Сөз байытудағы қосымшалар орны

Сөз байытудағы қосымшалар орны
Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативті) тілдер қатарына жатады. Тіліміздегі сөз жасаудың ең өнімді тәсілі қосымшалар арқылы жүзеге асады. Қоғамның ғылым мен техниканың дамыған кезінде тілімізге еніп жатқан көптеген ұғымдар мен атауларға қазақ тілінен балама табуда сөз тудырушы қосымшалардың атқаратын қызметі ерекше. Қазіргі қазақ тілінде көптеген қосымшалар тілде жаңа сөз жасайтын қызметті атқарады. Мысалы: ­шы, ­ші, ­ лық, ­лік, ­лы,­ лі қосымшалары қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамынан ғана табылып қоймай, орыс тілінен енген сөздерге де жалғанып, жаңа сөз жасай алады. Мысалы: футболшы, аграрлық, инженерлік, техникалы т.б. Қосымшалардың сөзге жалғануының, жаңа сөз жасауының өзіндік заңдылықтары бар. Кез келген сөзге зат есім тудыратын қосымшалар жалғаса бермейді немесе басқа сөз таптарына тиісті жұрнақ жалғап жаңа сөз жасай алмаймыз. Тіл мәдениетінде ескеретін нәрсе қосымшалардың да атқаратын қызметін ескерумен бірге өзі жалғанған сөзге үстемелейтін лексикалық мағынасының бар екендігі ұмытылмау қажет. Қосымшалар өзі жалғанған сөздерге жаңа мағына үстейді немесе бүтіндей мағынаны өзгертеді. Жұрнақ арқылы жасалған жаңа сөз әдеби тілдің нормасына айнала беруі де шарт емес. Бірқатар сөздер әлеуметтік­тұрмыстық қолданыста жұмсалса, келесі бір сөздер термин ретінде айналысқа түседі. Қосымшалардың сөз жасаудағы қызметі тілдік талғам, күнделікті қолданыстағы қажеттілік, жұмсалу жиілігі, лингвисткалық заңдылықтар, ұлттық танымның шеңберінде жұмсалуы керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *