ӘЛАМ АД-ДИН ӘЛ-ЖАУҺАРИ

ӘЛАМ АД-ДИН ӘЛ-ЖАУҺАРИ (10-11 ғ.) – Отырардан шыққан лексикограф, ақын, ғалым Исмаил әл-Жауһаридің ұлы. Ол туралы деректер бізге 13 ғ-да өмір сүрген ибн Саид әл-Кифти мен неміс ғалымы Г.Зутер (1848-1922) арқылы жеткен. Ә.ад-Д. Әл –Ж-дің жастық шағы Аббас әулеті империясының күйреуі кезңнде өткен. Әйтсе де ол жасынан жақсы тәрбие алып, үлкен білім көздерінен сусындаған. Сұлтан сарайларында өтетін сөз зергерлері мен ғалымдар, ойшыл даналар, өнерпаздар кездесулеріне жиі қатысып, араласып тұрған. Ол араб, парсы, үнді халықтарының тілінде оқи да, жаза да білді. Ә.ал-Д.әл-Ж. шешендік өнерімен, терең ойларымен тыңдаушыны баурап алатын болған. Ол ата жұртынан шыққан,  әкесінің жерлестері атақты Аббас әл-Жауһари, Әбу Наср әл-Фараби, Исқақ әл-Фараби шығармаларымен таныс болды. Ә.ад-Д, әл-Ж. туралы тарихи деректер оның матем.саласында аса күрделі еңбектер жазғанын, астрон.аспаптар жасау және оларды пайдалану ісінде асқан шеберлігімен танылғанын мәлімідейді. Ә.ад-Д.әл-Ж.ғалым-ақындар санатына жатады. Оның көптген бәйіттері «Әйел көркі – жүзінде, Еркек көркі – ісінде» дегендей афоризмдік нақыл сарынында жазылған. Ә.ад-Д. Әл-Ж-дің ғыл.еңбектері мен поэзиясы әлі де болса зер сала қарауды, арнайы зерттеуді қажет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *