Жайықтың ақ түлкісі аралдағы
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан маралдағы, Қараймын томағымды ашыпжауып, Тауыңның ақиықшы Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып, шық бұралдағы.
Жаудырап екі көзің отырасың, Тұндырған шай секілді құмандағы.
Көзіме мұнарланып көрінесің, Түлкідей тура қашқан тұмандағы.
Сен болсаң алқызыл гүл, асыл еркем,
Мен – бұлбұл сайрап тұрған иран бағы.
(Ақан сері Қорамсаұлы)