АШУ

АШУ – ыза, кейіс, реніш, араздық тү- рінде көрініс беретін адамның мінезі мен көңіл күйінің жағдайы. А. оған әсер еткен қолайсыз нәрселерге жауап ретінде ашулы, ызалы, кекті, қаһар- лы түрде көрінеді. Бойын А. – ыза кер- неп, мейірімсіздік көрсету, өңі түнеріп, жаман ниетті күй кешетін болса, адам әр қилы жаман істерге барып жауыз- дық әрекеттер жасауы мүмкін. Бұл жайт жоғары жүйке қызметіндегі тежелу процесіне ерік бермей күшті қозу процесінің ықпалында болды. А. ықпалына көну адамның өз еркіне ие бола алмай жағымсыз іс-әрекетке ұрынуын білдіреді. Мұндайда адам- ның бойын билеген көңіл күй А-ды жеңіп, оған тежеу жасап, адам өзін саналы түрде басқара алатын болуы керек. Қазақта «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, Ақылыңа ақыл қос» деген нақыл бар. Бойын А. кернеп, кек пен ызаға булыққан адам қатыгездік істерге ұры- нады. Өйткені оның бойын А. – ыза билеп, кейде ол өшпенділік іс-әрекет- терге баруы мүмкін. Ондай адам ашу- шаң, ызақор, кекшіл, қараниетті, арам ойлы болып келеді. А. – сезімдік-эмо- циялық күй. Сезімді әр кезде ақыл- ой, сана билейді. А-ын ақыл-санаға билеткен адам білікті әрі байсалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *