        Уақытты мөлшерлей білу;

Осы аталған дағдыларда шешеннің біліктілігі қалыптасады. Ол мынадай біліктілікке ие болуы тиіс:

—        Сөйлейтін сөзін өз бетімен дайындау; 

—        Сөзін тапқыр, әрі сенімді мазмұндау; 

—        Тыңдаушы сұрағына жауап бере білу;

—        Аудиториямен байланысты орнату мен оны ұстап тұра білу;

—        Көрнеліктер мен техникалық құралдарды пайдалана білу;

Егер осы білік-дағдылардың бірі сөз сөйлеушіде болмаса, оның сөзінің тыңдаушысына тигізетін әсері әлсірейді. Айталық, сөз сөйлейтін сөздердің мәтініне жақсы жазасыз, бірақ оны аудитория алдында қарап, әрі анық жеткізе алмайсыз. Сондай-ақ сіз аудиторияны сөзіңізбен қызықтыра аласыз, бірақ белгіленген уақытта жеткізе алмадыңыз. Негізгі ойыңыз айтылса, сіздің шешендік сөзіңіздің әсері төмендейді.

Сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеу сәттілігі шешендердің сөз мазмұнының негізін, яғни тақырыбын жақсы білуіне тікелей байланысты.

Шешен әдебиет, өнер, ғылым, техника салаларынан көп білуі тиіс. Шешен тек сөзді құрушы ғана емес, оны орындаушы да, сондықтан қызықты, мазмұнға ие сөзді әдемі сөйлеп жеткізе де білу керек. Осы сәтте дауыстың қаттылығы, интонация, сөз ырғағы, темпі, кідіріс, жест пен мимика, өзін ұстау әдебі мен трибунадағы тәртібі да маңызды болады.

Шешендік өнер тарихында шешен болу үшін табиғи дарындылық керек деген пікірлер бар. Егер шешендік өнер – бұл адамға табиғи берген сыйы болса, ол көпшілік алдында сөйлеу білу дағдысы, күнделікті практикалық жүйелі жаттығулардың негізінде қалыптасады. Бірақ табиғат берген қабілет адамның шешендік өнерді игеруін нәтижелі етуге жағдай жасайды, бірақ ол өзін-өзі жақсы сапаға көтеріле алмайды.

Шешендік өнер тарихына көңіл аударсақ ежелгі грек шешені Демосфеннің әуелгі көпшілік алдындағы сөзі өте сәтсіз болған. Ол ең алғаш көпшілік алдында сөйлегенде оған өзгелер күлген, өздерінің риза еместігін білдірген, олардың қатты даурыққаны сонша Демосфен сөзін аяқтай да алмаған.Ол өзінің даусын, сөзін нықтау үшін ауызына тас толтырып алып, ақын өлеңдерінен үзінді жаттап, жатыққан. Ол жүгіріп бара жатқанда сондайақ биік тауға көтерілу барысында өзі жаттаған бірнеше өлең шумақтарын, не өте ұзақ фразаларды айтқан.

Ежелгі грек тарихшысы Ф.Рух «Сравнительные жизнеописания» кітабында Демосфеннің кез-келген әңгіме кездесу, іскерлік әңгімеден соң өзінің жертөлесіне кіріп әңгіме барысындағы бар айтқандарды ойына түсіріп айтып шығаратын болған.

Сондай-ақ ол өзге шешендердің сөздерін мұқият тыңдап, ондағы айтылған ойдың жүйесін талқылау мен дәлелдеудегі шеберлікті аңғартып, өзінше ой түйген. Ол өзіне ұнаған сәтті сөздер мен сөз тіркестерін еске сақтап, оны өз сөзінде пайдаланған, бір ойды бірнеше тәсілмен беруге жаттыққан. Соның ішінен ең үздігін таңдаған Цицерон Флуторухтың айтуынша «ерекше білімді, жан-жақты өзін үнемі тыңдаудан жалықпаған адам шешен болған. Ол адам хаос кезінен-ақ барлық ғылымдарды бойына сіңіруге құштар болады». Мысалы: Цицерон өзінің еңбек сүйгіштігімен табиғи қабілетінің арқасында, өз замандасының арасында үлкен беделге ие болған.

       Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергендігімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, қазақ әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін – тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.

      Әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік, көңіл күй одағайы, т.б. Немесе мағынасы бір-біріне жуық, мәндес сөздер болғанмен, синонимдер көп жағдайда бірінің орнына бірі жүре алмайды. Мысалы, жедел – тез, оқыс – кездейсоқ, шақ – уақыт, жүз – рең тәрізді синонимдер ұғым дәлдігіне қарай жұмсалады. Синонимдер сөйлеуді көркемдеп, түрлендіреді, бір сөзді қайталай беруден арылтады.

       Ал бір-біріне кереғар, қарама-қарсы мағынадағы антоним сөздер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құрамы болып есептеледі. Мысалы:   Күлемін де жылаймын,  Жылаймын да күлемін.

  Неге ғана бұлаймын,

  Өзім ғана білемін, — деп Қ.Аманжолов адамның жан дүниесіндегі болатын құбылыстарды дөп басып суреттейді.

         Тілімізде дыбысталуы бірдей, бірақ басқа-басқа мағыналарды білдіретін сөздер саны қаншама! Ондай сөздерді омонимдер деп атайды. Омонимдерді орнымен қолдану сөйлеуде логикалық қате жіберуден сақтандырады.

          Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындалғанымен қоса, сөйлеудің көркемділік деңгейін көтереді. “Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда”, — дейді қариялар. – «Еркіндігіне қамыт түссе, елдігіңнен не қайыр дер едім мен» (Қазыбек би). «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деген – төренің тілі. «Құмды илей білсең – пана болады, қараны билей білсең – пана болады дер едім мен» (Ақтамберді жырау). Осы жолдарда шешендердің мақалдап, мәтелдеп сөйлеуді айтылмақ ойдың нанымды, анық, түсінікті жеткізілуіне қөмектесіп тұр.

      Сондай-ақ халық даналығынан туған «қиыннан қиыстырып», «жауарды жаба тоқып», «әліпті таяқ деп білмей», «халық айтса, қалпы айтпайды», «екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді», «тіл ұстартып, өнер шашқан», «сілтідей тынып», «иілдей бұзылып», «ләм-мим деп тіл қатпастан», «жүйкесін құртып», «екі иінінен дем алып», «мүйізі қарағайдай», «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен», «місе тұтпай» тәрізді толып жатқан тұрақты тіркестерді қалпын бұзбай орнымен жұмсай алса, қандай тақырыптағы шешендікте болмасын, айтайын деген ойды тап басып, дәл жеткізері хақ. Сөздерге мағыналық өң беріп, бейнелі тіркестер жасауда тіліміздің мүмкіндігі шексіз. Осыны шешен сөйлеуге талпынған әрбір жас ұмытпағаны абзал.

 

           Бекіту сұрақтары:

1. Ауызша қарым-қатынас  2. Шешендік шеберлікті игеру         Әдибиеттер:

1.     С.Негимов Шешендік өнер. Алматы: Ана тілі, 1997. 

2.     М.Әбдіхалықов, Б.Күнтуарова, Л.Парфенова. Сөздік қатынас негіздері

«Фолиант» Астана-2010

3.     Р.Х.Шахуров. Педагогтың шығармашылық өсуі. – М., 1995

4.     Н.А.Березовин. Педагогикалық қатынасу мәселелері. – М., 1989

5.     Н.В.Кузьмин. Мұғалім еңбегі психологиясы очерктері. – Л., 1967

6.     Т.С.Садықов және т.б. Болашақ мамандарды кәсіптік дайындау. (Абай атындағы АлМУ жаршысы. №5 (5), 2001. – 21-25

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *