ӘДЕПТІЛІК

ӘДЕПТІЛІК – халқымыздың ұлт- тық психологиясының өзегі, иман- дылық пен адамгершіліктің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалып- тасқан қоғамдық санасының прак- тикалық көрінісі, барлық кісілік қа- сиеттердің жиынтығы. Әрине, «Тауы- на қарай аңы, заманына қарай за- ңы», «Әр елдің салты басқа, иті қа- ра қасқа» дегендей, әдептіліктің әр елде тарихи, әлеуметтік өзіндік ерек- шеліктері де болғандығы белгілі. Ал, қазақ халқының әдеп сақтау дәстүрі ешбір тапты, ұлтты, нәсіл мен жы- ныс айырмашылықтарын алаламай- ды. Онда релятивизм, абсолютизм, антитеза дегендер кездеспейді. Әдеп сақтау отбасында, ауыл-аймақ, ел- жұртта қалыптасқан мінез-құлық нор- маларын бұзбауға міндеттейді. Мұны бұзған адамға қауымдастық атынан сол ұжымның өкілі өз пікірін айтуға, тіпті тыйым салуға да ерікті, өйткені әдеп сақтау әлеуметтік дәстүр. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар.

Әдепті адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да біледі. Таби- ғаттың әсемдігі мен сұлулығына, әде- мілігіне әрбір адам зиян келтірмеуге тиіс. Мәселен, суды ластау, талды ке- су, қайнардың көзін ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көкті жұлу, ақ- қуды ату, құдыққа түкіру барып тұрған әдепсіздік. Әдеп сақтау мі- нез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтың өзіндік мі- нез-құлық кодексі.

Осы ереже бұзылса, халықтық дәс- түр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау халық- тық рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіп- ке, құлдық етіп, еріксіз бағыну емес, бұл ата дәстүрді құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершілік борышты өтеу. «Әдептілік әдемілік» дейді халық. Әдептілік ізеттілік, кіші- пейілділік, көпшілдік деген сөз. Отба- сындағы әдептілікті де әлеуметтік қарым-қатынастың негізі ретінде, әр адам қатаң қадағалап, бұзуға жол бермей, оны қалыптасқан ереже деп түсінуі қажет. Талап қою, әдептіліктің орындалуын талап ету бүкіл қазақ жұртының, оның мың-мыңдаған әу- леттерінің қастерлі міндеті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *