<2. Шешендік өнердің  тарихы.

Жоспары:

  1. Антикалық педагогика, риторикалық идея
  2. Россиядағы педагогикалық риторикалық ұғымның қалыптасуына қысқаша шолу.
  3. Қазақстанның ұлттық, педагогикалық риторикалық ойлардың дамып, қалыптасуы.

         Негізгі тірек ұғымдар: Ежелгі шығыс өнері, Антикалық педагогика, ежелгі Греция, Протокор,  Демокрит, Квинтилиан, М.В.Ломоносов, Қазақтың би шешендері, шешендік сөздер.

           Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған, алайда осынау өнерінің үзілмес тарихы көне Грециядан басталады. Өйткені шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туады да, құл иеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның талдануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты.  Б.з.д. 5ғ 2-жартысында Грек-парсы, соғысынан кейін Афинада және оның қоғамдық өмірде, мемлекеттік іс ретінде саясат майданында маңызды фактор айналады. Бұл қасиетті киелі өнерді ыждағаттап үйрену әрбір грек азаматтарының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта Риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгерлерді ұстаз «Ритор» деп аталады.

Ал оратор латын тілінде «ораре» яғни сөйлеу «ғайыпты болжау» дегенді білсе керек: Шешендік өнер тарихы адамзат тарихының бір бөлігі. Көне Грецияда риторикалы «өнердің патшасы» деп есептеген. Б.з.д. 5ғ Эллада жерлерінде Динарх, Гиперид, Герги, Иссокарт, Эсхин филокрад сынды шешендер тоғыры тарих сахнасында шығып, сөздердің ережелері мен түрлерін, логикалық, қисын-қағидаларын шебер игерген.

РИТОРИКА – сондай-ақ тыңдаушының ынтазейінін аудара білдіру, иландыру, сендіре білу өнері. 

Риторика ғылымының іргетасын грек софисі Протокор қалаған. «Софис» ұғымы дана,  кемеңгер деген мағынаны білдірді. Протокордың ақылды, ойшыл болмысы ежелгі грек философы Демокрит (б.з.д. 460-370ж)

болған.  [2,19]

Атақты Грек ойшылы алыптардың алыбы жаратылыс, логика, этика, педагогика, саясат эстетика, ғылымдарын түп тамырынан қозғап зерттеген Аристотель (б.з.д. 386-322ж) «риторика» деген күрделі еңбек жазған.  Оның айтуынша шешен нәзік құбылыстарды құбылыстарды қатқыл үнмен айтса, не болмаса ыңғайсыз әңгімелерді нәзік дауыспен жеткізсе тыңдаушыны иландырмайды.

 «Риториканың румдық теориясы» еңбегінің авторы М.Ф.Кинтилиан  (б.з.д. 35-100). Ол Римде шешендік өнерге арналған мемлекеттік мектептің негізін салушы бірінші ұстаз. Оның негізгі басты еңбегі 12 кітаптан тұратын «Шешендік өнер тәлімі» деп аталады. Онда ежелгі Греция мен Римдегі риторика ілімінің тәжірибелері жинақтауымен жүйеленген. М.Ф.Квинтилиан шешендік өнердің теориялық және тәжірибелік мәселелерін бүге- шүгесіне дейін талдаған. Ол кезінде «болашақ шешендерді қалай тәрбиелеу» негізінде риторика мектептерде дәрістерді қалай өткізу, грамматика, философия, өнер, құқық пәндерін оқыту, көркем шығармаларды қалай мәнерлеп оқу және дарынды шешендер, жазушылар, ақындар, жақында кесек-кесек ойлар өрбіткен екен. 

17ғ басында Ресейде шешендік өнердің теориясы қалыптасып, өркендей бастаған. Эпископ Макарияның «Риторика» оқулығын және М.И.Угасовтың 1699ж жариялаған оқулығын атауға болады. Орыс тілінде риторика оқулығын жазған әйгілі ғалым М.В.Ломоносов (1711-1765ж) болды. Оның шешендікке қысқаша басшылық атты оқулығы 1748ж басылған. Сондай-ақ ол шешендік дегеніміз ғылым деген еңбегінде мұның рухани қабілетпен ғылыммен, авторларға еліктеумен шығармашылыққа бейімдеумен басқа ғалымдарды меңгерумен және айқын күшті дауыс, мықты рух, кең кеуде тәрізді табиғи ерекшеліктермен біртұтас екендігі баяндалған. 

Шешен сөзі тыңдаушылардың сезіміне әсер дарытуы қажет. Сөйлегенде даусың таза, мөлдір, кебірткісіз айтылуы ләзім деген екен. 

Бұдан соң Харьков университетінің авторы ғылым академиясының орыс тілі мен риторика бойынша профессор И.С.Рыжевскийдің «Риторика тәжірибесі» атты еңбегі (1795, 1805, 1822ж) жарыққа шыққан. Бұдан соң тарихқа шыққан ақын және аудармашы А.Ф.Мерзляковтың (1778-1830ж) «қысқаша риторикасы» А.С.Пушкиннің ұстазы орыс және латын тілдерінің маманы А.И.Раманың прозалық туындыларының барлық текстеріне бағышталған шешеннің теориясы, философия докторы Н.Ф.Кегианскийдің (1781-1831ж) «Жеке риторикасы» 1832ж, «Жалпы риторикасы» 1854ж және АлександрІ заманындағы көрн\екті мемлекет қайраткері, математика, физика, философия және риторика пәнінің оқытушысы Михайл Михайлович Сперанскийдің жоғары шешендік теориясы 1844ж дейтін бағалы еңбектеріне ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ орыстың ұлы сыншысы

В.Г.Белинскийдің «Риториканың мазмұны мен міндеттері» деген мақаласында шешендіктің тұлғасына тоқталады. Ол шаршы топты өрнекті ойларымен иландырады, оның ұлылығы асқан шабытпен, құлшыныспен өлшенеді. Демек сөздің оттылығы мен жарқынымен, күшімен, көрнектілігімен баулап алады дейді.

Халқымыздың даналығық үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. 

Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.),  Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалкиз,  Бұхар (XV-XVIII ғғ.),  Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше. 

Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. [2,219]

Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов «Қазақ әдебиеті тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалымлингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген. 

Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді», «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды», – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген. Сөз туралы Бөлтірік шешен: «Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл», – деп толғайды.  Бұлар – «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін,  жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі». Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп,  жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау:

…Көш бастау қиын емес –  Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес –  Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау қиын – Шешімін таппас дау бар, –   деп дұрыс аңғартады. Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет. 

Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер айтсақ, біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін. Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген. Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. 

Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамығаннан  кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді. Шешендік сөздің шыны – айтыс. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. 

Шешендік сөздер мән-мағынасының тереңдігімен ғана емес, сондай-ақ тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленеді. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.

         Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері  Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. 

Ш.Уәлихановтың: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған», – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз. 

Кезінде Ахмет Байтұрсынов: «Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді», – деді.[3,210] Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.

Қазақстанның шешен-билерінің тұлғасы, болмысы, сөйлеу процесі өзінөзі ұстауы, қимыл-қозғалысы туралы әдеби тарихи деректер жоқтың қасы.

Қазақ ауыз әдебиеті саласында би шешендер мұрасы жинаусыз,  зерттеусіз емес, оған сонау Ш.Уалиханов, М.Әуезов, С.Сейфулин, Ә.Мәмбетовадан бастап, кешегі Ә.Мәмбетова, Б.Адамбаев сынды ғалымдардың атсалысқаны белгілі.

Қазақ халқының тарихы мен философиясында әдебиеті мен тіл білімінде, билермен шешендер айтқан ақыл-нақыл, эстетикалық, этикалық, философиялық, ой толғысының бастауы Әл-Фараби, Қ.А.Яссауи, Майқы би, Асан қайғы, Қорқыттың, халықтың, өмір-тұрмыс, өлім-жетім, өткен шақ, болашақ, имандылық, қайырымдылық туралы философиялық толғаныстарымен Бұқар жырау, Жиенбет, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты көптеген дана, би, шешендер, ақын-жырауларының елдік, бірлік, ынтымақ жайлы толғау термині сүйену біздің болашақ ұрпақтың парызымыз.

  XVIII – XIX ғасырларда өмір сүрген би-шешендер екіге бөлінеді: «Хансұлтандарға қарсы шешендер» деп, оған Байдалы би, Ер Жәнібек, Қазыбектің немересі Тіленші би, Тарақты тұяқ, Шалқар шешендердің есімдерін жатқызады. Бұларды төртінші кезең деп есептейді. Ал бесінші кезең «Бекболыстарға қарсы шешендер» деп атап, оларға Сырым Датұлы, Досбол Қорлыбай баласы, Балаби Есенәлі баласы сияқты шешендерді, солардың есімдерімен байланысты шешендік сөздерді жатқызады. Бұлардың қатарына кіші жүздің атақты батырлары әрі билері Мөңке би Тілеуұлын, Есет Көтібарұлын да жатқызамыз. Байдалы, Тіленші, Мөңке сияқты билер философиялық танымы биік, көреген ойшыл, дана билер болса, Ер Жәнібек, Сырым, Есет батырлар – халқының азаттығы үшін сөзі мен қаруын қатар жұмсаған ғажайып тұлғалар. Бұл шешендердің өмір сүрген заманы – қазақ елінің шұрайлы, нулы, сулы жерінен, құтты-жайлы қоныс-мекенінен айырылып, зар жылаған шағы еді. Патша үкіметі жазалаушы отрядтарын – казак орыстарды қазақ ауылдарына жұмсап, құт-берекесін кетірді. Сөйтіп, паналы қыстау, саялы жайлаусыз жазы-қысы қыратта қалған қазақ малы жыл сайын жұтқа ұшырады. Тығырыққа тығылған қазақ ауылдары Жайық жағасына жақындаса-ақ болғаны, шекара отрядтары ауыл адамдарын қырып-жойып, малмүлкін талап әкетіп отырды. Мұндай шапқыншылық пен бассыздыққа қарсы батыр-билер халық алдына сөз сөйлеп, елі мен жерін қорғауға жұртын шақырады. Мысалы, Сырым Датұлы 1783 – 1797 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушысы болады. Қазақ ұлтының басына түскен зұлмат жылдарда Сырым Датұлы, Есет Көтібарұлы сияқты батырлар патшаның езгісіне, оның отарлаушылық саясатына және жергілікті жандайшаптарға, арам пиғылды хан-сұлтандарға қарсы күреседі. Қазақ шешендерінің болмысына ой жүгіртсек, оларда батырлық пен шешендік, ойшылдық пен көсемдік тамырласып, тұтасып жатқанын аңғаруға болады.

Бекіту сұрақтары:

  1. Антикалық педагогика, риторикалық идея сөздерінің  мәні, мазмұны туралы не айтуға болады?
  2. Россиядағы педагогикалық риторикалық ұғымның қалыптасуының негіздері.
  3. Шешендік сөздерге тән ерекшеліктерді атаңыз.
  4. Қазақстанның ұлттық, педагогикалық риторикалық ойлардың дамып, қалыптасуындағы  көзқарастарға талдау беріңіз. Әдебиеттер:

1.Ж.Әбиев. Педагогика тарихы. А.2006 ж

2. Ел аузынан құрастырғандар Б.Адамбаев, Т.Жарқынбекова. А.А., 1989 ж

3.Б. Адамбаев. « Шешендік сөздер» А., 1967 ж

4.А.Байтұрсынов. А. Тіл тағылымы. А., 1992 ж 

2. Шешендік өнердің  тарихы.

РИТОРИКА – сондай-ақ тыңдаушының ынта зейінін аудара білдіру, иландыру, сендіре білу өнері. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *