Оралхан Бөкейдің «Айпара ана» атты аңызынан үзінді берілген.
Айпара ана ұлының бетінен сүйген жоқ. Кең бітімді маңдайынан бір иіскеді де:
– Ал, балам, жортқанда жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын, екі баланы тірі алып қайта алмасаң, өлтіріп кет, – деді. Жандос үнсіз басын изеді. Сосын жүз қадамдай артына қайырылмастан атын жетелеп жөнеле берді де, жалт бұрылып:
– Хош! – деді Айпара ана. Айпара ана құбылаға бетін бұрды да:
– О, алла тағала! Менің күнәкарларға жападанжалғыз аттанған ұлыма рахманың түсіп, жортқанда жолын қыла көр. Білемін, бұл пәниде ешкім қалған ба. Мен де өлемін. Сен қаласың тек, сен қаласың… Сонда бізден тараған ұрпаққа басына қайғықасірет түсіп, одан құтылар шамасы сарқылып отырған шағында, құдыретіңе басын игіз де, тәубесін есіне түсір. Тәубесін есіне түсіргенің – тас жұтатын тәуекелшіл, әрі өз тағдырын өзгеге қолжаулық қылып, рәсуәләтпайтын өр, кекшіл қылғайсың. Егер менің халқым қай пайғамбардың үмбетіне бағынарын білмей тығырыққа тірелсе, егер менің халқым жер ортасы көктөбеде қаңырап қалса… тезге салатын да өзіңсің…
Уа, жаратушы жақсы ием, ұлым ғазиз істің жолында шейіт болса, арман не, елімді сойқан соғыстан, дұшпанға таба қылар жаманаттан аулақ қыла гөр. Көз жасын көр қазақтың, әумин!»