Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы жөніндегі заметкалар
(үзінді)
…Егер Гомердің ертегі жырлары мен Геродоттың халық аузынан естіп жинаған аңыздары қаншалықты тарихи қастерлі болса, егер бұрмаланған, шексіз аңыз атаулының негізінде оқиға мен шындық болса, онда өздерінің атабабаларының тұрмысын бейнелейтін және салыстырған кезде тарихи нұсқалармен бәрбәрінде үйлесетін қазақтардың жағымды және дәйекті аңызжырларының, олардың өмір салтының, әдетғұрыптарының, сондайақ қазіргі үлгіөнегелерінің тарихи маңызға ие болуы күмәнсіз. Қоғамның бүкіл көпшілігінің сезінуіне, өмірі мен процесіне байланысты таза халықтық ақылой туындылары ретінде, ақыр соңында, бір адамның атынан айтылғандай бүкіл халықтың аузынан тараған туындылар… ретінде бұл аңызжырлар тарихи да, филологиялық та, психологиялық та ынтаықыласқа лайықты.
Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар… Сахарада тынысыңыз бір түрлі кеңейіп, ойөрісіңіз де қанат жаза түседі, онда етекжеңді кеңге салып, емінеркін жүресіз. Ұшықиыры теңіздей шексіз даланы неше алуан шөп басып, үлбіреген нәпнәзік гүлдер бейне жасыл дастарқандай боп жайылады… (Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік жанға жайлы бір сыр бар…)
…Қазақтар өздерінің көне аңыздары мен нанымдарын соншама балауса күйінде сақтап келгеніне таңтамаша қаласыз, бүкіл шексіз даланың шалқар шетінде, әсіресе өлеңқиссаларының бірдей үндесуіне одан бетер таңтамаша қаласыз және оларды салғастырып қарар болсаңыз түпнұсқасы егіздің сыңарындай барабар келеді.
Халық аузындағы нақыл сөздері зерттеудің этнография үшін маңызы бар, өйткені халықтың тұрмысы мен әдетғұрпы ондай сөздерден айқынырақ көрінеді.
(Ш. Уәлиханов)