1.Педагогикалық шешендік курсының мәні мен міндеттері

Жоспары:

1.Шешендік өнер туралы түсінік

2. Педагогикалық шешендік курсының мәні

  Негізгі тірек ұғымдар: риторика, шешендік, Рим өркениеті, Ежелгі Грекиядағы Афина мемлекеті, шешендік өнердің теориясы, филология.

Ауызша тіл сөздік қатынастың аса күрделі түрі болып саналады. Адам баласының өмірінде аса маңызды рөл атқарған ең алғашқы ғылымдардың бірі – риторика (грек сөзі zhetorike) осы ауызша тілге негізделген. Риторика ұғымы қазақша шешендік өнері, шешендік деген ұғымдарға сәйкес келеді.

Ескі гректер риториканы «сендіру өнері» деп есептеген. Рим өркениетінің кезінде риторика деп «жақсы, шешен сөйлеу өнерін» айтқан. Орта ғасырда және қайта өрлеу дәуірінің басында риторика «сөзді әсемдеу өнері» деген атқа ие болған. 

Жалпы алғанда, риторика ықпал жасау өнері. Жұртқа ықпал жасай отырып, шешен оларға қажетті ой, сезім, шешім тауып, олардың сана-сезіміне, жүрегіне, еркіне әсер еткісі келеді.

Ескі       гректер       риториканы       «сендіру       өнері»       деп       есептеген.       Рим өркениетінің кезінде риторика деп «жақсы, шешен сөйлеу өнерін» айтқан.

Орта ғасырда және қайта өрлеу  дәуірінің басында риторика «сөзді әсемдеу» деген атқа ие болған.

«Риторика» терминдік атауының бастапқы әрі негізгі мағынасы «Шешендік өнердің теориясы» дегенді білдірген. Сондай-ақ  сыртқы сымбатты сұлу, мағынасы «Кең, келісті, қызыл тіл» дегенді білдіретіндігі анықталған. 

Филология ғылымында «риторика» мәнерлі сөйлемнің теориясы деп те аталады. Ертеде адамның рухани болмысының негізгі арналары риторика мен философия саналған. Бұлар бастапқыда әдебиеттің ми тамыр жүйесі болып

есептелген. Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:[1,6]

  • Саяси тақырыпта сөйлеу
  • Салтанатты маслихатта сөйлеу
  • Сотта сөйлеу

Саяси тақырыптағы шешендік алдымен тыңдаушыны сендіруге ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушының көңілінен шығуға әрекет жасайды. Саяси тақырыпқа екпінді күш қажет болса, соңғысына әсемдік тән. Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады. 

Шешендік өнер 3 қайнар бұлақтан нәр алып, сусындайды:

  1. Табиғат пен дарын.
  2. Теориялық қисындармен қарулану.
  3. Тынымсыз, толассыз еңбек, жаттығу.

Риторика- адамзат мәдениетінің өзіндік маңызды бөлігі. Кез-келген мәдениет кеңістігінде ол ақпаратты жеткізу дәстүрі ретінде анықталады, яғни диалогтық мәдениет қорытындысын анықтайды. 

Риторика түсінігі өзіндік ерекшелігімен әрқилы әр түрлі зерттеу үшін риторика түсінігіне түрліше мән алғызады. Мысалы: төмендегі 3 түрлі анықтаманы салыстыралық:

                                             Риторика

Берілген тақырыпқа сай                                                     Ауызша немесе жазбаша сөз алдын-ала дайындалу,                                            алдын-ала дайындалу, мәтіндерді көпшілік алдында                                         құрал ете отырып адамдарды сөз               сөйлеу өнері.                 басқару өнері.

                                               Тыңдаушының көзін бір нәрсеге                                           жеткізу немесе бір нәрседен айныту                                           мақсатындағы арнайы дайындалған                                            диалогтік және монологтық мәтіндерді                                            зерттейтін ғылым.

Анықтамалар бір-бірінен ерекшеленеді. 1,2- анықтамаларды салыстыру ауызша,       жазбаша       сөйлеушінің       қарама-қайшылығын       аңғарамыз.       Ерте дәуірлерде басымдылық алдында жазбаша мәтінге айтылғанның салғын көшірмесі ретінде қабылданды. Кейін жазбаша сөз алға шықты.

Риториканың яғни шебер сөйлеушінің мәнді-мағыналы элементі мақалдап, мәнерлеп, нақтылығымен жеткізу, айту шеберлігі болса керек. 

Шешендік өнер үш мақсатты көздейді: [1,6]

1.Сендіру;2.Рахаттану, ләзатқа бөлеу; 3.толқытып тебіренту.

Риторика 5 бөліктен тұрады:

              1.Материалды іздеп табу.

              2.Материалдарды орналастыру, жайғастыру.

              3.Сөзбен көркемдеу. 

              4.Есте сақтау.

               5.Айта білу. 

Басқару саласы мен іскерлік әлемде өздерінің кәсіби білімдерімен қатар жақсы сөйлеп, адамдарды сендіріп, өз көзқарасына бас идіретін, өзін және өзінің идеяларын жарнамалай алатын адамдардың табысқа жететіндігі белгілі. 

Сондықтан да  педагог мамандар үшін шешендік өнердің негіздерін меңгеру аса маңызды міндет. Педагогтың сөйлеу  шеберлігі оның шешен сөйлеу әдістері мен сөздік құралдарды таңдап ала білу мен олардың орындыорынсыздығын талдай  алуында, оларды тыңдаушылардың эмоционалдыеріктік және ақыл-ой мүмкіншіліктеріне сәйкес қолдана білуінде.

Қарапайым,  жатық, жақсы сөйлейтін  адамдардан  шешеннің айырмасыол қандай жағдайда, тыңдаушылардың қандай тобы үшін, қандай мақсатта шешендік өнер қолдану қажеттігін ажырата алуында. Сонымен, шешен біліктіліктерінің даму дәрежесіне байланысты. Дағды дегеніміз-адамның кез келген әрекетті жақсы атқаруы. Қалыптасқан дағдылардан адамның біліктілігі шығады.

Көпшілік       алдында       сөйлеу       үшін       педагог       үшін     төмендегідей біліктіліктерді меңгеруі  қажет:

  • сөзді өздігінен дайындау;    
  • дайындалған материалдарды түсінікті әрі дәлелді түрде тыңдаушыларға жеткізу;
  • тыңдаушылардың сұрағына жауап беру;
  • аудиториямен байланыс орнату және оны сөз аяғына дейін сақтау;
  • техникалық көрнекі құрал-жабдықтарды пайдалану т.б.;

Мұның барлығы өзінде мынандай дағдыларды қалыптастырғанда ғана мүмкін:

  • әдебиетті іріктеп алу;
  • іріктелген әдебиетті оқу;
  • жоспар жасау;
  • сөз мәтінін жазу;
  • аудитория алдында өзін-өзі ұстай алу; — уақытты бақылай алу.

Сөйлеуші осы аталған дағдылар мен біліктіліктің кейбіреулерін меңгермеген жағдайда оның тыңдаушылармен қатынасы онша әсерлі болып шықпайды.  Айталық сіз мәтінді жақсы құрасыз, бірақ оны аудитория алдында қарапайым, түсінікті тілмен баяндай алмаймыз. Немесе сізге аудиторияның назарын өзіңізге аударудың сәті түсті, бірақ сөз берілген уақыт ішінде сөзіңіздің басты мәселелерін баяндап үлгере алмадыңыз. Мүмкін сіз тыңдаушылардың сұрақтарына дәл жауап бере алмай, көпшілікке арналған сөздің құнын кетіреді.

Көпшілікке арналған сөз сөйлеуші өз сөзінің тақырыбын, мән-мазмұнын жақсы білгенде ғана сәтті болады. Егер шешен өз тақырыбын жақсы білетін болса, тыңдаушыларға қызғылықта фактілер айтып, бұл саладағы жаңа фактілерді  келтірсе, аудитория тарапынан болған сұрақтардың барлығына ұтымды, дұрыс жауап бере алса, онда оның сөзіне тыңдаушылар құлақ асады.

Шешен жан-жақты білімді, көп оқыған, ғылым, әдебиет, өнер, тахника, спорт, т.б. салалардан мол хабардар болуы қажет.

Шешен сөздің құраушысы ғана емес, сонымен бірге орындаушысы да. Сондықтан мазмұны қызық сөз дайындау жеткіліксіз, сонымен бірге оны айту, яғни шешендік өнердің әдістемесін меңгеру керек. Бұл жерде дауыс қарқындылығы, интонация  сөз екпіні мен ырғағы, кідіріс, бет, қол қимылдары (ым,ишара), өзін-өзі ұстау, мінез-құлқы-барлығы да маңызды. Аудиторияны өзінің сыпай мінезімен, сенгіштік пейілімен, жағымды даусымен, сыпайы күлкісімен, тағы басқа да тәсілдерімен өзіне қарата алған шешеннің сөзі сәтті, табысты шығады, керсінше, шешеннің өзіне-өзі сенбеушілік, жалтақ мінезі, жағымсыз бірсарында дауысы оның өзін де, сөзін де аудиторияның қабылдамауына себеп болады. 

Бекіту сұрақтары.

1.Риторика сөзінің мәні мен мағынасын атап көрсетіңіз.

2.Шешендік өнердің түрлері қандай?

3. «Риторика» терминдік атауының бастапқы әрі негізгі мағынасы нені білдірген? 

5.Шешендік өнер қандай мақсаттарды көздеген?

           Әдебиеттер:

1.Қазақтың тәлімдік ой пікірлер. А., 1994 ж

  • Б.Адамбаев « Шешендік сөздер» . А.Алматы, 1967 ж
  • Даналардан шыққан сөз.А., 1987 ж

1.Педагогикалық шешендік курсының мәні мен міндеттері

Жоспары:

1.Шешендік өнер туралы түсінік

2. Педагогикалық шешендік курсының мәні

 

  Негізгі тірек ұғымдар: риторика, шешендік, Рим өркениеті, Ежелгі Грекиядағы Афина мемлекеті, шешендік өнердің теориясы, филология.

 

Ауызша тіл сөздік қатынастың аса күрделі түрі болып саналады. Адам баласының өмірінде аса маңызды рөл атқарған ең алғашқы ғылымдардың бірі – риторика (грек сөзі zhetorike) осы ауызша тілге негізделген. Риторика ұғымы қазақша шешендік өнері, шешендік деген ұғымдарға сәйкес келеді.

Ескі гректер риториканы «сендіру өнері» деп есептеген. Рим өркениетінің кезінде риторика деп «жақсы, шешен сөйлеу өнерін» айтқан. Орта ғасырда және қайта өрлеу дәуірінің басында риторика «сөзді әсемдеу өнері» деген атқа ие болған. 

Жалпы алғанда, риторика ықпал жасау өнері. Жұртқа ықпал жасай отырып, шешен оларға қажетті ой, сезім, шешім тауып, олардың сана-сезіміне, жүрегіне, еркіне әсер еткісі келеді.

Ескі       гректер       риториканы       «сендіру       өнері»       деп       есептеген.       Рим өркениетінің кезінде риторика деп «жақсы, шешен сөйлеу өнерін» айтқан.

Орта ғасырда және қайта өрлеу  дәуірінің басында риторика «сөзді әсемдеу» деген атқа ие болған.

«Риторика» терминдік атауының бастапқы әрі негізгі мағынасы «Шешендік өнердің теориясы» дегенді білдірген. Сондай-ақ  сыртқы сымбатты сұлу, мағынасы «Кең, келісті, қызыл тіл» дегенді білдіретіндігі анықталған. 

Филология ғылымында «риторика» мәнерлі сөйлемнің теориясы деп те аталады. Ертеде адамның рухани болмысының негізгі арналары риторика мен философия саналған. Бұлар бастапқыда әдебиеттің ми тамыр жүйесі болып

есептелген. Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:[1,6]

—             Саяси тақырыпта сөйлеу

—             Салтанатты маслихатта сөйлеу

—             Сотта сөйлеу

Саяси тақырыптағы шешендік алдымен тыңдаушыны сендіруге ұмтылады. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушының көңілінен шығуға әрекет жасайды. Саяси тақырыпқа екпінді күш қажет болса, соңғысына әсемдік тән. Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады. 

Шешендік өнер 3 қайнар бұлақтан нәр алып, сусындайды:

1.          Табиғат пен дарын.

2.          Теориялық қисындармен қарулану.

3.          Тынымсыз, толассыз еңбек, жаттығу.

Риторика- адамзат мәдениетінің өзіндік маңызды бөлігі. Кез-келген мәдениет кеңістігінде ол ақпаратты жеткізу дәстүрі ретінде анықталады, яғни диалогтық мәдениет қорытындысын анықтайды. 

Риторика түсінігі өзіндік ерекшелігімен әрқилы әр түрлі зерттеу үшін риторика түсінігіне түрліше мән алғызады. Мысалы: төмендегі 3 түрлі анықтаманы салыстыралық:

 

 

                                             Риторика

 

Берілген тақырыпқа сай                                                     Ауызша немесе жазбаша сөз алдын-ала дайындалу,                                            алдын-ала дайындалу, мәтіндерді көпшілік алдында                                         құрал ете отырып адамдарды сөз               сөйлеу өнері.                 басқару өнері.

                                               Тыңдаушының көзін бір нәрсеге                                           жеткізу немесе бір нәрседен айныту                                           мақсатындағы арнайы дайындалған                                            диалогтік және монологтық мәтіндерді                                            зерттейтін ғылым.

 

Анықтамалар бір-бірінен ерекшеленеді. 1,2- анықтамаларды салыстыру ауызша,       жазбаша       сөйлеушінің       қарама-қайшылығын       аңғарамыз.       Ерте дәуірлерде басымдылық алдында жазбаша мәтінге айтылғанның салғын көшірмесі ретінде қабылданды. Кейін жазбаша сөз алға шықты.

Риториканың яғни шебер сөйлеушінің мәнді-мағыналы элементі мақалдап, мәнерлеп, нақтылығымен жеткізу, айту шеберлігі болса керек. 

Шешендік өнер үш мақсатты көздейді: [1,6]

1.Сендіру;2.Рахаттану, ләзатқа бөлеу; 3.толқытып тебіренту.

Риторика 5 бөліктен тұрады:

              1.Материалды іздеп табу.

              2.Материалдарды орналастыру, жайғастыру.

              3.Сөзбен көркемдеу. 

              4.Есте сақтау.

               5.Айта білу. 

Басқару саласы мен іскерлік әлемде өздерінің кәсіби білімдерімен қатар жақсы сөйлеп, адамдарды сендіріп, өз көзқарасына бас идіретін, өзін және өзінің идеяларын жарнамалай алатын адамдардың табысқа жететіндігі белгілі. 

Сондықтан да  педагог мамандар үшін шешендік өнердің негіздерін меңгеру аса маңызды міндет. Педагогтың сөйлеу  шеберлігі оның шешен сөйлеу әдістері мен сөздік құралдарды таңдап ала білу мен олардың орындыорынсыздығын талдай  алуында, оларды тыңдаушылардың эмоционалдыеріктік және ақыл-ой мүмкіншіліктеріне сәйкес қолдана білуінде.

Қарапайым,  жатық, жақсы сөйлейтін  адамдардан  шешеннің айырмасыол қандай жағдайда, тыңдаушылардың қандай тобы үшін, қандай мақсатта шешендік өнер қолдану қажеттігін ажырата алуында. Сонымен, шешен біліктіліктерінің даму дәрежесіне байланысты. Дағды дегеніміз-адамның кез келген әрекетті жақсы атқаруы. Қалыптасқан дағдылардан адамның біліктілігі шығады.

Көпшілік       алдында       сөйлеу       үшін       педагог       үшін     төмендегідей біліктіліктерді меңгеруі  қажет:

—        сөзді өздігінен дайындау;    

—        дайындалған материалдарды түсінікті әрі дәлелді түрде тыңдаушыларға жеткізу;

—        тыңдаушылардың сұрағына жауап беру;

—        аудиториямен байланыс орнату және оны сөз аяғына дейін сақтау;

—        техникалық көрнекі құрал-жабдықтарды пайдалану т.б.;

Мұның барлығы өзінде мынандай дағдыларды қалыптастырғанда ғана мүмкін:

—        әдебиетті іріктеп алу;

—        іріктелген әдебиетті оқу;

—        жоспар жасау;

—        сөз мәтінін жазу;

—        аудитория алдында өзін-өзі ұстай алу; — уақытты бақылай алу.

Сөйлеуші осы аталған дағдылар мен біліктіліктің кейбіреулерін меңгермеген жағдайда оның тыңдаушылармен қатынасы онша әсерлі болып шықпайды.  Айталық сіз мәтінді жақсы құрасыз, бірақ оны аудитория алдында қарапайым, түсінікті тілмен баяндай алмаймыз. Немесе сізге аудиторияның назарын өзіңізге аударудың сәті түсті, бірақ сөз берілген уақыт ішінде сөзіңіздің басты мәселелерін баяндап үлгере алмадыңыз. Мүмкін сіз тыңдаушылардың сұрақтарына дәл жауап бере алмай, көпшілікке арналған сөздің құнын кетіреді.

Көпшілікке арналған сөз сөйлеуші өз сөзінің тақырыбын, мән-мазмұнын жақсы білгенде ғана сәтті болады. Егер шешен өз тақырыбын жақсы білетін болса, тыңдаушыларға қызғылықта фактілер айтып, бұл саладағы жаңа фактілерді  келтірсе, аудитория тарапынан болған сұрақтардың барлығына ұтымды, дұрыс жауап бере алса, онда оның сөзіне тыңдаушылар құлақ асады.

Шешен жан-жақты білімді, көп оқыған, ғылым, әдебиет, өнер, тахника, спорт, т.б. салалардан мол хабардар болуы қажет.

Шешен сөздің құраушысы ғана емес, сонымен бірге орындаушысы да. Сондықтан мазмұны қызық сөз дайындау жеткіліксіз, сонымен бірге оны айту, яғни шешендік өнердің әдістемесін меңгеру керек. Бұл жерде дауыс қарқындылығы, интонация  сөз екпіні мен ырғағы, кідіріс, бет, қол қимылдары (ым,ишара), өзін-өзі ұстау, мінез-құлқы-барлығы да маңызды. Аудиторияны өзінің сыпай мінезімен, сенгіштік пейілімен, жағымды даусымен, сыпайы күлкісімен, тағы басқа да тәсілдерімен өзіне қарата алған шешеннің сөзі сәтті, табысты шығады, керсінше, шешеннің өзіне-өзі сенбеушілік, жалтақ мінезі, жағымсыз бірсарында дауысы оның өзін де, сөзін де аудиторияның қабылдамауына себеп болады. 

Бекіту сұрақтары.

1.Риторика сөзінің мәні мен мағынасын атап көрсетіңіз.

2.Шешендік өнердің түрлері қандай?

3. «Риторика» терминдік атауының бастапқы әрі негізгі мағынасы нені білдірген? 

5.Шешендік өнер қандай мақсаттарды көздеген?

           Әдебиеттер:

1.Қазақтың тәлімдік ой пікірлер. А., 1994 ж

2. Б.Адамбаев « Шешендік сөздер» . А.Алматы, 1967 ж

3. Даналардан шыққан сөз.А., 1987 ж

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *