ӘДЕТ – адамның іс-әрекетіндегі мі- нез-қылығына байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда Ә. адамның белгілі бір іс-әре- кет түрін бұрынғы өмір тәжірибе- сінде қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене отырып жүзеге асыру- ға септігін тигізеді. Адамның тарихи дамуында ол көпшіліктің игілігіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналып, халықтық сипат алуы мүмкін. Ә. адам- ның қажеттілігін өтеуге сәйкес қай- таланып отыратын әрекет. Ол адам- ның кез келген іс-әрекетінің түрінде кездеседі. Еңбек сүйгіштік, жақын адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау алдында серуендеп, жуынып-шайы- ну – әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрлері. Ал ұстамсыздық, біреудің сө- зіне кесе-көлденең кірісіп, оны бөлу
– әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді. Ә. адамның тыныс-тіршілігінде бір- шама тұрақты қалыптасқан, бойына үйреншікті болып кеткен әрекеттің автоматтандырылған түрі. Оның дағ- дыдан айырмашылығы: мұны адам ылғи да қажетсініп тұрады және өзі бекітілген сәйкес жағдайларда үнемі тұрақты қайталанып тұрады.
Бұл – әрине адаммен көбінесе сана- ланбайтын және өзіндік реттелуге келмейтін мінез-құлық ерекшелігі. Әдеттердің өзі негізінен екі түрге – жақсы және жаман әдетке бөлінеді. Әдеттерден құтылу өте қиынға со- ғады. Олар тіпті организмнің психо- физиологиялық таптаурын реакция- ларына айналып кетеді. Ә. адамның ту- ма қасиеті емес. Ол өмір сүру проце- сінде пайда болып, бекиді. Жақсы әдет адамның, бедел-абыройын арттыру- ға, күш-жігерін, уақытын мақсат ет- кен пайдалы істерге жұмылдыруына, көп істерді тындыруына көмектесе- ді, бала-шағасы мен айналасындағы адамдарға үлгі-өнеге рөлін атқарады, ал жаман әдет керісінше мінез-құл- қына нұқсан келтіреді. Адамның іс- әрекетінің түр-түріне байланысты, сондай-ақ психикалық қасиеттерінің көрінуі ерекшеліктеріне қарай түрлі салаларға бөлуге болады.
Мысалы, гигиеналық-санитарлық әдеттер, мәдени әдеттер, еңбек әдет- тері және т.б. сияқты. Әдеттердің қа- лыптасуына шартты рефлекстер жү- йесі немесе динамикалық стереотип- тер негіз болады. Әдет-ғұрып белгілі бір жергілікті аймақта күші бар неме- се бір не басқа топтағы адамдардың қабылдаған, яғни әдетке айналған қылық ережелері: халықтық құқық және этикалық кодекс.