Сөз байлығы

Сөз байлығы
Сөз байлығы әр адамның лексикасындағы сөздердің мөлшері мен көлемімен байланысты дегенмізбен де ең негізгісі – ой байлығы. Сондай­ақ тілдегі бар сөздерді бір­бірімен жалғастырып, қиюластырып әсем де әсерлі жеткізу айтушымен сөйлеушінің ой көкжиегінен де елес береді. Бір сөзге бірнеше мағына сыйғызып әр сөзді мән мазмұн стиль бояумен жеткізу ойлау қабілетімен шығармашылық сипатпен ұштасады. Сөз байлығын терең білудің ендігі бір жолы халық тілінің дәстүрімен әдеп ерекшеліктерін меңгеру. Қазақ тілі көркем әрі әсем тіл дейміз. Осындай әсемдікпен көркемдік тілді бүгінгі дейінгі жеткізушілердің ой қабілетінің тереңдігі мен қиялының шексіздігін дәлелдесе керек.
Тілде лексикалық қабаттың үнемі дамып толығып, өсіп, өзгеріп отыратындығын білеміз. Бұл бірнеше тәсілдермен:
– сөз тудырушы қосымшалары арқылы;
– сөз мағынасының ауысуы арқылы;
– жаңа сөздер кіру арқылы;
– басқа тілден сөздер ену арқылы жүзеге асады.
Аталған тәсілдер тілді байытатын ең негізгі әрі бастылары болып саналады. Бұдан басқа тілде сөздің өзгеруі жаңа мағынаға ие болуы тұрақты сөз тіркестерімен сондай­ақ бір сөздің қоғамдық өзгерістерге қарай жаңаруы тәсілдерін атауға болады.
Сөздің зат пен құбылыстың, сан мен сапаның т.б. мағына түрлерінің белгілерімен тікелей байланысып, сол жөнінде нақты ой тудыруын тура мағына деп атайды. Мысалы: ақ көйлек дегендегі ақ – қара түске қарама­қарсы заттың түсі, ал ақ жүрек дегендегі ақ «таза», «адал», «пәк» деген мағыналарға ауысады.
Ауыспалы мағына – сөз мағынасын екінші бір мағынамен алмастыру, Ауыспалы мағынаның негізі тура мағынадан алынады. Ауыспалы мағына сөз тіркестері мен сөйлемде ғана анықталады. Жеке тұрғанда (тіркес, сөйлемге мүше болмаған жағдайда) сөз тек тура мағынада ғана болады. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорындағы сөздердің бір саласы – басқа тілден енген сөздер. Әсіресе, араб, парсы, орыс және орыс тілі арқылы енген Еуропа халықтарының сөздері көптеп кездеседі. Тілге сөз енудің өзі әр түрлі. Бірі ауызша ауызекі тілі арқылы кірсе, енді бірі жазба, хат арқылы кірген. Мысалы: кәмпит, самаурын, жәшік т.б. сөздері ауызекі тіл арқылы қолданысқа түскен. Бұлардың ерекшелігі алғашқы айтылу қалпы жазылу ережесіне сай болады. Ал енді бір сөздер жазба тіл арқылы кіргендіктен, сол тілдегі нұсқасы сақталады. Мысалы: лингвистика, термин, метафора, математика, биология, т.б.
Тілімізде ислам дінінің әсерінен, ислам мәдениетінің негізінде кірген көптеген сөздер бар. Кейбір сөздер қазақ тіліндегі бұрыннан бар байырғы сөздермен синоним болады. Мысалы: әтеш – қораз, хат – жазу, т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *