Сәукеле

Сәукеле – әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері – тәж, төбе, құлақ бау және артқы бойы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның асыл тас, алтын, күміс, ме руерт, маржанмен өрнектейді, биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішіне астар, сырт жағына бидай шүберек ұстап жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дұрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін оның тысының сыртынан зер жіптен тоқылған оқаларды белдеулеп басады. Оның етегін мақпалмен не қара барқытпен әдіптеп көмкереді. Ал маңдай тұсына зер не жібек шашақтың шоқтарын тағады. Шашақтың сәукелеге жалғасқан тұсын асыл тастан көз орнатқан алтын, күміс түйреуіштермен бекітеді. Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Сәукелеге ұзын құлақ бау тағады. Оны шеті шыр айналдыра зер не жібек жіппен шалып көмкеріледі, түбіне сәнді түйреуіш түйреледі.
Қазіргі кезде де кейбір жерлерде қалыңдықтың басына сәукеле кигізіп, ақ желек жабатындар де кездеседі.
(«Шаңырақ» энциклопедиясы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *