3.Педагогтық шешендік туралы түсінік Жоспары:
1. Педагогтың шешендік мәні
2. Педагогтың сөйлеу шеберлігі
3. Педагогтың шығармашылық өнері және шешендік
4. Педагогтың сыртқы бейнесі, оның шешендік өнерге әсері
Негізгі тірек ұғымдар: шешендік сөздер, суырыпсалмалылық, педагогикалық шешендік, Шекспир, Л.Н.Толстой, ақыл-ой, А.С.Макаренко
Риториканың яғни шебер сөйлеу, мәнді мағыналы элементі мақалдап, нақтылығымен айту шеберлігі ежелгі румын салтында шешендік өнерді құрметтеу, қасиетті ескерту ретінде қабылдаған. Белгілі шешендер қан майданда отанды қарумен қалай қорғау, бейбіт өнерде, сенатта суырылып сөйлеу, әр қайсысының басты қаруы саналған.
Шешендік біліктілік пен біліммен қуатты түйіскен терең сезіммен санасындағы, саңлақтық пен ұшқыр қиялмен тер төгумен ой тәрбиесінен туады. Ұстаз еңбегіндегі оқушылардың алдындағы күнделікті жасалынатын қарым-қатынасының бәрі сөз арқылы асады. Сондықтан балаға айтылатын сөздің икемділігі, көбіне мұғалімнің сөзді үйлестіріп айта білуіне байланысты.
Шешендік сөз тауып, сөйлем қисынын келістіріп айта білу, сөз арқылы, сөйлем мәнімен сөзді жеткізе білу қасиеті. Шешендік сөз ақыл ойдың ұшқырлығына, өмір тәжірибесіне, айтушының тілді жетік білуіне байланысты ұшқыр ойдан шыққан терең ұғымның көркем көрінісі, айтқан атауы. Шешенді сөйлем – терең ой санадан туындаған ұғымның қисынды, жүйелі айтылған сөздердің құтты құрамы, кестелі тізбесі.
Педагог шәкіртін өзіне тартып, олардың ықыласын арттырып, ынтасын баурап алу үшін ең әуелі оларға өз пәні бойынша әсер ететін мәнді, мағыналы әсерлі сөздер сәтінде таба біліп, оны өз мәнімен, аз мәнерімен қолдана білмесе, ол шешен емес. Шешендікпен тапқан сөзді айта білмесе, ол әсерлендірмейді, оның шын мағынасы шәкірттің санасына саябырламайды. Мысалы: «Балам» т.б. оның үстіне айтылған сөз тіркестерімен үндес болуға тиіс. «Балам!» деп лепті айтылған сөзден соң өкінішті, не қуанышты, не болмаса аянышты сөз тіркестері болуға тиіс.
Шешендік сөйлем – шешендік сөздерді тауып қолдану арқылы әсерлі, мағыналы мәнде айтылған сөйлем. «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, жылан қайтып күн көрер» деген дала данышпанының «күн көрер» деген шешендік сөзді салыстыру, баламалау арқылы, салмақтап айтылуына қарай, замана ағымын, ел мұңын, халық дағдарын сезіндіре әсер беріп тұр. Сыртқы түріне қарғанда «құлан», «жылан» сөздерін қолданып тұрғанмен, салыстырмалы мағынада бұл сөйлем тарихи кең және терең мағынаны білдіреді. Сол қасиетті мағынаны қадірлетіп, тыңдаушының құлғынан өткізіп санасына жеткізу үшін сөйлемдегі сөздерді өз ырғағын салмақты тонмен айта білмесе, бұл сөйлемнің өзінің терең мағынасын, әсерлі әуненін тыңдаушының санасына толық жеткізе алмаймыз.
Шешендік сөйлем әңгіменің кәсіптік мәніне байланысты құрылады. Әрине, сөз тауып, сөз тауып, сөйлем құрау шеберлігі тек әдебиет және тіл мамандарына ғана тән құбылыс емес. әрбір пәннің оқытушысы өз сөйлемдерін (ана тілінде, басқа тілде болса да) шәкірттеріне әсерлі жеткізу үшін сөйлемді қисынды, қызықты құрастыра білуге міндетті. Ұстаздың шеберлік пен шешендігінің бір мәні осында
Педагогтың сөйлеу шеберлігі, сөз мәдениеті оның шешендік өнерінің көрсеткіші болып табылады. Сөйлемнің мәнін, сөздің мағынасын әсерлі жеткізу көбінесе дауыс ырғағын пайдалана білу тәсіліне байланысты, дауыстың дыбыстық деңгейі аудиторияның ауқымына, тыңдаушының білім дәрежесіне, ішкі сыртқы материалдық жағдайлармен сабақтас. Егер аудиторияда елуден астам тыңдаушы болса, онда дауыстың дыбыстық деңгейі жоғары болуға тиіс, ал сөйлеуге қуаттандырылған микрофондық жүйе пайдаланылса, онда дауыстың дыбыстық деңгейі «қоңыр дауыстық» дәрежеде үндеп, сөйлемді салмақтап айтуға болады. Ұлы педагог А.С.Макаренко дауыс ырғағын құбылту арқылы бір сөздің өзін жиырмадан асқан мағынада айтуға болады деп дәлелдеген болатын.
Сөйлеу мәнерінің көркемдігі дауыс ырғағымен қатар, бет-қимылы, сөзді әсерлі жеткізу әрекетін білдіретін сыпайы қимылдар арқылы да айқын көрінеді. Педагог өзінің сөзін тыңдаушыға шебер жеткізу үшін ол сөз сипаттамасын сол сөздің мағынасына сәйкес түрлі қимыл, әрекеттерімен мәнерлейді. әрине, «сөз мәнерлеудің жолы осы екен» деп, жұлқына беру ебедейсіздікті көрсетеді. Сөз- музыкалы құбылыс. Оның мәнерін тауып, мәнін тыңдаушыға әсерлі жеткізу үшін педагог дирижерлық әрекет жасайды. Яғни сөйлемнің мән-мағынасына қарай дауыс ырғағы мен әрекеттік қимылдарын үйлестіріп отырады.
Педагогтың шешендік шеберлігінің тыңдаушыға жеткізу әрекеттері монолог, диалог, сипаттау, хабарлау, толғау, мысал келтіру, тұжырым жасау, қорытындылау тәсілдері арқылы орындалады.
Педагогтың шешендік өнері монологтық мәтінді өз мәнерімен, сөз иесінің рөлінде тыңдаушыға әсерлі жеткізуінен байқалады. «Бүкіл әлем сахна, әрбір адам актер» деп Шекспир айтқандай, педагог әрбір кейіпкердің рөліндегі орындалатын сахналық құбылыс болғандықтан, педагог сол рөлдерді орындаушылық шеберлігін жақсы білуге тиіс.
Хабарлауды хабар ретінде айтып, толғауды толғанып айтып, сипаттаманы суреттеп баяндап, қызықты мысалдарды әсерлі баяндап, тұжырымдарды салауатты, қисынды айтып, қорытындыны нақты дәлелдермен түйіндеп, педагог сөз шебері, өнер иесі ретінде көрінсе, оның шешендік шеберлігі ұстаздық іс әрекеттермен бір тұтасып өз нәтижесін береді.
Педагогтық шешендіктің белгісі – суырып салмалық (экспромтық) өнер. Әрине, педагогтың бәрінде ақындық, жазушылық нышандар болуға тиіс. Өйтпесе, ол нағыз ұстаз бола алмайды. «Математикалық ойлау – ақындық ойлаумен бірдей» — деп белгілі математик В.Лобачевская айтқандай, педагог ой тапқыш болуға тиіс.
Мысал келтіре білу педагогтық шешендіктің өзекті тәсілі. Мысал келтіре білу қабілеті педагогтың интеллектілік ауқымына байланысты. Кез келген пән бойынша қызықты мысалдар келтіруге болады. «Жарықтың жылдамдығындай» (физика, астрономия) «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты» (әдебиет), «Шілдің қағындай бытыраған» (зоология) т.б. мысалдар келтіру арқылы пеадгог өзінің шешендік нышанымен пәндік материалын оқушылардың санасына қызықтыра жеткізе алады.
Педагог- қасиетті мамандықтың иесі. Оның сыртқы бейнесі көз тартпайтындай, көңіл ашатындай, басқалардан ерекшеленіп көрінуі қажет. Бұл ерекшелік педагогтың тән тазалығынан, киімінен, жүріс-тұрысынан байқалады. Тән тазалығы педагогтың таза жүруімен бірге оның дене шынықтырумен шұғылдануы арқылы қалыптасады. Тән тазалығында «косметиканы» тазалыққа жатқызуға болмайды. Оны – сәндену дейміз. Сәнденудің: икемделу, сыбану, бояну т.б түрлері бар. Сәндену гигиенаға, физиологияға лайықты болмаса, оның тән тазалығына зияны көп.
Тән тазалығы өз дәрежесінде болу үшін, педагогтық талғам қажет. Ол жеке тұлғаның (педагогтың) тұрмыс тіршілікке, заман ағымына, сол тұлғаның адамдық қасиеттеріне байланысты қалыптасады. Педагогтық талғам жалпы халықтық, ұлттық, адами талғаммен сәйкес келуі керек, ол үшін педагог сол әлемдік талғамдарды сараптап, адамдық бейнеге сәйкес талғамды таңдай білуге тиіс. Педагог сән қумай, мән қуып, мәністі көркемдікті талғап, жағымды жарасым табуы керек. Егер таңдаулы талғам, жағымды жарасым болмаса, онда педагогтың сыртқы бейнесі оның шешендік өнеріне сәйкес келмейді де, сәйкессіздік беделді бұзады. Бедел бұзылыған жерде, шешендік әрекет өз мақсатына толық жете алмайды. Мұндай жағдай, тәжірибесіз, талғамсыз «жаңа» мұғалімде көп кездеседі.
Жарасым көбінесе педагогтың киім таңдауынан, киінуінен байқалады. Егер педагогтың киінуінде жарасым болмаса, онда ол педагогтың ішкі бейнесінен бұрын сыртқы бейнесі көзге түсіп, педагогтық беделіне нұқсан келтіреді. Яғни, педагогтық шешендікке ішкі жарасыммен қатар сыртқы жарасымның сәйкестігі өте қажет.
Педагогтың сыртқы бейнесінің бір белгесі – оның жүріп, тұруы. Қарапайым тілмен айтқанда педагог түзу жүріп, нық басып, өз денесін мығым ұстап, қабағы ашық, қуатты құбылыспен шәкірттерінің көңілін көтеретіндей әсерлі жүріс, тұрысыт көрсете білуі керек. Орынсыз екі қолын ербеңдетіп, ұнамсыз бет қимыл жасап, шешенсіп ұзақ сөйлеп, білгішсініп, мақтанып, лайықсыз дауыс көтеріп, артық сөзбен абыройға нұқсан келтіретін жағдайлар педагогтың шешендігіне шек келтіреді.
Педаготың ішкі бейнесіне жан тазалығы, рухани байлығы (білім мен біліктілігі), өнері, мінезі, қызыққан әрекеті жатады.
Педагогтың жан тазалығы оның шешендік өнеріне ерекше әсер етеді. Жан тазалығы (адалдық, имандылық, ілтифаттылық, кішпейілділік, салауаттылық) жан жақты қалыптаспаса, онда педагогтың шешендіке өнеріне көп нұқсан келеді де, оның шешендік әрекерті өз мақсатына толық жетет алмайды.
Адалдығы айдан анық көрініп тұрған педагогтың шешендік өнері шәкірттерін баурап алады. Шәкіртінің жақсылық жағын жарқыратыа көрсететін сөз тауып айта білетін педагог әсерлі сөзімен тәрбиелік мәні зор әрекет жасайды. Ол: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп дана Абай айтқандай, Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ойларын тауып айттың деп, шәкіртіне адал баға берген ұстаздың шешендік өнері оның адалдығымен астасып тұр.
Педагогтың имандылығы мен инабаттылығы оның шешендік өнерімен өрнектеліп жатса, ондай жағдайда оның шәкірттері ұстазының шешендік өнерін жоғары бағалап, шешендік сөздерінен ерекше әсер алады. Педагог іске сеніммен қарап, шәкірттерін сол әрекерттерге сендіре білу үшін (иман сенім деген сөз) оларға әсер ететін шешендік сөздерді тауып айтады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей», «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа». Педагог неғұрлым ізетті, инабатты болса соғұрлым оның шешендік сөздері тыңдаушыға әсерлі болады.
Педагогтық шешендіктің бір тірегі – ұстаздық өнер, мәдениет. Ұстаз «сегіз қырлы, бір сырлы» өнерпаз болмаса, онда шешендік өнер де болмайды. өнер ұстаздың ішкі бейнесінің жарқын көрінісі. Мақал – мәтелдерді, әндерді жатқа айтып, өзінің шешендік өнерін әрлендіре білмеген педагогтан шешендік шықпайды.
Ұстаз мінезі орташа (не қатал емес, не жұмсақ емес) жарқын көңіл жайма шуақ болса, ол А.С.Макаренко айтқандай, үнемі қабағын ашып жүретін ақпейіл болса, оның шешендік үрдістері нәтижелі болады. [5,231]
Педагогтың қызыққан іс-әрекеті (хобби) оның шешендігімен байланысты болып, шәкірттеріне тәрбиелік әсер етеді. Бекіту сұрақтары:
1. Педагогикалық шешендік мәні.
2. Педагогтың сөйлеу шеберлігі дегеніміз не?
3. Педагогтың шығармашылық өнерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі алатын орны.
4. Педагогтың сыртқы бейнесі, оның шешендік өнерге әсері.
Әдебиеттер:
1. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. А., 1959 ж
2. Ақылдың кені жинақ А., 1991 ж
3. Төреқұлов. А Шешендік сөздер. А., 1981 ж
4. Ә.Табылдиев. Ұлттық тәрбие А.,2001 ж
5. Р.Х.Шахуров. Педагогтың шығармашылық өсуі. – М., 1995