Сібір жазбалары

2. Сібір жазбалары
… Мен өзім қазақ арасында тұрып, мынаған көзім әбден жетті: оларда анархия емес, қайта тек өзіндік, біздегі мәдени қатынастардан айрықша, алайда өзінше қалыпқа түскен мәдени қатынастар үстем болып отыр…
Қазақтардың өткен жүз жылдығы тарихынан бізге мәлім болып отырғандай, егер де ол шеткіз­шексіз далада соншалықты тентіреп көше берген, соншалықты ұрыстар мен шапқыншылықты басынан өткірген болса, онда кез келген отырықшы тайпа баяғыда­ақ қырылып жойылып кеткен болар еді; ал, керісінше, көшпенділер үшін бұл бақытты кезең болды, өйткені нақ осы жағдайларда қазақтардың байлығы тасып, ықпалы артқан еді. Кең­байтақ далада өмір сүрген қазақтардың тілі жағынан тұтас бірлікте болып, Каспий теңізі мен Жоғарғы Ертіс қазақтары тіліндегі диаллектілік айырмашылық онша­мұнша аңғарылмайтынына қарамастан, барлық жерде де олардың салт­дәстүрлерінің, әдет­ғұрыптарының, тұрмысының, мінез­құлқының бірдей болуының аңғарылуыңа қарамастан, барлық уақытта да олардың басқа түркі тектес халықтарының елеулі айырмашылығы бар…
Дүйім халық жиналған барлық көпшілік той­думандарда әдетте ақындар қатысушыларды тарихи жырлармен, сондай­ақ ақындар сайыстарында және мадақтау өлеңдерін орындау кезінде өздерінің суырып салма өнерлерін орындау кезінде өздерінің суырып салма өнерімен еліктіреді. Ақындар мейлінше көп. Оларды барлық жерлерде қуана қарсы алады. Қазақтар тамаша шешен сөйлеп, әңгіме айтуды ұнатады, күлдіргі әзілді жиі айтады. Олардың әңгімелері әзілге, сықаққа толы келеді. Сондықтан да қазақтарда аса бай халық поэзиясының болуына еш таңдануға болмайды.
… Өз көршілестеріне қарағанда қазақтардың арасында шешендік өнер дамыған…. Қазақтың әр сөзді ойнақы ететіні соншалық, ол өлең сөзде ұзын сонар суырып салма шешендік өнерін танытып қана қоймайды, сонымен бірге оның әдеттегі тілі, сөздер мен тіркестер құрылымында белгілі бір әуен­ырғақпен ерекшеленеді, сөз төркіні айқын да дәлме­дәл мағына береді, демек қазақтарды Батыс Азияның француздары деп атауға толық негіз бар. Менің жазғанымдай, нақ осы халықтың өте­мөте бай халық әдебиеті пайда болғанына еш таңдануға болмайды…. (В. Радлов)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *