Жұрт алдында сөйлеу

Жұрт алдында сөйлеу
Ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде және ауызекі тілде сөйлеу болып бөлінеді. Ауызша сөйлеу тілі күнделікті қарым­қатынаста жүретінін айтып өттік. Ал әдеби тілде ауызша сөйлеудің де бірнеше түрі бар. Оны жұрт алдында сөйлеу тілі деп те атайды. Жұрт алдында сөйлеу:
– баяндамашы, лекторлар;
– түрлі орындарда айтылар тілек, мадақ;
– құттықтау, көңіл айту, көңіл аулауға қатысты сөздерден құралады. Баяндамашылар мен лекторлар тілінің басқалардан ерекшелігі белгілі бір мәтінді дайындап, нақты тақырып аумағынан шықпай сөйлеу болса, әр түрлі орындарға айтылар тілек, мадақ сөздер мен той үстіндегі құттықтау, көңіл айту, сүйінші сұрау, көңіл сұрау дәстүрлеріне қатысты сөздер көбінекөп көркем, бейнелі, әрі қалыптасқан сөздер мен сөз тіркестерінен, кейде сөйлем деңгейіндегі тұрақты сөздерден құралады. Әрқайсысының сөз қолдану ерекшелігі, өз ойын тыңдаушыға жеткізу тәсілі әр қилы болса да, ортақтығы – айтуда қажетті тілдік орфоэпия заңдылықтарды меңгеру және сақтау. Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы – тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Айтар ойын жеткізуде сөйлеуші өз сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым­ишара, әр қимыл­қозғалысы арқылы да жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану, байланыстыруымен бірге оның сөзін құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.
Сөйлеушінің ым­ишара, қимыл­қозғалысының екіжақты қызметі бар. Ойды дәл, нақты жеткіздің көмекші құралы болса, екіншіден орынсыз, артық, жөнсіз қолданылса, тыңдаушыларына кері әсер етеді. Қандай жағдайда болсын ым­ишара, сезім, қимылқозғалыстың көмекші құрал екенін ескіріп, айтылатын тақырып мазмұнын ашатындай болуына назар аударылуы керек Қорыта келгенде жұрт алдында сөйлеуде:
– дауыс ырғағына, интонациясына, дауысты сан түрлі құбылтуға;
– сөйлемнің эмоционалды бояуына;
– сөйлеу темпіне;
– дауыс күшіне;
– сөздерді орфоэпия нормасына сай қоюға;
– қимыл­қозғалыс, ым­ишараны орнымен қоя білуге назар аударылу керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *